Netflix аудиториясының өсімі баяулай бастауы мүмкін
Акциялар өткен жылы 60%-ға өсті, бірақ бұл қарқын жалғаспайтын сияқты

Netflix
видеостриминг сервисінің жазылушылар санының жедел өсуі таяуда баяулауы мүмкін,
өйткені құпиясөздерді ортақ пайдалануға қарсы күрестің әсері әлсіреп келеді,
деп ескертті MoffettNathanson сараптама компаниясы. Ал жазылушылар санының
артуы – Netflix акцияларының құнын 2024 жылы 60%-ға көтерген негізгі
факторлардың бірі еді. Компания аудиториясын кеңейтудің басқа да жолдарын
қарастырып жатыр, бірақ олардың әлеуеті шектеулі.
Толығырақ
Соңғы екі жылдағы
Netflix жазылушыларының негізгі өсімі басқа біреудің аккаунтын пайдаланған
адамдардың өз жеке жазбаларын тіркеуі есебінен болды. Бұл үрдіс компанияның
ортақ құпиясөзді қолдануға қарсы күрес бастауынан кейін орын алды, деп
мәлімдеді, деп жазады MoffettNathanson MarketWatch-қа сілтеме жасап. Яғни,
Netflix жаңа көрермендерді емес, бұрыннан бар пайдаланушыларды төлеуге
мәжбүрлеу арқылы табысын арттырды.
«Бұл Netflix-тің
жаһандық жазылушылар санының жоғары қарқыны абоненттік базаның кеңеюін
білдірмейтінін көрсетеді. Керісінше, бұл компанияның өз аудиториясын табысты
түрде монетизациялауымен байланысты», – деп атап өтті сарапшылар.
Алайда
құпиясөздерді ортақ пайдалануға қарсы күрестен туындаған өсім қазірдің өзінде
баяулап келеді. Бұл үрдіс қанша уақытқа жалғасатыны белгісіз.
«Netflix алдағы
бірнеше тоқсанда контенті мен жарнамасы бар жаңа арзан тарифінің есебінен
жазылушылар санының айтарлықтай өсімін көрсете беруі мүмкін. Алайда, ортақ құпиясөз
қолдануға қарсы күрестің әсері біртіндеп бәсеңдейді деп күтеміз.», – дейді
сарапшылар.
Инвесторлар
үшін маңызы
Netflix акциялары
2024 жылы 60%-ға қымбаттады. Бұл өсім, негізінен, жазылушылар санының артуымен
байланысты болды, өйткені олар стриминг сервисінің табысын ұлғайтты.
2023 жылғы
мамырда құпиясөздерді ортақ пайдалануға қарсы шаралар қолға алынғаннан бері
Netflix жазылушыларының саны 27%-ға өсіп, 238 миллионнан 301 миллионға жетті.
MoffettNathanson
2024 жылдың екінші жартысындағы деректерді талдай отырып, бір қызық тенденцияны
анықтады: жазылушылар саны 11%-ға артқанымен, олардың белсенділігі, яғни
күнделікті көру уақыты 6%-ға төмендеді. Бұл аудиторияның шын мәнінде кеңейгенін
емес, бұрын ортақ аккаунт пайдаланған адамдардың жеке жазылымға ауысқанын
көрсетеді.
Netflix 2025
жылдан бастап жазылушылар санын ашық жариялауды тоқтатады. Компания
инвесторлардың назары табыс пен басқа да қаржылық көрсеткіштерге көбірек
ауғанын қалайды.
Акциялар
бағасы қандай өзгеріске ұшырады?
Netflix акциялары
6 наурызда 8,5%-ға арзандап, $906,4 деңгейіне түсті. Бұл – 21 қаңтардан бергі
ең төменгі көрсеткіш. Қазіргі бағасы 14 ақпандағы тарихи максимумнан 14%-ға
төмен.
2025 жылдың
басынан бері Netflix акциялары 1,7%-ға, ал соңғы 12 айда 49%-ға қымбаттады.
MarketWatch
мәліметінше Netflix-тің акцияларын бақылап отырған 54 сарапшының 37-сі оларды
сатып алуды (Buy және Overweight рейтингтері), 15-і ұстауды (Hold), ал 2-еуі
сатуды (Underweight) ұсынады. Уолл-стриттің ортақ болжамы бойынша, Netflix
акцияларының мақсатты бағасы – $1081,4, бұл қазіргі нарықтық бағадан 19%-ға
жоғары.








