БастыЖаңалықтарSmall Caps
Бөлісу

BillionToOne биржаға шықты: ДНҚ арқылы ауруды анықтайтын биотех IPO-сы

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

BillionToOne биржаға шықты: ДНҚ арқылы ауруды анықтайтын биотех IPO-сы

Freedom Finance клиенттеріне арналған сауда жүйесінде ДНҚ зерттеулері арқылы ауру белгілерін анықтаумен айналысатын молекулалық диагностика компаниясы BillionToOne акцияларымен алдын ала сауда басталды. Бұл IPO – осы нарықтағы АҚШ-тағы ең жылдам өсіп келе жатқан компаниялардың бірі үшін маңызды кезең әрі денсаулық сақтау секторындағы листингтердің жандануымен тұспа-тұс келіп отыр. 6 қарашадан кейін компанияның бағалы қағаздары Nasdaq биржасында BLLN тикерімен саудалана бастайды.

Егжей-тегжейлі

BillionToOne IPO нәтижесінде 273,1 млн доллар тартты. Компания 4,55 млн акцияны әрқайсынын 60 доллардан орналастырып, бастапқы жарияланған 49–55 доллар диапазонынан жоғары бағада сатты. Reuters деректеріне сүйенсек, компанияның нарықтық құны шамамен 2,64 млрд долларға бағаланды.

Сделканың ұйымдастырушылары JPMorgan, Piper Sandler, Jefferies, William Blair, Stifel, Wells Fargo Securities және BTIG болды.

Компания несімен ерекшеленеді?

BillionToOne 2016 жылы Озан Атай мен Дэвид Цао негізін қалаған. Олар қазіргі уақытта тиісінше бас атқарушы директор және техникалық директор қызметін атқарады. Компания ДНҚ-ны жеке молекула деңгейінде дәл талдауға мүмкіндік беретін технологияларды әзірлейді. Бұл тәсіл генетикалық және онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға және бақылауға жағдай жасайды.

BillionToOne әзірлеген Quantitative Counting Templates (QCT) технологиясы қан құрамындағы ДНҚ фрагменттерін сандық түрде есептеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы басқа әдістер байқамайтын генетикалық өзгерістерді де анықтауға болады. Компания бұл технологияны екі негізгі бағытта қолданады: пренаталдық скрининг (жүкті әйелдерге арналған тесттер); онкология.

2019 жылы компания UNITY тестін шығарды — бұл ұрық денсаулығын анықтауға арналған алғашқы инвазивті емес пренаталдық тест.

2023 жылы BillionToOne барлық қатерлі ісік түрлеріне арналған екі жаңа сұйық биопсиялық тестін таныстырды — олар тіндік биопсиясыз-ақ, рак жасушаларын молекулалық деңгейде дәл есептеуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың қаржылық нәтижелері: кіріс 152,6 млн долларға жетіп, бір жылда екі еседен астам өсті; таза шығын 2023 жылғы 82,7 млн доллардан 41,6 млн долларға дейін қысқарды.

Capital.com-ның түсіндіруінше мұндай өсім операцияларды кеңейту және тест көлемінің артуымен байланысты.

2025 жылы компания тесттерге рекордтық сұраныс пен орнықты өтемақы жүйесі бар екенін хабарлап, ұзақмерзімді табыстылыққа деген сенімді күшейтті.

Аналитиктер не дейді?

Freedom Finance аналитигі Алем Бектеміровтің айтуынша BillionToOne акцияларының өсу әлеуеті орналастыру бағасынан шамамен 17% жоғары — яғни мақсатты баға 70,4 доллар деңгейінде. Алайда бұл баға болжамды табыс пен маржиналдылыққа қатты тәуелді. Егер сатылым бәсеңдесе немесе тиімділік нашарласа, әділ баға төмендеуі мүмкін.

IPO Edge аналитигі Донован Джонс атап өткендей, BillionToOne-ның қаржылық көрсеткіштері айқын жақсарып келеді: кіріс күрт өсті, маржа артты, операциялық шығындар қысқарды, ақша ағымы оң нәтижеге шықты.

IPO қаражаты компанияның әрі қарай өсуі мен ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бағытталады. Алайда компания күшті бәсекелестікке, қызметтерді шектеулі бағытқа шоғырландыруға және масштабы ұлғайған сайын өтемақы жүйесіне байланысты белгісіздікке тап болуы мүмкін.

Capital.com атап өткендей, BillionToOne IPO-сы прецизиондық медицина мен диагностика саласына деген инвесторлар сенімінің артуымен үндес келеді. Бұл – әр пациенттің генетикасы, өмір салты, биомаркерлері сияқты деректерге сүйене отырып, жеке тәсілмен емдеу және алдын алу шараларын қолдануға негізделген медицина бағыты.

Компания бірнеше жыл ішінде тез өсіп, генетикалық ауруларды анықтауға және бақылауға жаңа көзқарас әкеліп отырған health-tech толқынының алдыңғы қатарынан орын алды.

Компанияның IPO-ға шығуы оның бизнес-моделінің жетілгенін көрсетеді: ол инновацияның бастапқы кезеңінен коммерциялық табысы дәлелденген деңгейге өтті. Бұл – дамыған биотех-компанияларға қызығушылық білдіретін институционалдық инвесторлар үшін маңызды фактор.

Акция бағасының болашақтағы динамикасы бірнеше факторға тәуелді болады: ғылыми және клиникалық тиімділікке, қаржылық өсім мен операциялық тәртіпке, нарықтағы бәсекелестік деңгейіне және технологиялардың бірегейлігіне, жалпы нарық ахуалы мен инвестор көңіл-күйіне.

Нарық және бәсекелестер

BillionToOne Natera, Guardant Health, Invitae, Myriad Genetics және Exact Sciences сынды ірі ойыншылармен бәсекеге түсуде.

2023 жылы 40–45 млрд долларға жетеді деп болжанған жаһандық молекулалық диагностика нарығында онкологиялық және пренаталдық тесттер негізгі өсім драйверлеріне айналмақ.

Capital.com-ның пікірінше осы екі бағытты бір платформада біріктіре білу BillionToOne-ға ұзақмерзімді бәсекелік артықшылық бере алады.

Freedom клиенттері BillionToOne акцияларын АҚШ биржасы ашылмай тұрып-ақ саудалай алады. Ерте премаркет саудасы Астана уақыты бойынша 15:30–16:30 аралығында, яғни биржалар ашылғанға дейін 2–3 сағат бұрын басталады. Саудаға қосылу үшін BLLN тикерін басу жеткілікті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары