Жасыл энергиядан ғарышқа дейін: қарастыруға болатын бес италиялық small-cap

Италиялық small-cap компаниялары жиі көлеңкеде қалып жатады, бірақ олар айтарлықтай өсу мүмкіндігін ұсынады: энергетика мен өнеркәсіптік жабдықтан бастап аэроғарыштық технологияларға дейінгі жаһандық сұранысы бар тар маманданған бағыт мұнда шоғырланған. Кейбір компаниялар ірі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардан қолдау алса, басқалары M&A мәмілелері арқылы қарқынды өсуде.
Freedom24 Италия кеңсесінің басшысы Франческо Бергамини болашағы бар бес small-cap акциясын және олардың негізгі өсім драйверлерін атады. Оның пікірінше әсіресе «жасыл» энергетика, қорғаныс, телекоммуникациялық және өнеркәсіптік технологиялар салалары тұрақты табыс пен ұзақмерзімді өсім әлеуетін қатар ұсынады.
Экономика қайта жанданып келеді
Болжам бойынша 2025 жылы Италия экономикасы шамамен 1,1% өседі — стагнация кезеңінен кейінгі шамалы, бірақ маңызды серпіліс. Инфляциялық қысым мен жаһандық жеткізу тізбектеріндегі үзілістерге қарамастан, елдің өнеркәсіптік базасы беріктігін сақтап тұр. Осындай жағдайда шағын капитализациялы компаниялар энергетикалық ауысым, аэроғарыш және «ақылды» индустрия жабдықтары сияқты тез дамып жатқан сегменттерге қатысуының арқасында ерекше тартымды көрінеді.
«Жасыл» энергетикаға салынатын инвестициялардың артуы және Leonardo сияқты ірі аэроғарыштық компаниялардың тұрақты табысы ел экономикасы үшін ұзақмерзімді оң перспективаларды қалыптастырып отыр.
Сонымен қатар, ұлттық қалпына келтіру және орнықтылық жоспары (PNRR) сияқты ауқымды мемлекеттік бастамалар инфрақұрылым мен инновацияға құйылатын инвестицияларды ынталандыруда. Мемлекеттік бағдарламалардың табысы мен белсенді M&A нарығы Италия экономикасының негізгі секторлары қарқын алып, еуроаймақтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп жатқанын көрсетеді.
Үш сектор, бес акция
Франческо Бергамини жыл соңына дейін италиялық small-caps өсімін айқындайтын үш негізгі трендті атап өтті.
— Энергетикалық ауысым және жаңартылатын энергия көздері — желілер мен энергия сақтау жүйелеріне арналған жобалар мен қызметтер.
— Инфрақұрылым және машина жасау — желілер, сумен жабдықтау, құрылыс және құбыр жұмыстарына арналған жабдықтар.
— Ғарыш және қорғаныс / аэрокосмикалық технологиялар — жоғары кәсіби мамандану мен ұзақмерзімді келісімшарттары бар компаниялар.
Carel Industries (CAREL)
Carel HVAC, коммерциялық тоңазытқыш жүйелері және деректер орталықтарын салқындату үшін электронды басқарғыш модульдер мен басқару жүйелерін шығарады. Компания энергия тиімділігі мен цифрландыруға бет бұрып, азық-түлік ритейлі, horeca және салқындату инфрақұрылымы үшін «жаңа стандарт» қалыптастырып келеді.
Carel зерттеу базасын күшейтіп, өнім желісін жаңартып, шетелдік нарықтардағы қатысуын кеңейтуде. Ірі италиялық азық-түлік өндірушілерімен әріптестігі және «жасыл» энергетика бағдарламасындағы рөлі компанияның стратегиялық позициясын нығайтады.
Инвестициялық идея: Carel — реал сектордағы энергия тиімділігі мен декарбонизация трендіне тікелей қол жеткізу мүмкіндігі. «Ақылды» шешімдерге сұраныстың артуы және жоғары маржиналы қызметтерге көшу EBITDA өсімінің әлеуетін қалыптастырады.
Avio S.p.A.
Avio — еуропалық ғарыш саласының маңызды ойыншысы, Vega ракеталарын өндіруші. Компания қорғаныс бағдарламаларына қатысып, коммерциялық ұшырылымдардағы орнын күшейтуде.
ESA және Arianespace консорциумындағы Италияның белсенді рөлі елдің еуропалық ғарыш жарысындағы позициясын күшейтті. Италия үкіметімен тығыз серіктестік Avio-ға айтарлықтай артықшылық береді.
Инвестициялық идея: Avio — бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жанданып жатқан еуропалық аэрокосмос секторының жаңа өсу цикліне ставка. Қорғаныс тапсырыстарының артуы, жеке ұшырылымдардың жандануы және қозғалтқыштарға сұраныс маржаның жақсаруына жағдай жасайды.
Interpump Group S.p.A.
Interpump — жоғары қысымды өнеркәсіптік сорғылар сегментіндегі әлемдік көшбасшы және гидравлика мен өнеркәсіптік компоненттер нарығындағы ірі ойыншылардың бірі. Компания энергетикадан бастап өнеркәсіптік тазалауға дейінгі көптеген салаларда жұмыс істейді және мықты экспорттық базасы бар.
Инвестициялық идея: Interpump — тұрақты ақшалай ағындар мен сервистік бизнесті үйлестіретін «өнеркәсіптік чемпион». Бұл тіпті циклдік кезеңдерде де маржаны қорғауға мүмкіндік береді.
ERG S.p.A.
ERG — Еуропадағы ірі тәуелсіз жаңартылатын энергетика операторларының бірі. Компания көмірсутектерден толықтай бас тартып, жел, күн және энергия сақтау жобаларына ауысты.
Италия соңғы айларда жаңартылатын энергетика инфрақұрылымына инвестицияны айтарлықтай арттырды. Жаңа желілік қосылымдар мен сақтау жүйелерін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру бағдарламалары ERG үшін маңызды фактор.
Инвестициялық идея: ERG — экология, әлеуметтік жауапкершілік және тиімді басқару талаптарына толық сай келетін актив. Ұзақмерзімді жобалық портфелі тұрақты табыс береді, ал PPA келісімдері ақша ағындарының болжамдылығын күшейтеді.
Millicom (тикері TIGO)
Millicom — Латин Америкасы мен Африкада мобильді, кабельдік және цифрлық қызметтерді дамытып отырған телеком-оператор. 2025 жылы компания операциялық көрсеткіштерін жақсартып, аралық дивиденд төлеп, еркін ақша ағынына (FCF) назарын арттырды.
Инвестициялық идея: Millicom — дамушы нарықтардағы құрылымдық өсім мен цифрлық қызметтердің монетизациясына ставка. Компания Италияда да, халықаралық нарықтарда да цифрлық трансформацияның жеделдеуі жағдайында пайда көре алады.
Бұл материал инвестициялық кеңес емес.








