«Уақытымды босқа өткізгім келмейді»: Трамп Путинмен кездесуі жайлы айтты

АҚШ пен Ресей президенттерінің Будапештте өтеді делінген кездесуіне қатысты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Дональд Трамп журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.
«Мен кездесуді текке өткізгім келмейді. Уақытымды босқа жұмсағым жоқ, сондықтан жағдайды бақылап көреміз», – деді АҚШ басшысы. Ол бұл мәселеге байланысты келесі екі күн ішінде нақты шешім туралы хабарлайтынын айтты. Ал бітімге келу мүмкіндігі бар ма деген сұраққа Трамп «иә» деп жауап берді. Оның сөзінше, бұл ниет Ресей мен Украина президенттерінде де бар.
Бұған дейін сейсенбі күні бірқатар ақпарат құралдары Ақ үйдің өкіліне сілтеме жасап, Трамптың Путинмен жақын арада кездесуді жоспарлап отырмағанын жазған. Ал Мәскеу саммитке дайындық жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.








