Apple Meta-мен бәсекелестігін арттыру үшін ақылды көзілдірік жасап жатыр

Apple компаниясы кеңейтілген шындықсыз (AR) жұмыс істейтін ақылды көзілдірік әзірлеп жатқанын және бұл құрылғыны 2026 немесе 2027 жылы шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасай отырып. Егер жоба сәтті жүзеге асса, iPhone өндірушісі нарыққа шығуға мүмкіндік алады — онда Meta компаниясы әлдеқашан өз орнын алған. Apple бірқатар процессорларын жаңартуды көздеп отыр және өз өндірісіндегі ЖИ-чиптерін шығаруды да жоспарлауда.
Егжей-тегжейлі
Apple ақылды көзілдірікке арналған, энергияны үнемдейтін чипті әзірлеу бағытында елеулі ілгерілеуге қол жеткізді. Бұл чип құрылғыға орнатылған камералар мен дауыс интерфейсін басқаруға арналған және Apple Watch архитектурасына негізделген, бірақ энергия тұтынуды азайту үшін ықшамдалған. Көзілдірік кеңейтілген шындықты (AR) көрсетпейді және функционалдық тұрғыда Meta компаниясының Ray-Ban көзілдірігіне ұқсас болуы мүмкін: фото немесе видео түсіру, аудио ойнату және дауыс көмекшісімен өзара әрекеттесу мүмкіндіктері болады. Apple-дің негізгі мақсаты — AR функцияларына қатты тәуелді болмай-ақ, күні бойы тағуға ыңғайлы құрылғы жасау. Бұл ретте AR технологиясы әлі де жаппай қолдануға толық дайын емес. Сонымен қатар, AR-нұсқаны әзірлеу жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Apple бас директоры Тим Кук «ақылды» көзілдірік нарығында Meta-дан озуға бел буып отыр, деп хабарлайды Bloomberg
Компания смарт-көзілдірікте ЖИ қолдану мүмкіндігін де қарастыруда: камералар айналаны сканерлеп, ал кіріктірілген алгоритм пайдаланушыға қажетті ақпаратты ұсынуы мүмкін. Алайда, бұл бағыттағы әрі қарайғы даму Apple-дің өз ЖИ-технологиялары саласындағы жетістігіне байланысты болмақ.
Apple көзілдірікті әзірге N401 кодтық атауымен жасап жатыр. Саудаға шығу мерзімі шамамен 2026 немесе 2027 жылға жоспарланған. Көзілдірікке арналған чиптің жаппай өндірісі 2026 жылдың соңынан ерте басталмайды және ол TSMC зауыттарында іске асырылмақ.
Компания тағы қандай жаңартулар дайындап жатыр?
— Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Apple қазіргі кезде AirPods пен Apple Watch құрылғыларына арналған камераларды сынақтан өткізіп жатыр. Бұл құрылғыларға арнайы чиптер де дайындалуда: Apple Watch үшін — Nevis, ал AirPods үшін — Glennie. Бұл чиптердің 2027 жылға қарай дайын болуы күтіледі. Сонымен қатар, болашақтағы Apple Watch нұсқалары инвазивті емес глюкоза деңгейін бақылау жүйесімен жабдықталуы мүмкін.
— Apple Mac құрылғыларына арналған жаңа процессорларды да әзірлеп жатыр: M6 (кодтық атауы — Komodo) және M7 (Borneo), сондай-ақ қуаттырақ Sotra чипі. Ал M5 чипі 2025 жылдың соңына қарай MacBook Pro мен iPad Pro модельдерінде пайда болуы мүмкін.
— ЖИ серверлеріне арнап Apple компаниясы Broadcom-пен бірлесіп, Baltra деп аталатын арнайы чиптер желісін әзірлеуде. Бұл чиптер Apple Intelligence платформасындағы сұраныстарды бұлтты өңдеуге жауап береді. Baltra — ЖИ-мен жұмыс істеуге бағытталған алғашқы чиптер қатары болып саналады және олардың есептеу ядролары қазіргі M3 Ultra-мен салыстырғанда сегіз есе көп болуы мүмкін.
Apple өкілі бұл жөнінде пікір беруден бас тартты.
Сарапшылар не ұсынады?
Жыл басынан бері Apple компаниясының нарықтық капитализациясы 20%-дан астам төмендеді — бұл АҚШ-тың кең ауқымды нарық индексі S&P 500-дің (–3,7%) шығындарынан едәуір көп. MarketWatch мәліметінше, iPhone өндірушісін бақылап отыратын сарапшылардың 60%-тан астамы қазіргі уақытта Apple акцияларын сатып алуға кеңес береді, ал 8%-ы сатуға шақырады. Уолл-стрит сарапшыларының ортақ болжамы бойынша, Apple акциясының мақсатты бағасы — $232,7, бұл 8 мамырдағы сауда сессиясының жабылу бағасынан 18% жоғары.








