БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Уолл-стриттегі Tesla мен Apple-дің басты жақтаушысы болжамын күрт төмендетті

Екі компанияның акциялары құлдырады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Уолл-стриттегі Tesla мен Apple-дің басты жақтаушысы болжамын күрт төмендетті

Атақты Wedbush талдаушысы Дэн Айвз — Уолл-стриттегі Tesla мен Apple акцияларының ең белсенді жақтаушыларының бірі — аталған екі компанияға қатысты мақсатты баға болжамын күрт төмендетті. Оның айтуынша компанияларға Ақ үйдің жаңа баж салығы және Қытайдың қарсы шаралары айтарлықтай соққы келтіруі мүмкін. Tesla жағдайын одан әрі қиындатып отырған — сатылымның төмендеуі мен беделге нұқсан келтірген дағдарыс.

Толығырақ

Айвз Tesla акцияларының мақсатты бағасын бірден 43%-ға төмендетті — $550-ден $315-ке дейін. Бұған себеп — АҚШ-тың Қытайға қарсы жаңа баждары және Дональд Трамп әкімшілігі кезінде Илон Масктың екіұшты позициясы, деп жазады MarketWatch. Tesla-ның 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы жеткізілімдері соңғы үш жылдағы ең қатты төмендеу болды. Айвздың пікірінше өткен аптада енгізілген баж салықтары Tesla-ның Қытайдағы негізгі нарығына ауыр соққы болды. Брендтің репутациясын басқарудағы қателіктерді ескере отырып, Tesla әлем бойынша болашақ клиенттерінің кем дегенде 10%-ын жоғалтты, дейді ол. «Бұл — Илон Маск үшін шындық сәті: не бағытын өзгертеді, не компанияны қиын күндер күтеді», — дейді Айвз.

Apple акцияларының болжамды бағасын Айвз 20%-ға — $325-тен $250-ге дейін төмендетті. Ол жаңа баж салықтарын компания үшін «апатты» деп атады: қазіргі таңда iPhone құрылғыларының 90%-ы Қытайда өндіріледі, ал 9 сәуірден бастап Қытай мен Тайваньнан келетін импортқа баж мөлшерлемесі тиісінше 54% және 32% болады. Бұл шығындарды күрт арттырып, сұранысты төмендетеді. Айвздың айтуынша бұл COVID-19 кезіндегі жағдай сияқты уақытша мәселе емес. iPhone жеткізу тізбегінің кем дегенде 10%-ын Азиядан АҚШ-қа көшіру үшін кемі үш жыл және $30 млрд қажет. Сондықтан қысқа мерзімді келешекте Apple-дің маржасына соққы «сескенерлік» болуы мүмкін.

Нарықтағы реакция

7 сәуірде Нью-Йорктағы алдын ала саудада Tesla акциялары шамамен 10%-ға дейін құлдырады, бірақ кейінірек шығындарының бір бөлігін қайтарып, 5,4% минуста қалды. Apple акциялары 2,5%-ға төмендеді. Бұған дейін, 4 сәуірдегі негізгі сессияда, әлемдегі ең қымбат автокөлік компаниясы — Tesla нарықтық құнының 10,4%-ын жоғалтты, ал Apple — 7,3%.

Уолл-стрит не дейді

Нарық сарапшыларының орташа бағасы бойынша Apple акцияларын сатып алуға (рейтинг — Overweight), ал Tesla қағаздарын ұстауға (рейтинг — Hold) кеңес беріледі. FactSet ұсынған орташа мақсатты бағалар әлі де жоғары: олар Apple акцияларының 33%-ға, ал Tesla қағаздарының 47%-ға өсуін болжайды.

Контекст

2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Tesla тарихындағы ең ауыр тоқсандық құлдырауға тап болды. Бұған АҚШ-тың сауда және экономикалық саясатына қатысты белгісіздік себеп болды. Еуропада Tesla-ның позициясына Илон Масктың саяси «улануы» кері әсер етуде — ол оңшыл партияларды қолдап, тұтынушылардың наразылығына ұшырады. АҚШ-та да жағдай күрделі: Масктың федералды билікке араласуына қарсы наразылықтар сату көлеміне кері әсер етті.

Apple акциялары ұзақ уақыт бойы нарықтық күйзеліс кезінде сенімді актив ретінде қарастырылып келген. Алайда қазіргі жағдай бұл мәртебені сұрақ астына қоюда. 2025 жылы iPhone өндірушісінің акциялары ширек бөлікке арзандап, нарықтағы басқа компаниялармен салыстырғанда әлсіз көрінді. Apple табысының өсу қарқыны баяулағанына қарамастан оның акциялары басқа технологиялық алпауыттармен салыстырғанда қымбатырақ саудалануда. Бұл фактор оны «қауіпсіз аймақ» ретінде қарастыруды барған сайын негізсіз ете түсуде, деп жазады Bloomberg.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары