БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ambiq Micro IPO-cы: ЖИ-чип өндіруші нарыққа шықты

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Ambiq Micro IPO-cы: ЖИ-чип өндіруші нарыққа шықты

Энергияны үнемдейтін шеткі ЖИ (edge AI) шешімдеріне арналған чиптерді әзірлейтін Ambiq Micro компаниясының акциялары Freedom платформасы арқылы саудаланатын болды. Акциялар AMBQ.US тикерімен қолжетімді. Нью-Йорк қор биржасында олар бірнеше сағат ішінде пайда болады.

Егжей-тегжейлі

Ambiq Micro IPO кезінде 4 млн акцияны бір данасы $24 бағамен сатып, жалпы $96 млн тартты. Бастапқыда компания 3,4 млн акцияны $22–25 баға диапазонында ұсынуды жоспарлаған болатын. Орналастыру бағасына сүйенсек, Ambiq-тің нарықтық капитализациясы $423,3 млн құрайды.

Листинг ұйымдастырушылары — BofA Securities және UBS Investment Bank.

Компания IPO арқылы тартылған қаржыны жалпы корпоративтік қажеттіліктерге, соның ішінде айналым капиталына, маркетингке және жаңа өнімдер әзірлеуге бағыттамақ, делінген реттеуші органға тапсырылған проспектте.

Компания несімен қызықты

Ambiq Micro энергия тұтыну мәселелерін шешуге бағытталған жартылай өткізгіштерді, әсіресе шеткі жасанды интеллект (edge AI) жүйелеріне арналған чиптерді ұсынады. Бұл модель бұлтта емес, желінің шетінде, яғни құрылғының өзінде жұмыс істейді. Осылайша камералар, сенсорлар немесе смартфондар сияқты құрылғылар жинаған деректер бірден сол жерде өңделеді.

Компанияның негізгі өнімдері — Apollo желісі және әзірлену сатысындағы перспективалық Atomiq сериясы — SPOT (Sub-threshold Power Optimized Technology) деп аталатын меншікті платформасында құрастырылған. Бұл технология жоғары өнімділікпен қатар, минималды энергия тұтынуды қамтамасыз етеді және ЖИ-жүктемелерге бейімделген.

Ambiq өз өнімдерінің энергия тиімділігіне басымдық береді. Компания чиптері дәстүрлі аналогтармен салыстырғанда 2–5 есе аз қуат тұтынады және қазірдің өзінде 270 млн-нан астам құрылғыда қолданылып отыр, деп жазады Investing.com. 2024 жылы компания 42 млн чип жеткізген, олардың 40%-дан астамы киілетін құрылғыларда, медициналық құрылымдарда, «ақылды үй» жүйелерінде және өнеркәсіптік автоматтандыруда ЖИ алгоритмдерін іске қосу үшін пайдаланылған.

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылдың бірінші жартысында Ambiq-тің жалпы маржасы 46,3%-ға жеткен — бұл 2024 жылғы 35,7%-дан айтарлықтай жоғары. Жалпы пайда $15,2–15,9 млн аралығында бағалануда. Бұл компанияның операциялық тиімділігінің артқанын көрсетеді, әсіресе бағдарламалық жасақтама мен «бір чиптегі жүйелер» (System-on-a-Chip, SoC) сату есебінен, деп жазады Reuters.

Болашағы қандай

Тұрақты өсімге қарамастан, Ambiq өз проспектінде бірқатар маңызды тәуекелдерге назар аударады. Олардың ішінде — Taiwan Semiconductor Manufacturing Company (TSMC) сияқты жалғыз ірі чип өндірушісіне тәуелділік, сондай-ақ клиенттермен ұзақмерзімді келісімшарттардың болмауы. Сонымен қатар, компания ішкі қаржылық бақылау жүйесінде әлсіз тұстар барын анықтаған — бұл көпшілікке есеп беретін компания стандарттарына көшу үдерісінде өте маңызды.

Компанияның алдағы бағыты — SPOT архитектурасын микроконтроллерлер шегінен тыс дамытып, мамандандырылған ИИ процессорлар мен қолданбалы шешімдер саласына кеңейту. Ambiq бағалауы бойынша, бұл технология edge AI нарығындағы маңызды орынды иелене алады. Бұл нарық 2028 жылға қарай $22,5 млрд-тан асып түсуі мүмкін.

Сарапшылар не дейді

ЖИ бағытындағы компаниялар технологиялық IPO толқынының негізгі қозғаушы күшіне айналмақ. Генеративті ЖИ-дің жедел дамуы бизнеске сәйкес шешімдерге инвестиция салуға түрткі болып отыр, деп жазады Investing.com.

«Егер дата-орталықтарда ЖИ бойынша көшбасшы — Nvidia болса, edge AI сегментінде нарық әлі ашық. Ambiq Micro бұл кеңістікте мықты орын алуға барлық мүмкіндікке ие», — дейді Constellation Research аналитигі Хольгер Мюллер.

«Ambiq жасанды интеллекттің «шеткі құрылғылардағы» сегментін көздеп отыр. Компанияның чиптері бәсекелестеріне қарағанда 2–5 есе аз энергия тұтынады. Бұл оларға қарқынды өсіп келе жатқан киілетін электроника нарығында басымдық береді», — дейді IPOX өкілі Лукас Мюльбауэр.

Бірақ жалпы пайданың өсуіне қарамастан, компания табыстың баяулауы, операциялық шығындардың сақталуы және 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі 12 айда -$18 млн мөлшеріндегі теріс еркін ақша ағынымен бетпе-бет келіп отыр, деп ескертеді IPO Edge-тің инвестициялық бөлім жетекшісі Донован Джонс. Ол Ambiq жоғары бәсекелі нарықта жұмыс істейтінін, әрі табысының 76%-ы үш клиенттен және жалғыз жеткізуші — TSMC-ке тәуелді екенін еске салады.

Freedom не дейді

Freedom Broker сарапшысы Әлем Бектеміровтің айтуынша шектеулі клиенттік база мен ұзақмерзімді келісімдердің жоқтығы сатылым көлемінің қысқару қаупін туғызады.

Салалық мультипликатор мен $76,6 млн жылдық табысты есепке ала отырып, Бектеміров Ambiq-тің әділетті нарықтық құнын $398,3 млн немесе бір акцияға $23,38 деп бағалайды. IPO бағасы $24 болған жағдайда, бұл баға шамамен 2,6%-ға төмендеуі мүмкін дегенді білдіреді, яғни компания бастапқы орналастыру кезінде шамадан тыс бағалануы мүмкін, деп қосты сарапшы.

Freedom Broker клиенттері Ambiq Micro акцияларымен негізгі сауда сессиясы ашылғанға дейін сауда жасай алады. Сауда АҚШ биржалары ашылғанға дейін 2–3 сағат бұрын, яғни Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін AMBQ.US тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары