БастыЖаңалықтар
Бөлісу

UBS ЖИ-инвесторлар үшін болашағы зор үш «көзге түспейтін» акцияны атады

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
UBS ЖИ-инвесторлар үшін болашағы зор үш «көзге түспейтін» акцияны атады

UBS сарапшысы Тимоти Аркури инвесторлардың назарын аударуға тұрарлық үш «көзге түспейтін» ЖИ-акцияны атады. Оның айтуынша, Nvidia секілді ірі техногиганттар мен айқын ЖИ-бенефициарлардан бөлек, нарық келесі ЖИ өсу толқынынан пайда таба алатын, бірақ аз танымал компанияларды қалқада қалдырып отыр. Аркуридің түсіндіруінше, нарық көшбасшыларының табысы әсіресе чип өндірісіне арналған жабдықтар сегментіндегі тар бағытты компаниялардың дамуын ынталандырады.

«Біз қарқынды сұраныс өсімін және Nvidia-ның озық технологияларға көшуін қатар бақылап отырмыз — осының бәрі уақыт өте келе жеткізу тізбегі бойынша тарайтын болады», — деді UBS сарапшысы Business Insider-ге берген пікірінде.

UBS тізіміне қай акция кірді?

— Жад чиптерін өндіретін Micron Technology. Компания акциясы 2024 жылдың желтоқсанында чипке сұраныстың әлсіз болжамы салдарынан арзандағанымен, биыл бизнес нәтижелері мықты болды. Сарапшының айтуынша, Micron циклдік бизнес моделінен неғұрлым тұрақты құрылымға өткен сайын, нарық компанияның әлеуетін қайта бағалай бастайды.

Жыл басынан бері Micron нарықтық құны 160% шарықтады. Компания акциясының қозғалысын қадағалап отырған сарапшылардың 93%-ы сатып алуға кеңес берді (Buy және Overweight рейтингі). Алайда Уолл-стриттің консенсус-бағасы — $214, қазіргі $218 бағасынан төмен, деп жазды MarketWatch.

— Жартылай өткізгіштерге арналған жабдық өндіретін Lam Research. Сарапшы компанияны жартылай өткізгіш жабдықтары саласындағы сүйікті акциясы деп атады. Оның айтуынша, Lam котировкасының өсуінің басты драйвері — ЖИ технологиясын дамытып жатқан ірі ауқымды (hyperscale) компаниялар тарапынан есептеу қуатына деген сұраныстың артуы. «Егер сіз есептеу қуатын қаншалықты арттыру керектігін, қанша жад қосылатынын, бұл инфрақұрылымды құру қанша тұратынын және қанша жабдық сатып алу қажет болатынын есептесеңіз — бұл өте үлкен сан болмақ», — деді UBS сарапшысы.

Жыл басынан бері Lam Research қағазы 115% өсті, ал Уолл-стриттің орташа мақсатты бағасы алдыңғы саудадағы жабылудан 3,5% өсу әлеуетін көрсетеді. Компания акциясына рейтинг берген 34 сарапшының 24-і сатып алуға кеңес берді (Buy және Overweight), бейтарап (Hold) — 9, ал сатуға (Underweight) — 1 сарапшы кеңес берді.

— Автоматтандырылған сынақ жабдықтарын өндіретін Teradyne. Бұл Аркури тізіміндегі нарықтық капитализациясы ең кіші компания — $23,4 млрд. Сарапшының айтуынша, Teradyne котировкасының өсуінің басты драйвері — жасанды интеллект инфрақұрылымының қарқынды дамуы, себебі компания микросхемаларды тестілеуге арналған жабдық шығарады, ал онсыз жартылай өткізгіш өндірісін кеңейту мүмкін емес. «Мұндай тестерлерді әлемде тек екі компания жасайды: бірі — жапондық Advantest, екіншісі — бостондық Teradyne», — деп атап өтті Аркури.

2025 жылы Teradyne акциясы 17% қымбаттады. Уолл-стрит сарапшыларының пікірі екіге бөлінді: 20 сарапшының 10-ы сатып алуға кеңес берді, ұстауға — 6, сатуға — 4 сарапшы кеңес берді. Орташа мақсатты баға — $143,6, бұл алдыңғы саудадағы жабылудағы $147,5-дан сәл төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары