Barron's жасанды жадыдан ұтуы мүмкін беймәлім акциялар тізімін жариялады

Жасанды жады мен онымен байланысты технологиялар — бірінші кезекте деректерді өңдеу орталықтары (ДӨО) — қазіргі таңда қор нарығының құрылымын айқындап отыр. Бұл ретте, ЖЖ-ның өркендеуі табыс табу мүмкіндігін тек «Ғажайып жетілік» деп аталатын ірі IT-алыптарының акцияларынан ғана емес, сонымен қатар іргелес салалардағы компаниялардан да табуға мүмкіндік береді, деп санайды Barron's басылымы.
ЖЖ үшін есептеу қуатына сұраныстың күрт өсуі деректерді өңдеу орталықтарының жаппай құрылысы мен жабдықталуына әкелуде. Бұл өз кезегінде электр энергиясына сұранысты арттыруда. Сондай-ақ, «Ғажайып жетілікке» кірмейтін акциялар — сервер өндірушілерден бастап девелоперлерге дейінгі бүкіл жеткізу тізбегіндегі компаниялардың қағаздары — осы үрдістен ұта алады, деп жазады басылым.
Bank of America мен Wolfe Research инвестициялық ұсынымдарының негізінде Barron's ЖЖ-ның өркендеуінен ұтатын 12 «көпшілік біле бермейтін» акцияның тізімін жасады. Бұл акцияларды арзан деп айту қиын. Олардың орташа P/E (баға/табыс) коэффициенті — 35, бұл S&P 500 индексінің орташа көрсеткішінен (24,5) әлдеқайда жоғары. Алайда бұл компаниялардың алдағы үш жылдағы пайдасының болжамды жылдық өсімі — шамамен 22%, бұл соңғы жылдардағы S&P 500 компанияларының орташа өсімінен екі есе жоғары, деп жазады Barron's FactSet деректеріне сілтеме жасап.
Уолл-стрит сарапшылары да Barron's тізіміндегі компанияларға жалпы нарықпен салыстырғанда әлдеқайда оптимистік көзқараста. Бұл акцияларды бақылап отырған сарапшылардың 68%-ы оларды сатып алуға кеңес береді. Ал S&P 500 индексіне кіретін орташа компания бойынша мұндай ұсынымды 100 сарапшының 55-і ғана береді, делінген мақалада.
Қай акциялар тізімге енді?
Caterpillar — төтенше жағдайларда электрмен жабдықтау үшін дизель генераторларын өндіруші. Акциялары P/E 25 коэффициентімен саудаланады (салыстыру үшін: Nvidia — 39). Сарапшылардың 56%-ы бұл қағаздарды сатып алуға кеңес береді;
GE Vernova — энергияны өндіру және таратумен айналысады. Бұл акциялар тізіміндегі ең қымбаты. Бағасы жылдық табыстан 82 есе жоғары. Соған қарамастан, 69% сарапшы оларды тартымды деп есептейді;
Eaton және Vertiv — серверлік стеллаждарға арналған үздіксіз қуат көздері мен қуат тарату блоктарын өндірушілер. Бұл екі акция сәйкесінше P/E 31 және P/E 36 көрсеткіштерімен саудалануда. Eaton акцияларын 70%, ал Vertiv акцияларын 79% сарапшы сатып алуға ұсынады;
WESCO — электротехникалық компоненттерді дистрибуциялаушы. P/E 16 көрсеткішімен бұл тізімдегі ең арзан акциялардың бірі. 69% сарапшы WESCO позицияларын арттыру қажет деп санайды;
Johnson Controls — өндірістік салқындату және климат-бақылау жүйелерін жеткізуші. P/E коэффициенті — 29. Сарапшылардың 52%-ы бұл қағаздарды сатып алуға кеңес береді;
nVent Electric — серверлік стеллаждарға арналған сұйықтықпен салқындату жүйелерін жасаушы. P/E көрсеткіші Johnson Controls-пен бірдей — 29. Алайда сенімділік әлдеқайда жоғары: 92% сарапшы nVent акцияларын тиімді инвестиция деп санайды;
Dell Technologies — серверлер мен деректерді сақтау жүйелерінің жетекші өндірушісі. Бұл тізімдегі ең төмен P/E — 13. Сарапшылардың 75% (төртеуінің үшеуі) бұл акцияларды сатып алуға кеңес береді;
Cisco Systems, Arista Networks және Ciena — желілік жабдықтар жеткізушілері. Бұл үш акцияның биржалық бағалары ұқсас: тиісінше P/E — 56, 51 және 46. Қазіргі бағамен Cisco-ға инвестиция жасауды 56%, Arista — 75%, Ciena — 61% сарапшы ұсынады;
Digital Realty — деректерді өңдеу орталықтарына арналған ғимараттарды салу және басқару. Бұл акциялардың P/E көрсеткіші Nvidia көрсеткішінен де жоғары — 47%. Сарапшылардың 66%-ы бұл акцияларды сатып алуға кеңес береді.








