БастыSmall Caps
Бөлісу

Бәсекелестерден жылдамырақ: Freedom micro-cap акциясына 20% өсім әлеуетін болжады

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Бәсекелестерден жылдамырақ: Freedom micro-cap акциясына 20% өсім әлеуетін болжады

Freedom Broker-дің айтуынша, жеке сақтау қоймаларына инвестиция салатын жылжымайтын мүлік қоры Global Self Storage акциялары нарықта төмен бағаланған және шамамен 20%-ға арзан. Компания бәсекелестерінен жылдам өсіп келеді, сұраныс пен ұсыныс теңгерімі оңтайлы нарықтарға бағытталған және жалға алушыларды ұстап қалуға басымдық береді.

Егжей-тегжейі

Freedom Broker алғаш рет Global Self Storage — micro-cap жылжымайтын мүлік қорының (REIT) акцияларына рейтинг беріп, бірден «сатып алуға» кеңес берді. Сарапшылардың есебінде көрсетілгендей, акциялардың мақсатты бағасы $6. Бұл соңғы жабылу бағасынан 18,7%-ға жоғары: 26 қыркүйек, жұма күні сауда $5,06 деңгейінде аяқталған.

29 қыркүйектегі саудада компания акциялары шамамен 0,4%-ға қымбаттады.

Freedom есептеулерінде дисконтталған ақша ағымы (DCF) әдісін қолданады. Бұған қоса, 2024 жылдың мамырында Etude Storage Partners компаниясы Global Self Storage-ті сатып алу үшін акцияға $6,15 бағасын ұсынғаны ескерілген.

Freedom-ның уәждері

Global Self Storage жеке заттарды сақтайтын қоймаларды сатып алып, қайта жөндеп, басқарады. Компания АҚШ-тың ірі емес қалаларына бағытталған: мұнда жаңа құрылысқа тосқауыл көп және ірі REIT қорларынан бәсеке төмен.

Компания клиент сапасына да мән береді. Freedom-тың жазуынша, ол көбіне кредит картасы бар клиенттерге назар аударады: олар қойманы ұзақ мерзімге жалға алады, төлемдерді уақытында жасайды және бағаның көтерілуіне төзімді келеді.

Сонымен қатар, Global Self Storage органикалық кіріс өсімінде бәсекелестерінен озып тұр. 2025 жылдың екінші тоқсанында компания салыстырмалы сатылымдардан түскен кірісті 2,7%-ға арттырып, $3,2 млн-ға жеткізді.

Freedom инвесторларға ықтимал тәуекелдерді де ескертеді. Олар: бәсекелестік қысым, ескі портфельдің капиталды шығындарды арттыру қажеттілігі, сондай-ақ компанияның ауқымы мен өтімділігінің шектеулі болуы. Micro-cap эмитенттері ірі компанияларға қарағанда құбылмалылыққа көбірек бейім, ал Global Self Storage қағаздарының төмен өтімділігі құлдырауларды күшейтуі мүмкін.

Акциялар жағдайы

Жыл басынан бері Global Self Storage котировкалары 5%-ға төмендеді. Компания қағаздарына Уолл-стрит сарапшыларынан бар болғаны екі рейтинг берілген, екеуі де «сатып алуға» кеңес береді. MarketWatch дерегінше, орташа мақсатты баға $6,25, бұл ағымдағы баға белгілеулерден 23%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары