БастыReview
Бөлісу

Netflix Disney-ге айналып бара ма

Роман  Могучий

Роман Могучий

Netflix Disney-ге айналып бара ма

Netflix стриминг сервисі жыл соңына дейін Филадельфия мен Техаста екі ойын-сауық саябағын ашуды, ал 2027 жылы Лас-Вегаста тағы бірін іске қосуды жоспарлап отыр. Компания ойын индустриясы мен спорт трансляцияларына белсенді инвестиция салып, телешоулар нарығын «айқын өсу нүктесі» деп атады. Кинотеатрдан тыс кеңею стратегиясы Netflix-ті барған сайын Disney-ге ұқсатуда. Onivest үшін журналист Роман Могучий зерттеуінде бұл стратегия компанияны триллион долларлық капитализацияға жеткізе ала ма?

Триллионға бағыт

2025 жылы Netflix өзінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – жазылушылар санын жариялауды тоқтатты. Компания инвесторларға басты назарды табыс пен операциялық пайдаға аударуды ұсынды.

Құрылтайшылардың бірі Грегори Питерстің айтуынша шешім кірістер моделін жетілдіру, бағалардың әртүрлі деңгейін енгізу және жазылушылар санына тәуелсіз жаңа табыс көздерін іздеумен байланысты.

Кей сарапшылар бұл өзгеріс инвесторларды алаңдатуы мүмкін деп болжаған еді. Бірақ күдік орындалмады: 2024 жылдың сәуірінен бастап акциялар бағасы $555-тен $1200-ге дейін өсті, капитализациясы $500 млрд-тан асты. Компания 2025 жылы $44,8–45,2 млрд табыс күтеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға көп. Жаңа мақсат — 2030 жылға қарай $1 трлн капитализация.

Тікелей эфир және спорттағы қиындықтар

2024 жылдың соңында Netflix жазылушылары 301,6 млн адамға жетті. Оның 30%-ы АҚШ пен Канадаға тиесілі, бұл аймақтар компания табысының 45%-ын береді. Бірақ қаныққан нарықта (пайдаланушылардың 95%-ында кемінде бір стриминг бар) өсу қиын.

Amazon Prime, Peacock, Max спорттық трансляциялар ұсына бастаса, Netflix тек WWE рестлингін сатып алып, оны үздік 10 контент қатарына шығарды. Компания MLB бейсбол лигасымен келіссөздер жүргізуде, NBA және US Open матчтарын көрсету мүмкіндігін қарастырды, Рождествода NFL ойындарын көрсетті.

Bloomberg жазғандай, Netflix спорт нарығында артта қалуда. Сарандос компания стратегиясының тек спортпен шектелмейтінін атап өтті.

YouTube: блогерді сатып алу

«Біздің ең үлкен мүмкіндігіміз – YouTube пен бізге тиесілі емес 80% экран уақытын алу» – дейді Грег Питерс.

Netflix 2016 жылдан бастап блогерлермен жұмыс істей бастады. Мисс Рэйчел секілді инфлюэнсерлер арқылы балалар аудиториясын тартты. Оның роликтері YouTube-та миллиардтаған қаралым жинаса, Netflix-та өнімдері 53 млн рет қаралды.

Сарандостың айтуынша YouTube контентті блогерлердің өзіне қалдырса, Netflix продакшнға ақша салуға дайын. Сол себепті YouTube-тағы Inside, Pop the Balloon секілді шоу енді Netflix-те шыға бастады, бірақ әзірге қаралым саны төмен.

Level-up: ойын индустриясы

2021 жылдан бері Netflix ойындарға $2 млрд инвестиция салды. Қазір 140-тан астам ойын ұсынады, бірақ олардан тікелей табыс жоқ. Дегенмен күнделікті аудиториясы 1 млн адамнан асты.

Компанияның мақсаты – ойындарды смарт-ТВ қосымшасында дамыту. Партиялық ойындар мен балаларға арналған жобалар негізгі бағытқа айналмақ. «Жаңа ұрпақ PlayStation емес, кез келген экран арқылы ойын ойнауды қалайды», – дейді ойын бөлімінің басшысы Алекс Таскан.

2025 жылы Netflix Ads Suite толық іске қосылды. Компания жаңа форматтар мен автоматтандырылған жарнаманы ұсынып, жарнамалық кірісті екі есе арттыруды көздейді. Сарапшылар 2026 жылы табыс $3 млрд-қа жетуі мүмкін деп болжайды.

Netflix House: сериалдар әлеміне саяхат

2025 жылдың соңында Филадельфия мен Техаста алғашқы Netflix House ойын-сауық саябақтары ашылады. Ал 2026 жылы – Лас-Вегаста.

Аттракциондар «Уэнсдэй», «Stranger Things», «Игра в кальмара» секілді сериалдарға арналмақ. Сондай-ақ VR аймақ, минигольф, Netflix Bites мейрамханалары мен мерч дүкендері ашылады.

Бұл қадам Disney-дің дәстүрлі бизнесін еске салады. Мысалы, KPop Demon Hunters мультфильмі 184 млн қаралым жинап, Netflix тарихындағы ең танымал анимацияға айналды. Саундтрегі чарттарды бағындырды, ал мерч өнімдерінің саны «Игра в кальмараның» үшінші маусымынан да асып түсті.

Netflix-тің Disney жолына түсуі – амбициялық әрі тәуекелді қадам. Ойындар, спорт, оффлайн саябақтар мен жарнама платформасы компанияны жаңа деңгейге шығара алады. Бірақ шығындар да артуда. Қазір Netflix-тің капитализациясы $517 млрд, ал ғасырлық тарихы бар Disney – небәрі $202 млрд.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары