БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Биткоин алғаш рет соңғы жеті аптада $120 000-нан асты. Бұл серпілістің себебі неде?

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Биткоин алғаш рет соңғы жеті аптада $120 000-нан асты. Бұл серпілістің себебі неде?

Биткоин бір жарым айдан бері алғаш рет $120 000 межесінен жоғары көтерілді. Barron’s басылымының жазуынша бұл — криптоинвесторлардың АҚШ-тағы үкіметтік шатдауннан алаңдамағанының белгісі. Бағаның көтерілуіне ФРЖ мөлшерлемесін төмендету күтімі, маусымдық фактор және инвесторлардың криптовалюталарды қорғаныш актив ретінде қарастыруы түрткі болды. Осы серпінмен өзге цифрлық активтер мен криптонарыққа қатысты компаниялардың да бағасы артты.

Нарықтағы жағдай

CoinGecko дерегіне сәйкес 3 қазанда биткоин саудада 1,4%-ға қымбаттап, $120 000-нан жоғары көтерілді. Бұл — жеті апта ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Bloomberg жазғандай, шатдаун қаупі инвесторларды «қауіпсіз айлақтарға» бағыттауы мүмкін.

Өзге криптовалюталар да тәуір нәтиже көрсетті: Ethereum — +2%-дан жоғары, XRP — +1,9%, Solana — +2,6%.

Криптобиржалар мен майнинг компанияларының акциялары да қымбаттады. 2 қазанда Coinbase қағаздары 7,8%-ға, биткоин-қорларды басқаратын Strategy компаниясының акциялары 4,1%-ға, ал MARA Holdings майнерінің қағаздары 2,1%-ға өсті.

Өсу себептері

FalconX криптоброкерінің зерттеу жетекшісі Дэвид Лоанттың пікірінше нарық құрылымы біраздан бері серпіліске дайын еді: «Бірнеше ай бойы спот-нарықта сатылымдарға қарамастан баға құламады. Бұл — ұсыныстың жұтылып жатқанын көрсетеді. Бұл — қысылған серіппенің классикалық динамикасы: қысым азайса, баға күрт көтеріледі. Қазір біз соны байқап отырмыз», — деді ол Bloomberg-ке.

Қосымша фактор — маусымдылық. Қазан айы биткоин үшін дәстүрлі түрде табысты болып келеді. Осыдан ол «Uptober» (Up — көтерілу, October — қазан) деген атауға ие болған. Соңғы 10 жылдың 9-ында қазан айында биткоин өскен.

Syncracy Capital қорының негізін қалаушы Райан Уоткинс: «Қыркүйек — әдетте ең әлсіз ай, ал төртінші тоқсан — ең мықтысы. Маусымдылыққа соқыр сенім артпаймын, бірақ көбіне ол өзін-өзі ақтайтын болжамға айналады», — дейді.

Контекст

Уолл-стрит те шатдаунға онша мән бермей отыр. 2 қазанда АҚШ-тың үш ірі қор индексі тарихи максимумға жетті, деп жазады The Barron’s. 3 қазанда Nasdaq 100 фьючерстері 0,3%-ға, ал S&P 500 және Dow Jones индекстері шамамен 0,2%-ға көтерілді.

Сонымен қатар жеке сектордағы жұмыспен қамту деректері (ADP есебі) күткеннен төмен болды. Бұл көрсеткіш ФРЖ қазан айындағы отырыста мөлшерлемені төмендетеді деген үмітті күшейтті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары