Бөлісу
АҚШ Ресейге қарсы санкцияны айтарлықтай кеңейтеді — Қаржы министрі Бессент

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар раундын жариялайды. Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, президент Дональд Трамп Мәскеуге қысымды күшейтуге дайындалып жатыр, деп хабарлады Bloomberg. «Біз бүгін нарық жабылғаннан кейін немесе ертең таңертең Ресейге қарсы санкцияны айтарлықтай кеңейтуді жариялаймыз», — деді Бессент 22 қазан, сәрсенбі күні Ақ үйде журналистерге. Ол нақты қандай шара енгізілетінін ашып айтпады.
Бұл мәлімдеме Ақ үй АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуі жақын арада өтпейтінін хабарлағаннан кейін бір күн өткен соң жасалды. Трамптың өзі саммитті «босқа өткізгім келмейді» деп түсіндірді.
Бөлісу








