БастыReview
Бөлісу

Алгоритм немесе менеджер: ақшаны кім жақсы басқарады?

Денис Елаховский

Денис Елаховский

Экономист, автор YouTube канала Елаховский
Алгоритм немесе менеджер: ақшаны кім жақсы басқарады?

Биылғы жазда клиенттердің ақшасын алгоритмнің көмегімен басқаратын бірнеше қор залалға ұшырады. Машиналар АҚШ президентінің күтпеген шешімдеріне дайын болмай шықты. Ендігіде осылай адамнан әрқашан ұтыла бере ме?

Кванттық қате есептеу

Маусым айында кванттық инвестициялаудың пионері — марқұм миллиардер Джим Саймонс негізін қалаған (қазір оны оның бұрынғы көмекшісі Питер Браун басқарады) Renaissance Institutional Equities қоры HSBC есебіне сәйкес шамамен 6% жоғалтты. 2025 жылдың жазы машиналардың қалай қателесуі мүмкін екенін көрсетті. Шілде айында кванттық қорлар синхронды түрде «қоқыс раллиіне» тап болды: қысқа позициялармен шамадан тыс жүктелген арзан акциялар күрт өсті — ал модельдер әдетте мұндай қағаздарға бейжай қарайды. Goldman Sachs өткен жаздың басы мен ортасын бұл сектор үшін соңғы бес жылдағы ең ауыр кезең деп атады.

Сонымен қатар, 2024 жылы бұл және басқа кванттық қорлар екі таңбалы кірістілік көрсетті. Renaissance Institutional Equities Fund пен Renaissance Institutional Diversified Alpha сәйкесінше 22,7% және 15,6% өсті, деп хабарлады Business Insider басқарушыға жақын дереккөзге сілтеме жасап. Ал Renaissance Technologies-ке кіретін Medallion қоры тіпті 30% кірістілік көрсетті, деп жазды Wall Street Journal тілшісі әрі Саймонстың биографы Грегори Цукерман LinkedIn-де.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында шешімдерді адамдар қабылдайтын көптеген қорлар алгоритмдік стратегиялардың көпшілігіне қарағанда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Бұған басты «кінәлі» — Ақ үйдің қожайыны Дональд Трамп екені анық, өйткені ол аса болжамды емес, ал оның көптеген шешімін алдын ала есептеу қиын, демек олар нарықтағы құбылмалылықты арттыру ықтималдығын күшейтеді.

Алгоритм қай жерде қателеседі?

Лиссабонның Жоғары бизнес және еңбек ғылымдары институтының экономистері Антониу Фрейтас Мигел мен Ихао Чэн өздерінің «Do Machines Beat Humans? Evidence from Mutual Fund Performance Persistence» атты еңбегінде — шешімді бағдарлама қабылдайтын қор, адам басқаратын қор алдында тұрақты басымдығы жоқ екенін айтады.

Алгоритм жұмысты жақсы қайталайды және тәртібі мықты. Бірақ көптеген модельдер ұқсас деректерге негізделгенде, әрі жиі бір қордан екіншісіне ауысып жүретін маман тарапынан жасалғанда, пайда көзі тез сарқылады: «құпия» құпиялығын жоғалтады, ал біртекті стратегиялар бір-біріне кедергі бола бастайды. Мұндай жағдайда жеңетін — тарихи деректерде жақсы жаттыққан модель иесі емес, жаңа жағдайға тез бейімделе алғандар. Ал мұнда адамдардың орташа есеппен «контексті сезінуі» жоғарырақ: яғни уақытында өзіне «ойынның ережелері өзгеріп кеткен жоқ па?» деген сұрақ қоя білу қабілеті.

Алгоритм қалай санады?

Зерттеушілер АҚШ-тың акция қорлары бойынша деректер массивін екі онжылдыққа жуық уақытты қамти отырып жинады — 2000 жылдан 2019 жылға дейін. Нәтижесінде олар 3915 бірегей қорды іріктеп алды, оның ішінде 217-і шынымен «кванттық», яғни «сандық» — quantitative болып шықты. Мұндай қорларда портфель математикалық модельдің қатаң ережелері бойынша құрылады, соңғы кезеңде адам қолымен түзету жасалмайды. Зерттеу авторлары тексерген гипотеза қарапайым еді: егер алгоритм адамнан шынымен ақылды болса, онда оның жеңісі жиі қайталанып, ал сәтсіздігі сирек болуы тиіс.

Салыстыру әділ шығуы үшін ғалымдар барлық комиссияларды шегергеннен кейінгі кірістілікті қарастырды, сондай-ақ «алма мен алманы» салыстырды: яғни бір қатардағы компанияларды.

