БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Алтын бағасы екі есеге өссе таң қалмаймын» – қаржыгер Сергей Романчук

Весна Педченко

Весна Педченко

Oninvest редакторы
«Алтын бағасы екі есеге өссе таң қалмаймын» – қаржыгер Сергей Романчук

Алтынның бағасы 22 сәуірде алғаш рет 3500 доллардан асып, қайтадан тұрақтаған соң, енді екі есе қымбаттауы мүмкін. OnInvest Telegram-арнасында берген пікірінде қаржыгер Сергей Романчук осындай болжам айтты. Сауда соғысы мен АҚШ президенті Дональд Трамп пен Федералды резерв жүйесі (ФРС) төрағасы Джером Пауэлл арасындағы шиеленіс инвесторларды америкалық активтерден қорғаныш активтеріне көшуге итермелеп отыр. Жыл басынан бері алтын фьючерстерінің бағасы шамамен 30% өсті.

Толығырақ

Алтынның бағасы максималды деңгейде болғанына қарамастан, оның одан әрі өсуі мүмкін екенін қаржыгер Сергей Романчук айтып отыр. «Жоғары деңгейлерінде сатып алу қаншалықты дұрыс екенін айта алмаймын, бірақ ақылға салып қарасақ, алтынның екі есеге дейін қымбаттауы әбден мүмкін. Өйткені алтын айқын баламалы резервтік актив болып табылады», — деді ол OnInvest-ке берген сұхбатында.

Романчуктың айтуынша әлемнің көптеген орталық банктері алтынды өз резервтерінде сақтап, оның көлемін арттыруда: «Кімге қарасақ та, орталық банктер алтынды сатып алып жатыр. Бұл бағаның өсуінің негізі бар екенін көрсетеді. Бұл тек алыпсатарлардың ойыны деп айтуға келмейді». Егер реттеушілер алтын резервтерін жинақтай берсе, бұл оның әрі қарай қымбаттауына негіз болады деп есептейді ол.

Алайда, Романчук алтынның бағасы тез өсіп жатқанда, ол сондай жылдамдықпен төмендеуі де мүмкін екенін ескертеді. Сонымен қатар, ол америкалық активтерге, соның ішінде долларға қысымның Конгреске аралық сайлау өткізілгенше бір-екі жыл бойы сақталатынын болжайды.

«Мен шынымды айтсам, алтын бағасының өсуіне қатысты ешқандай шектеулерді белгілемес едім. Орташа мәндерден қаншалықты алшақтап кеткенін, оның өткенде осындай ауытқудан кейін төмендегенін көрсететін көптеген зерттеулерді көремін. Техникалық тұрғыдан түзетудің уақыты жақындағанын ескерткеніммен, алтынның қымбаттауына фундаменталды шектеулер көрмей тұрмын. Сондықтан егер ол екі есе қымбаттаса, мен таң қалмаймын», — деді Романчук.

Басқа сарапшылардың пікірлері

— JPMorgan банкі орталық банктер, биржалық қорлар және қытайлық инвесторлар тарапынан алтынға деген сұраныстың артуы бағаның одан әрі күрт өсуіне және жаңа маңызды деңгейге жетуіне әкеледі деп санайды. Бағалы металдар бойынша зерттеулер бөлімінің басшысы Грегори Ширердің болжамына сәйкес алтынның бағасы 2026 жылдың екінші тоқсанына қарай унциясына 4000 доллардан асады.

«[Америкалық] баж салықтары тудырған рецессия және стагфляция тәуекелдері алтынның құрылымдық өсім трендін жалғастырады, — деп жазды Ширер CNBC сілтемесі бойынша сейсенбі күні клиенттерге арналған жазбасында. — Бұл болжам алтынның 2025 жылдың бірінші тоқсанында қол жеткізілген өсуіне негізделеді және биыл тоқсан сайын орташа есеппен 710 тоннаға дейінгі инвесторлар мен орталық банктер тарапынан күшті сұраныстың сақталуын болжайды.»

— Goldman Sachs сарапшылары да келесі жылдың ортасына қарай алтынның унциясы 4000 долларға жетеді деп болжауда. Олардың пікірінше бағалы металл бағасының өсуі қауіпсіз инвестициялық құралдар спектрінің кеңейгенін көрсетеді.

— UBS инвестициялық банкінің жаһандық активтерді басқару саласындағы инвестициялар жөніндегі директоры Марк Хефеле бастаған сарапшылары клиенттерге: «Алтын сауда белгісіздігі жағдайында тиімді хедж құралы ретінде қызмет ете береді. Жоғары көрсеткіштерге қарамастан, біз өсудің әрі қарай жалғасу мүмкіндігін көреміз. Біз инвестициялық сұранысқа, орталық банктер тарапынан әртараптандырудың күшеюіне және тұрақсыз макроэкономикалық жағдайға байланысты қолдауды көріп отырмыз,» — деп хабарлады.

— Bloomberg агенттігінің хабарлауынша Солтүстік Америка мен Еуропадан инвесторлар үш жылдық үзілістен кейін алтын нарығына қайта оралуда. 2025 жылдың сәуір айының ортасындағы жағдай бойынша олар биржалық қорлар арқылы шамамен 240 тонна алтын сатып алды, бұл соңғы үш жыл ішінде сатылған 441 тоннаға қарама-қайшы. «Ұсыныс көзінен сатып алушыларға қайта ауысу — бұл өте маңызды өзгеріс. Бұл бағаға қатты әсер етеді. Орталық банктер мен Қытай сатып алуды жалғастыра алатын болса да, ETF-инвесторлар тарапынан мұндай күрт өзгеріс байқалмайды,» — дейді State Street Global Advisors алтын стратегиясы бөлімінің жетекшісі Акаш Доши. Оның болжамына сәйкес ұзақ мерзімді перспективада алтынның бағасы унциясына 5000 долларға дейін қымбаттайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары