БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктағы таң: Moody’s нарықты сатылымға итермелеуде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктағы таң: Moody’s нарықты сатылымға итермелеуде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына күнделікті шолуы және болжамы.

Біз не күтеміз

Moody’s агенттігі 16 мамырда АҚШ-тың рейтингін төмендетті, бұл акция бағаларына және қазынашылық облигациялар кірістілігіне қысым көрсетуі мүмкін. Инвесторлардың басты назары 30 жылдық қазынашылық облигацияларда болады, олардың кірістілігі 5%-дан ауытқуы мүмкін.

Жалпы, Moody’s агенттігінің АҚШ-тың егеменді рейтингіне қатысты шешімі алдын ала болжанған еді, себебі наурыз айында бюджет тапшылығының ұлғаюы туралы мәлімдемелер жасалған болатын. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл шешім қалыптасқан жағдайды ғана бейнелейді деп түсіндірді.

Канада АҚШ үшін импорттық баж салығының негізгі бөлігін сақтап қалуда. Bloomberg-тің хабарлауынша АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістанның америкалық тауарларға толықтай баж салығын алып тастауға дайын екенін мәлімдеді. Ал Вьетнам 46% мөлшеріндегі баж салығы енгізілмей тұрып келіссөздерді жандандырып жатыр.

Дүйсенбі күні Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Украина және сауда мәселелері бойынша телефон арқылы сөйлеспек.

Сәуір айындағы жетекші экономикалық индикаторлар индексі (leading indicators index) жарияланады (консенсус: −0,85% айлық, наурыз: −0,7% айлық). Бұл көрсеткіш теріс аймақта қалуда, бизнес пен үй шаруашылықтарының алдағы айларға деген бағалауының сақтықпен жүргізіліп жатқанын білдіреді. Сонымен қатар, 19 мамырда ФРЖ өкілдерінің бірнеше баяндамасы күтілуде.

Алдағы сауда сессиясы үшін тәуекелдер балансы – теріс, бірақ құбылмалылық жоғары. S&P 500 индексі 5870–6000 тармақ аясында қозғалады деп болжануда (бұрынғы сессия жабылу деңгейіне қатысты −1,4%–тен +0,7%-ке дейін).

Назарда

— Дональд Трамп Walmart (WMT) басшылығының баж салығына байланысты бағаны көтеру туралы мәлімдемесін сынға алды. Президент бөлшек сауда алпауытын шығындарды тұтынушыға жүктемей, өзі көтеруге шақырды. Қаржы министрі компания басшысы Даг Макмиллонмен кездесіп, тарифтердің бір бөлігін компания өзі жабатын болып келісті.

— Capital One Financial Corporation (COF) Discover Financial Services (DFS) компаниясын сатып алуды аяқтап, жинақ шоттарына қатысты сот талабын реттеу үшін $425 млн төлем жасауды жариялады.

— Сала реттеушісі Novavax (NVAX) компаниясының COVID-19 вакцинасын 65 жастан асқан және қауіп тобына жататын адамдарға қолдануға рұқсат берді. Бұл жаңалықтан кейін компания акциясы 7%-ға өсті.

— Reuters агенттігінің хабарлауынша АҚШ билігі Apple (AAPL) компаниясының Қытайдағы iPhone құрылғыларына Alibaba (BABA) жасанды интеллект шешімдерін қолдану жоспарын зерттеуде.

— Жапония АҚШ-пен сауда келіссөздері аясында Tesla (TSLA) зарядтау станцияларын салуға субсидия бөлу жоспарын қарастыруда.

— Nvidia (NVDA) компаниясының Қытай нарығына арналған жаңа чипі Hopper сериясына кірмейді. Бас директор өнімнің Қытайға бағытталатыны туралы ақпаратты растаудан бас тартты.

— АҚШ Boeing (BA) компаниясына қатысты қылмыстық айыптауды алып тастау мүмкіндігін қарастыруда, бірақ шешім әлі қабылданған жоқ.

— BT (BTGOF) компаниясы TNT Sports-тағы 50% үлесін Warner Bros Discovery (WBD) компаниясына сатуға жақын. Бұл мәміле осы аптада жариялануы мүмкін.

Алдыңғы сауда күніндегі нарық

16 мамырдағы сауда күні АҚШ биржаларында оң нәтижемен аяқталды.

S&P 500 – +0,7%,

Nasdaq 100 – +0,43%,

Dow Jones – +0,78%,

Russell 2000 – +0,89%.

Өскен компаниялардың көш басында денсаулық сақтау секторы (XLV: +2,02%) және ірі технологиялық компаниялар – Tesla (TSLA) мен Alphabet (GOOGL).

Көш соңында – энергетика секторының акциялары (XLE: −0,15%).

Сәуір айындағы жеке тұрғын үй құрылысының көлемі маусымдық түзетулерді ескере отырып жылдық көрсеткіш бойынша 1,36 млн-ға дейін өсті (консенсус: 1,38 млн). Тұрғын үй құрылысына рұқсаттар саны 1,41 млн-ға дейін төмендеді (күтілген: 1,45 млн). Тұтыну бағалар индексіндегі (CPI) тұрғын үй бағасының өсуі баяулағанымен, әлі де жоғары – 4% жылдық өсім.

Мичиган университетінің алдын ала тұтынушылық көңіл-күй индексі қатарынан бесінші ай қатарынан төмендеді. Көрсеткіш 2022 жылдан бергі ең төменгі деңгей – 50,8 тармаққа дейін түсті (күтілген: 54,55). Бұл динамика инфляциялық күтулердің артуына байланысты: қысқамерзімді болжам 6,5%-дан 7,3%-ға, ұзақмерзімді – 4,4%-дан 4,6%-ға көтерілді. Сауалнамаға қатысқандардың шамамен 75%-ы импорттық баж салығын инфляцияның негізгі факторы деп санайды. Сонымен қатар, тұтынушылық шығындар тұрақтылығын сақтап тұр. Сыртқы сауда шиеленісінің бәсеңдеуі алдағы айларда тұтынушылық көңіл-күйдің жақсаруына ықпал етуі мүмкін.

Компания жаңалықтары

— Quantum Computing (QUBT: +39,3%) акциялары есептілік жарияланған соң, Аризонадағы фотон чиптерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталғаны және мемлекеттік/жеке серіктестіктермен байланысты нығайтқаны туралы жаңалықтардан кейін күрт өсті.

— CoreWeave (CRWV: +22,1%) акциялары Nvidia (NVDA) компаниясының 13G формасындағы жарияланған меншік үлесі туралы ақпарат аясында көтерілді.

— Vistra (VST: +3%) Lotus Infrastructure Partners-тен жеті газ электр станциясын $1,9 млрд-қа сатып алуды жоспарлап отыр.

— Doximity (DOCS: −10,1%) бағалы қағаздары күрт төмендеді, себебі компанияның бірінші тоқсан және 2026 қаржылық жылға арналған болжамдары консенсус деңгейінен төмен болды. Компания болжамы макроэкономикалық белгісіздік, тарифтік саясат және президент жарлығымен басталған дәрі-дәрмек бағасын төмендету шараларын ескеріп отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары