БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Америкалық банктердің акциялары құлдырағаннан кейін биткоин бағасы $105 мыңға түсті

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Америкалық банктердің акциялары құлдырағаннан кейін биткоин бағасы $105 мыңға түсті

Биткоин бағасы маусым айынан бері алғаш рет $106 000-нан төмен түсіп, шамамен $105 000 деңгейінде саудаланып жатыр. Кей сәттерде оның құны одан да төмен түскен.

Forbes-тың дерегінше соңғы бір апта ішінде криптовалюта нарығының жалпы капитализациясы $600 млрд-қа азайған. Трейдерлердің айтуынша бұл төмендеу айдың басында биткоиннің рекордтық $126 000-ға дейін қымбаттауынан кейін жаңа ірі құлдырауға әкелуі мүмкін.

Биткоин неліктен арзандады

Trading View-дің мәліметінше криптонарық АҚШ-тағы аймақтық банктер акцияларының төмендеуіне бірден жауап берді — бұл 2023 жылғы наурыздағы жағдайды еске салады.

Ол кезде банктік сектордағы дүрбелең криптовалюталардың қысқамерзімді құлдырауын туғызған еді — биткоин бағасы $20 000-нан төмен түсіп, кейін тез қалпына келген болатын.

The Kobeissi Letter аналитикалық ресурсы X әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

«2023 жылғы наурызда аймақтық банктердің акциялары құлады, дағдарысты «тұрақтандырдық» деді, бірақ шын мәнінде ештеңе өзгерген жоқ».

Банк секторындағы жағдай

Zions және Western Alliance банктерінің акциялары бейсенбі күнгі саудада тиісінше 13,1% және 10,8% төмендеді.

Zions банкі үшінші тоқсанда проблемалы кәсіпорын қарыздарының $50 млн-ын есептен шығаратынын мәлімдеді.

Ал Western Alliance өз қарыз алушыларының бірін алаяқтық жасады деп айыптады.

Barron’s басылымының түсіндіруінше банк секторы Tricolor Holdings автонесиелеушісінің және First Brands автокөлік бөлшектері өндірушісінің жуырдағы банкроттықтарынан кейін де қысым астында қалып отыр.

First Brands компаниясымен байланысы бар Jefferies акциялары бейсенбіде 10,6% төмендеді, ал қазан айының басынан бері 25% жоғалтқан.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары