БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамп АҚШ-тан тыс жерде түсірілген фильмдерге 100% баж салығын енгізбек

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Трамп АҚШ-тан тыс жерде түсірілген фильмдерге 100% баж салығын енгізбек

АҚШ президенті Дональд Трамп ел аумағынан тыс түсірілген барлық фильмдерге 100 пайыздық баж салығы енгізілетінін ескертті. Ол бұл туралы 29 қыркүйек, дүйсенбі күні Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Біздің киноиндустриямызды басқа мемлекеттер Америка Құрама Штаттарынан тартып алды, бұл бала қолынан кәмпитті жұлып алғандай болды», — деді. Ол жаңа баж салығын енгізем деп уәде берді, бірақ мерзімдерін нақтылаған жоқ.

Netflix пен Warner Bros Discovery акциялары сауда ашылғанда тиісінше 0,4% және 0,2% төмендеді. Ал Walt Disney бағамдары 0,5% өсті.

Reuters еске салғандай, Трамп мұндай алымды мамыр айында да енгіземін деп қорқытқан, алайда сол кезде де ешқандай егжей-тегжейлі мәлімет бермеген. Бұл қадам ойын-сауық индустриясы басшылары арасында біршама түсінбеушілік тудырған еді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары