БастыSmall Caps
Бөлісу

YouTube-тың бәсекелесі Vimeo-ны сатып алу туралы жаңалықтан кейін акциялары 63% өсті

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
YouTube-тың бәсекелесі Vimeo-ны сатып алу туралы жаңалықтан кейін акциялары 63% өсті

10 қыркүйекте бейнероликтер жасауға арналған платформа иесі Vimeo компаниясының акциялары бір күнде 61% өсіп, рекорд жаңартты. Бұл көрсеткішке итальяндық Bending Spoons конгломератының Vimeo-ны сатып алатыны туралы жарияланымы себеп болды. Аталған компания Evernote пен WeTransfer сияқты танымал қосымшалардың иесі. Осы мәміле нәтижесінде Vimeo қор нарығынан кетеді. Бұған дейін биржада жария түрде жұмыс істеген компания өсімді қамтамасыз ету мен қысқамерзімді қаржылық күтілімдер арасында тепе-теңдік сақтауда қиындықтар көріп келген еді, деп мәлімдеді брокер-дилер Noble Capital Markets.

Егжей-тегжейлі

10 қыркүйекте, сәрсенбі күні Vimeo-ның акциялары 61%-ға өсіп, $7,74-ке жетті — бұл көрсеткіш 2022 жылдың ортасынан бергі ең жоғарғы деңгей болды.

Инвесторлардың қызығушылығын итальяндық Bending Spoons компаниясының Vimeo-ны сатып алу жоспары оятты. Бұл компания сондай-ақ Evernote, WeTransfer және Meetup қосымшаларының иесі ретінде танымал.

Жоспарланған келісім аясында Vimeo жалпы $1,38 млрд-қа немесе бір акция үшін $7,85-ке бағаланған. Бұл — 9 қыркүйекке дейінгі 60 күн ішінде қалыптасқан орташа акция бағасынан 91%-ға артық. 9 қыркүйек күні сауда $4,81 деңгейінде жабылған еді. Егер осы бағамен салыстырсақ, Vimeo акционерлері үшін 63% үстеме пайда қарастырылған.

«Стратегиялық баламаларды жан-жақты саралағаннан кейін, директорлар кеңесі бірауыздан бұл мәміле акционерлер үшін тиімді және кепілді нәтиже әкелетінін және компанияның стратегиялық даму жоспарын жеделдетуге мүмкіндік беретінін мойындады», — деді директорлар кеңесінің төрағасы Гленн Х. Шиффман (оның сөзі ресми хабарламада келтірілген).

Мәміле 2025 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Vimeo-ның директорлар кеңесі бұл шешімді мақұлдады, енді акционерлер мен реттеуші органдардың келісімі қажет.

Мәміле толық аяқталған соң, Vimeo жеке меншік компанияға айналады, яғни оның акциялары биржада саудаланбайды.

Bending Spoons бас директоры және негізін қалаушылардың бірі Лука Феррари мәміле аяқталғаннан кейін АҚШ-та және басқа да басым нарықтарда Vimeo-ны дамытуға ауқымды инвестициялар салынатынын, сондай-ақ компанияның барлық негізгі бағыттары бойынша өрлеу жоспарларын атап өтті.

Бұл мәміле Vimeo мен оның акционерлері үшін нені білдіреді?

Noble Capital Markets компаниясының сарапшыларының пікірінше бұл сатып алу — Vimeo үшін жаңа кезеңнің басталуы, әрі бастапқы бағытына қайта оралу. Ашық биржада жұмыс істеген кезде компания инновациялық өсім мен қысқа мерзімді қаржылық нәтижелер арасында ымыра іздеуге мәжбүр болды.

Компанияның жеке меншікке өтуі инновацияларға инвестиция құюда икемділік береді, әсіресе корпоративті қызметтер мен бейне ағындарын (стриминг) басқару шешімдеріне қатысты, деп жазылған Noble шолуында.

Сондай-ақ Vimeo жасанды жады (ЖЖ) негізіндегі мүмкіндіктер портфелін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл – бейне өндірісінде, монтаждауда және таратуда технологияның рөлінің артуымен тығыз байланысты. Сарапшылардың айтуынша бүгінгі таңда бейне платформалар компаниялардың стратегиялық құралдарына айналып отыр: олар коммуникация мен маркетинг үшін видеоны көбірек қолдана бастады.

Noble сарапшылары бұл мәміле акционерлерге үлкен пайда әкеледі деп есептейді. Себебі қазіргі уақытта компания акцияларының бағасы оның ұзақ мерзімді әлеуетін толық көрсетпей отыр. 91% көлеміндегі үстеме Bending Spoons компаниясының Vimeo-ның болашағына, бренді мен тұтынушылық базасына деген сенімін айғақтайды, деп қорытындылады сарапшылар.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары