БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Аляскада Украина мәселесі бойынша АҚШ–Ресей саммиті басталды

Юлия Котова

Юлия Котова

Oninvest жаңалықтар қызметінің жетекшісі.
Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Аляскада Украина мәселесі бойынша АҚШ–Ресей саммиті басталды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Аляска штатының Анкоридж қаласындағы әуежайда кездесті. Жақын уақытта Украина мәселесіне арналған ресми келіссөздер басталмақ. Bloomberg-тің дерегінше екі президент әуежайдан бір көлікте АҚШ басшысының лимузиніне бірге отырып, жеке әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Ақ үйдің хабарлауынша келіссөздер «үшке үш» форматында өтеді. Яғни мемлекет басшыларымен бірге екі елдің сыртқы істер министрлері және көмекшілері қатысады. Одан кейін екі делегация үшін кеңейтілген құрамда реми түскі асы ұйымдастырылады. Соңында тараптар баспасөз мәслихатында келіссөз қорытындысын жариялайды. Ақ үй мәлімдегендей, Трамп жұма күні кешке (ET уақытымен 21:45) Аляскадан ұшып кетеді.

Кездесуге украиналық ресми тұлғалар қатыспайды. Украина президенті Владимир Зеленский саммит алдында Киевтің Трампқа үміт артып отырғанын жеткізді.

Трамп бұған дейін кездесуінің басты мақсаты — Украинада атысты кез келген форматта тоқтату екенін Bloomberg-ке мәлімдеген болатын. Аляскаға ұшып бара жатқанда ол журналистерге аумақ алмасу мәселесі Украинаға тиесілі шешім екенін, ал өзінің мақсаты — тараптарды келіссөз үстеліне отырғызу екенін айтты. Сондай-ақ, АҚШ президенті Украина Батыс елдерінен белгілі бір қауіпсіздік кепілдіктерін алуы мүмкін екенін жоққа шығармады. «Бұл НАТО форматы емес <...> Бірақ қауіпсіздік кепілдіктері Еуропамен бірге мүмкін», — деп келтіреді Трамптың сөзін Reuters.

Нарық үшін маңызды жайттар

Аптаның басында Трамп егер Аляскадағы алғашқы келіссөздер сәтті өтсе, Зеленскийдің және мүмкін, Еуропаның негізгі көшбасшыларының қатысуымен үшжақты кездесу өткізуге ұмтылатынын айтты. Бірақ ол Путин Украинаға соққыларды тоқтатудан бас тартса, «өте ауыр салдарларға» тап болуы мүмкін екенін ескертті. WSJ атап өткендей, бұл салдар ірі ресейлік мұнай сатып алушыларға, соның ішінде Қытайға қарсы санкцияларды қамтуы ықтимал.

Capital.com-ның аға талдаушысы Даниэла Сабин Хаторн егер келіссөздер сәтсіз аяқталса немесе жаңа санкцияларға ұласса, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін екенін ескертті. Citi талдаушысы есептегендей, Ресейге қарсы қатаң мұнай санкциялары Brent бағасын $80-нан жоғары көтеруі ықтимал, деп жазады Barron’s.

Bank of America талдаушысы Майкл Хартнетттің пікірінше мұнай бағасының өсуі кейін оның арзандауына бәс тігу мүмкіндігін туғызады. MarketWatch келтірген дерекке сай Аляскадағы кездесу туралы хабардың өзі жыл басынан бері мұнай бағасының 12,6%-ға төмендеуіне ықпал етті. Энергетикалық трейдерлер бұл саммитті ресейлік мұнай жеткізілімдерінің қайта басталуы мүмкіндігі ретінде бағалап үлгерді. Егер АҚШ пен Ресей барланбаған қорларды игеру мақсатында ынтымақтастыққа келсе, BofA «аюлы» нарықтың күшеюін болжайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары