БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Биткоин айлық құлдыраудан кейін рекорд жаңартты. Сатылым неге артты?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Биткоин айлық құлдыраудан кейін рекорд жаңартты. Сатылым неге артты?

Биткоин жаңа тарихи максимумға жетті. Оның қымбаттауы АҚШ қор нарығындағы раллимен қатар жүріп отыр. Инвесторлар тәуекелге көбірек баруда және енді биткоин бағасы 125 мың доллардан да жоғары болады деп күтеді. Орташа деңгейдегі инфляция және пайыздық мөлшерлемені төмендету жайлы үміт — криптовалюталар мен акцияларды қатар көтеріп тұрған негізгі факторлар.

Егжей-тегжейі

CoinGecko деректеріне сәйкес, сауда барысында биткоин бағасы 124 128 долларға дейін көтеріліп, соңғы бір айдағы ең жоғары деңгейін жаңартты. Бұл рекорд АҚШ-тың негізгі қор индексі S&P 500 екінші күн қатарынан жаңа максимуммен жабылғаннан кейін тіркелді, деп хабарлайды Bloomberg.

Мұндай синхронды қозғалыс, агенттік атап өткендей, алыпсатарлық сегменттер мен негізгі қор индекстерінің бірдей оптимизммен қуат алып отырғанын көрсетеді. АҚШ-тағы инфляция деректері осы аптада қыркүйекте ФРЖ (Федрезерв) саясатты жұмсартуы мүмкін деген болжамдарды күшейтті. Бұл капиталдың «blue chips» акцияларынан құбылмалы цифрлық активтерге ағылуына жол ашты.

Hyblock мәліметінше, биткоин бағасы 122 500 $ болған кезде қысқа позициялар шоғырланған кластер пайда болды. Олардың жабылуы биткоинді жоғары итермеледі. CoinGlass деректері бойынша, егер биткоин 122 800 $ – 125 500 $ диапазонынан өтсе, онда осы аймақтағы стоп-бұйрықтар жаппай іске қосылып, шамамен 2 млрд $ қысқа позициялар жойылу қаупіне ұшырайды. Бұл жағдайда биржалардың шорт-позицияларды мәжбүрлеп жабуы қосымша сұраныс тудырады.

Сарапшылар не дейді?

IG компаниясының талдаушысы Тони Сикамордың айтуынша, «125 мың доллардан жоғары деңгейде тұрақтап қалу биткоинді \$150 мыңға дейін жеткізуі мүмкін». Ол биткоиннің қымбаттауын инвесторлардың пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне сенімі, институционалды сұраныстың тұрақтылығы және АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің криптовалюта инвестицияларын жеңілдету шараларымен түсіндірді (Reuters).

Ergonia зерттеу бөлімінің директоры Крис Ньюхаустың сөзінше, «криптовалюталар акциялармен оң корреляцияға ие, Ethereum-да бұл байланыс биткоинге қарағанда күштірек». Оның айтуынша, криптонарықтағы инвесторлардың көңіл-күйі оң бағытта қалыптасып отыр.

DYOR криптовалюта зерттеу платформасының жетекшісі Бен Курланд: «Орташа инфляция, мөлшерлеменің төмендеуі жайлы үміт және ETF арқылы бұрын-соңды болмаған институционалды қатысу — мықты қолдаушы факторлар. Бұл жолғы криптораллидің басты ерекшелігі — сұраныстың жетілгендігі: бұл бөлшек инвесторлардың эйфориясы емес, активтерді басқарушылардың, корпорациялар мен ұлттық қорлардың құрылымдық сатып алулары», — деп атап өтті.

Контекст

2025 жылдың басынан бері биткоин бағасы үштен біріне өсті. Бұған криптоиндустрия көптен күткен реттеуші жеңістер себеп болды. Президент Дональд Трамп өзін «криптопрезидент» деп атап, соңғы бір жылда бұл секторда белсенді рөл атқарды (Reuters).

Биткоиннің көтерілуі криптовалюталар нарығында ауқымды раллиді бастады. Reuters-тің CoinMarketCap деректеріне сілтеме жасап хабарлауынша, 2024 жылғы қарашада (Трамп президенттік сайлауда жеңген кезде) 2,5 трлн $ болған криптонарықтың жалпы капитализациясы бүгінде 4,2 трлн долларға жетті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары