Valentino брендінің дизайнері және негізін қалаушы Валентино Гаравани қайтыс болды.

Италиялық дизайнер, Valentino сән брендінің негізін қалаушы Валентино Гаравани қайтыс болды. Бұл жаңалықты Валентино Гаравани мен Джанкарло Джиамметти қоры дизайнердің Instagram парақшасындағы жазбада жариялады. Гаравани 93 жаста еді.
«Валентино Гаравани бүгін Римдегі үйінде, отбасы мен жақындарының қоршауында қайтыс болды», – деді қор мәлімдемесінде. Жуу рәсімі 23 қаңтар, жұма күні Римде өтеді.
1959 жылы Гарави өзінің атымен аталатын «Валлентино» сән брендін құрды. Ол «XX ғасырдың ұлы кутюрлерінің соңғысы әрі республикалық дәуірде тәж киген, тақтан тайған, Голливудтық және әлеуметтік ортадағы ханшайымдардың әр түрі үшін патшалық бейнені анықтаған дизайнер» деп жазады The New York Times. Газет жазуынша, Валентино тек жоғары қоғамның дизайнері ғана емес, өз сарайларымен, саяхаттайтын салтанатты қабылдауларымен және өзіне тән қызыл реңкпен олардың теңдесіне айналды.
Valentino брендінің 30%-ы қазір француз холдингтік компаниясы Kering-ке тиесілі, ол сондай-ақ Gucci брендінің иесі. Kering өз үлесін 2023 жылы сатып алды. Қалған 70%-ы Mayhoola компаниясына тиесілі, бірақ Kering-тің осы акцияларды да сатып алу опционы бар, ол 2029 жылы аяқталады.








