Noble талдаушылары QuoteMedia акцияларының таргетін 23%-ға қысқартты

Noble Capital Markets сарапшылары бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі әрі қаржылық ақпарат жеткізушісі QuoteMedia компаниясының акцияларына қатысты мақсатты бағасын 23%-ға төмендетті. Компания micro-cap санатына жатады. Сарапшылардың бағалауынша, бұл акцияларды сатып алу әлі де тиімді. QuoteMedia үшін өткен жыл соңғы он жылдағы ең сәтсіз жыл болды. Компания бірінші тоқсанда рекордтық табысқа жетеміз деп уәде беріп отыр, бірақ сарапшылардың пікірінше, инвесторларға оның болашағына сену үшін уақыт қажет.
Толығырақ
Noble пікірінше QuoteMedia акцияларының әділ нарықтық құны – $0,2. Бұл – алдыңғы мақсатты бағадан 23%-ға төмен, бірақ қазіргі нарықтық бағадан 25%-ға жоғары. Компания акциялары 17 сәуірдегі саудада $0,16 деңгейінде жабылып, бір күнде 6,6%-ға өсті. Жыл басынан бері баға 14%-дан астамға артқан.
Noble компаниясы мақсатты бағасын қайта қарап шықты, себебі QuoteMedia 2024 жылғы қаржылық көрсеткіштерін жариялады. Есепке сәйкес компания табысы 1%-ға төмендеп, $18,7 миллионды құрады. Noble-дің мәліметінше бұл – соңғы он жылда алғаш рет тіркелген табыстың азаюы.
2025 жылға арналған болашағы туралы компания не дейді
Өткен жылы компания бірнеше ірі клиентінен айырылылды оны түсіндіріп өтті. QuoteMedia қаржы нарығындағы ақпаратты өңдеу және қаржылық деректерді ағымда тарату бойынша шешімдер ұсынады. Компанияның ресми сайтында көрсетілгендей оның клиенттері қатарында брокерлер, әл-ауқатты басқарушылар, БАҚ және жекелеген инвесторлар бар.
Зиянды өтеу үшін компания бірнеше жаңа өнімді іске қосып, қайталанатын табыс көздерін қайта қалыптастырғанын хабарлады. Енді QuoteMedia 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания тарихындағы ең жоғары табысқа» қол жеткіземіз деп күтуде, дейді директорлар кеңесінің төрағасы Роберт Дж. Томпсон.
2025 жылға арналған болашағы туралы компания не дейді
Өткен жылы компания бірнеше ірі клиентінен айырылғанын түсіндірді. QuoteMedia қаржы нарығындағы ақпаратты өңдеу және қаржылық деректерді ағымда тарату бойынша шешімдер ұсынады. Компанияның ресми сайтында көрсетілгендей, оның клиенттері қатарында брокерлер, әл-ауқатты басқарушылар, БАҚ және жекелеген инвесторлар бар.
Зиянды өтеу үшін компания бірнеше жаңа өнімді іске қосып, қайталанатын табыс көздерін қайта қалыптастырғанын хабарлады. Енді QuoteMedia 2025 жылдың бірінші тоқсанында «компания тарихындағы ең жоғары табысқа» қол жеткіземіз деп күтуде, дейді директорлар кеңесінің төрағасы Роберт Дж. Томпсон.
«Инвесторлар 2025 жылға арналған бұл оптимистік болжамға сақтықпен қарауы мүмкін, себебі бұрынғы үміттер ақталмаған», — деп жазады Noble. Олардың сенімін бірнеше тоқсан бойы тұрақты табыс өсімі ғана арттыра алады. Аналитиктер атап өткендей, QuoteMedia акциялары баламаларынан арзанырақ саудалануда, бұл оларды тәуекел мен табыс арасындағы қатынаста тартымды етеді. Сондықтан Noble компания акцияларын сатып алуға кеңес береді (Outperform рейтингі), делінген есепте.








