АҚШ акциялары рекордтық шатдауннан кейін құлап жатыр. Инвесторларды не алаңдатты?

13 қарашадағы сауда кезінде америкалық акциялар арзандап кетті. Құлдырауда көш бастаған — технологиялық Nasdaq Composite индексі (1,8%). Нарықтың кең индексі S&P 500 (1,1%), ал Dow Jones өнеркәсіптік индексі (0,8%). 10 жылдық қазынашылық облигациялар кірістілігі төрт базистік пунктке өсіп, 4,11%-ға дейін жетті.
Инвесторлар 43 күнге созылған үкіметт жұмысының тоқтауы аяқталғаннан кейін акциялар мен облигацияларды сатуға көшті — бұл АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун болды. Шатдаунның аяқталуы оларға кейінге шегерілген экономикалық деректерге қайта қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, федералды агенттіктер жұмысты толық қалпына келтіру және жиналған тапсырмаларды өңдеу үшін бірнеше күн, тіпті бірнеше апта өткізуі мүмкін, деп жазды Bloomberg. Осы жағдай аясында трейдерлер енді ФРЖ-нің желтоқсанда мөлшерлемені төмендету ықтималдығын бұрынғыдай 100%-ға жуық деп бағаламай отыр, деп атап өтті агенттік.
«Үкімет жақын уақытта қайта жұмысын бастауы тиіс, және бұл нарықтар мен экономика үшін жеңілдік болса да, әлі де белгісіздік көп, әсіресе инфляция мен еңбек нарығына қатысты шегерілген деректер тұрғысынан», — деді BMO Private Wealth бас нарықтық стратегі Кэрол Шлейф. Оның сөзінше, экономикалық деректердің болмауы желтоқсанда ФРЖ-ның мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауын қиындатады. Шлейфтің өзі орталық банк мөлшерлемені үшінші рет қатарынан төмендетеді деп күтеді.
Тұрақты түрдегі жоғары инфляция және еңбек нарығындағы әлсіздіктің сақталуы ФРЖ басшылары арасында мөлшерлеме бойынша не істеу керек деген сұрақта келіспеушілік туындатып отыр, деді Bloomberg. Алдыңғы отырыста мөлшерлеме төмендетілгеннен кейін, ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл желтоқсанда қандай шешім қабылданатыны «алдын ала анықталмағанын» ескерткен еді.








