Мұнай қымбаттады, метал арзандады: АҚШ–Қытай келісімі шикізатқа қалай әсер етті?

Алтын Үндістан мен Пәкістаннан келген жаңалықтардың қысымында қалды: төрт күндік қарулы қақтығыстардан кейін екі ел деэскалацияны төмендетуге шешім қабылдады.
Пекин мен Вашингтон өзара сауда баждарын төмендету жөнінде келісімінен кейін мұнай бағасы мен басқа да көптеген шикізат активтері өсті. Еуропада газ бағасы одан әрі көтеріліп, соя бұршағы мен темір рудасының бағасы да қымбаттады. Екі әлемдік экономикада тұтыну өсуі күтілгендіктен ең ірі тау-кен компанияларының акциялары күрт көтерілді. Соңғы айларда қорғаныс активтері ретінде қызмет еткен бағалы металдар бағасы төмендеді.
Егжей-тегжейі
— Brent мұнай фьючерстері 12 мамырда 3,9% өсіп, баррелі үшін $66,4-ке жетті, бірақ кейін өсу 2%-ке баяулап, $65,2 болды.
— Американдық WTI мұнайы 4,2% қымбаттап, $63,61 жетті. Кейін өсу 2%-ке баяулап, $62 болды.
— Мыс бағасы 1,4% өсті, бірақ кейін 1%-ке төмендеді.
— Еуропадағы табиғи газ 4,9%-ке қымбаттады.
— Алтын бағасы 3,5%-ке төмендеп, унциясы үшін $3227 болды.
— Күміс бағасы 0,9%-ке арзандап, унциясы үшін $32,6 болды.
— Платина бағасы 2,55%-ке төмендеп, унциясы үшін $976,1 болды.
— Палладий бағасы 4%-ке арзандап, унциясы үшін $942,5 болды.
— Чикагода соя бұршағының фьючерстері 2%-ке өсіп, ақпан айынан бері ең жоғары көрсеткішке жетті. Хлопқаның фьючерстері 3,4%-ке өсті.
Трейдерлерге не әсер етті?
Bloomberg-тың мәліметінше, жоғары баж салығынан зардап шеккен себебінен екі әлемдік экономика арасындағы бітім шикізат нарықтарына жеңілдік әкелді. Соңғы апталарда сарапшылар жаһандық экономикалық өсімнің болжамы нашарлайтынын айтты, ал шикізат бағасы сұраныстың төмендеуін күткендіктен арзандады.
Л«Бұл тәуекелді активтерге деген қызығушылықтың қайта оралуының сигналы», — деп атап өтті Bloomberg-ке Қытай мен АҚШ арасындағы келісімді түсіндірген BOK Financial Securities сауда бөлімінің аға вице-президенті Деннис Кисслер. Бұл келісім бойынша Қытай 90 күнге американдық тауарларға салынатын бажды 10%-ке, ал АҚШ — 30%-ке төмендетеді.
Неліктен нарықтар әртүрлі реакция білдірді?
Сауда соғысы басталғаннан кейін күрт арзандаған мыс бағасы Қытай тарапынан сұраныстың тұрақты екеніне қатысты белгілер пайда болғалы бері қайтадан өсіп, бұрынғы жоғалтуларын ақырындап өтей бастады. Алайда келіссөздерге байланысты белгісіздіктер салдарынан инвесторлар әлі де сақтық танытып отыр, деп хабарлайды агенттік.
Қорғаныс активі ретінде дәстүрлі түрде қабылданған алтын, өз кезегінде, Үндістан мен Пәкістаннан келген жаңалықтардың қысымында қалды: төрт күндік қарулы қақтығыстардан кейін екі ел де эскалацияны төмендетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Bloomberg. Ең ірі алтын өндіруші компаниялардың акциялары төмендеді: Newmont — 6,2%, Barrick Mining — 2,8%, Agnico Eagle Mines — 10%.
«Өткен айда Ақ үйден шыққан ала-құла жаңалықтарға алтынның қатты реакция танытуы бұл металды Трамптың саясатындағы кез келген өзгеріске әлсіз етіп қойды. Қазір жағдай біршама оңалғанымен, егер бұл оптимизм ұзаққа созылмаса, алтын қайта қымбаттауы мүмкін», — деді Reuters агенттігіне BullionVault зерттеу бөлімінің директоры Эдриан Эш.
АҚШ-тағы мұнай фьючерстері күні екінші жартысында өсімнің бір бөлігін жоғалтты. Себебі Дональд Трамп Иранмен ядролық қару бойынша келіссөздерде прогрессті жариялады. Бұл Иран мұнайының жақын арада әлемдік нарыққа қайта оралу мүмкіндігі туралы болжамды күшейтті. Нарық қазір осы жаңалықтарға өте сезімтал, себебі ОПЕК+ өндірісті арттыруға шешім қабылдаған.
«Қазір мұнай сәл тыныстап тұр. Бірақ инвесторлардың көпшілігі бұл ұзаққа бармайды деп сенеді», — деді агенттікке CIBC Private Wealth Group компаниясының энергетика саласы бойынша аға трейдері Ребекка Бабин.
Спекулятивтік қорлар мұнайға қатысты қазірдің өзінде бейбітшіл көзқараста болғанымен, олар позицияларын жұмсартып жатыр. 12 мамырдағы Bridgeton Research Group мәліметі бойынша, WTI және Brent бойынша 82% позиция қысқа болды, ал 9 мамырда бұл көрсеткіш 91%-ға жеткен еді, деп жазады Bloomberg.
Лондондық биржадағы жетекші тау-кен компанияларының акциялары, оның ішінде Glencore және Rio Tinto, 5%-тен астам өсті. Exxon Mobil мен Chevron сияқты мұнай алыбтарының бағалары да 1,5-2%-ке артты.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, аграрлық нарықтардағы оптимизм Қытайдың әлемдегі ең ірі соя сатып алушы ел болып қалуымен және АҚШ-пен арадағы сауда қатынастарының жақсаруымен байланысты. Бұл жағдай соя жеткізілімдерін қайта жандандыруы мүмкін.
Алдағы уақытта назар аудару керек жайттар
Енді шикізат трейдерлері 13 мамырда АҚШ-тағы тұтыну бағалары индексі (CPI) туралы деректердің жариялануын күтіп отыр: есеп ФРС-тің келесі қадамдары туралы түсінік бере алады, деп жазады Reuters. ФРС ставкаларын төмендету алтынды инвесторлар үшін тартымдырақ етеді, деп атап өтті агенттік.