Тағы бір сүзгі қолданылды: жаңа капиталдың келуі мен кетуінің әсерін алып тастау. Егер қандай да бір қор ерекше нәтиже көрсетсе, ол жаңа клиенттердің ағымына тап болатын, соның салдарынан стратегия «үлкейіп», бұрынғы тиімділігін жоғалтатын. Авторлар мұны бөлек сынап көрді және «кванттық» пен «адамдық» қорлар арасында капитал ағымдары бойынша айтарлықтай айырмашылық таппады. Демек, мәселе клиенттерде емес, басқару үдерістерінде. Зерттеудің басты нәтижесі — «робо-Баффеттердің» жанкүйерлері үшін жайсыз жаңалық. «Кванттарда» нәтижелердің тұрақтылығы төменгі шекке

жақын: артта қалған қорлар көбіне артта қала береді. Ал үздіктердің қатарына кіргендері жиі кейін шегінеді. Дәл осылай қарапайым белсенді қорлар да әрекет етеді, бірақ «кванттардың» шегінісі қаттырақ, әрі қысқа мерзімде (тоқсан) де, ұзақ мерзімде (жыл) да байқалады. Бұл адамдар машиналадан ақылды дегенді білдірмейді. Айтылмақ ой — ұзақ мерзімде кванттық қордың шешімі адам қабылдайтын қор алдында айтарлықтай әрі тұрақты басымдығы жоқ.

«Мен жай ғана машинамын»

Тарихта таза техникалық сәтсіздіктер де болған: классикалық мысал — AXA Rosenberg қоры, онда кодтағы қате мен клиенттер алдындағы ашықтықтың болмауы жүздеген миллионға шығындатып, АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) санкциясына әкелді.

Сонымен бірге, керісінше жағдайды да атап өту керек: тәсілдер дамып келеді. 2025 жылы әлемдегі ең ірі сандық қордың бірі — 1998 жылы Клиф Аснесс пен оның Goldman Sachs-тағы әріптестері негізін қалаған AQR Capital Management — «машинаға берілгенін» ашық мойындады. Компания әртүрлі актив сыныптарында алгоритмді пайдалануды кеңейтті, ал олардың Apex және Delphi стратегиясы алғашқы жартыжылдықта сәйкесінше +11,4% және +11,6% нәтиже көрсетті. Бірақ Клиф Аснестің өзі мойындайды: модель неге дәл осылай сауда жасап, басқаша істемейтінін клиентке түсіндіру қиын. Әсіресе, төмендеу кезеңінде.

Ешқандай сиқыр жоқ, тек шеберлік

Мигел мен Чэн зерттеуінің қорытындысын «дәлелдерге негізделген инвестицияның» жарқын насихатшыларының бірі Ларри Свидроу осылайша түсіндіреді:

«Сандық қорлар нарық тиімділігіне қауіп төндірмейді. Алайда олардың қолданылуы қорды басқаратын менеджердің стратегияны өзгерту тәуекелінен құтылуға мүмкіндік беретіні маңызды. Өйткені мұндай жағдайда инвестор өз активтерін бөлуге, демек өз портфелінің тәуекел деңгейін бақылауға мүмкіндік жоғалтады». 

Кімді таңдар едіңіз: адам немесе алгоритм?

Нарықта пайда әкелуде адамдар мен машиналардың арасында айтарлықтай айырмашылықтың болмауы инвестордың қауіпсіздігінің негізгі қағидаларына қайта оралтады.

«AI-inside» деген атау үшін артық төлеудің қажеті жоқ, кем дегенде әзірге. Ең маңыздысы — қай басқарушы болмасын мән беруге тиіс нәрселер: қордың комиссиясы, салықтық оңтайландыру тәсілі, қаржылық мақсатыңызды қайта қарау жиілігі және соған сәйкес портфель құрамын бейімдеу.

Сондай-ақ, жоғары жетістіктердің жетегінде кетуге болмайды. Қорды адам басқарса да, компьютер басқарса да, өткендегі үлкен жетістіктер болашақта оны қайталай алатынына кепіл емес. Бір «жұлдызды» қордан екіншісіне секіру — қарапайым индекстен қалып қоюдың ең сенімді жолы.

Әлі де болса басқарушыдан оның стратегиясы нақты не істейтінін түсінікті түрде талап ету маңызды: қай қағазды «ұнатады», неден қашады, нарықтық трендтер өзгерсе не болады. Егер мұндай түсініктеме берілмесе, өнімге тіпті әдемі презентациясы болса да, тәуекелді нәрсе ретінде қараған жөн.

Алгоритмнің мықты тұсын қолданыңыз және қазірдің өзінде нарықтағы ірі ойыншылар қайда қолданатынын қараңыз: егер әңгіме сауда жайлы болса — бұл тәртіп пен техника. Ал егер ақпаратпен жұмыс жайлы болса — онда үлкен мәтін көлемін оқу, трендті жіктеу, деректі іздеу және тәуекелді анықтау. Осылайша алгоритм басқарушының серігіне айналады, бірақ оның орнын баспайды. Саладағы сауатты көзқарас та осы: «дұрыс» акцияны таңдаудың «мәңгілік Граалін» іздеу емес, механиканы оптимизациялау.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары