БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Brent мұнайы мамырдан бері алғаш рет барреліне $60-тан төмен түсті

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Brent мұнайы мамырдан бері алғаш рет барреліне $60-тан төмен түсті

16 желтоқсанда мұнай бағасы мамырдан бергі ең төмен деңгейге дейін төмендеді. Трейдерлер бағаға Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың бейбіт жолмен реттелуі мүмкін деген үмітті қоса бастады. Ал 2026 жылы мұнай нарығында ұсыныс артық болады деген болжам онсыз да күшейіп тұрған еді.

Егжей-тегжейлі

Таңғы саудада Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,8%-ға арзандап, барреліне $59,7 болды. Бұл — 5 мамырдан бергі ең төменгі күндік көрсеткіш. Эталонды мұнай бағасы пандемия кезінен бері алғаш рет $60 деңгейінен төмен түсті.

Ал АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы 15 желтоқсанда барреліне $56,8 деңгейінде жабылды — бұл 2021 жылдың ақпанынан бергі ең төмен баға, деп жазады Financial Times. Мәтін жарияланған сәтте қаңтар айына арналған WTI келісімшарттары шамамен 2%-ға арзандап, $55,7 деңгейінде саудаланды.

Британдық басылым мұнай бағасының құлдырауын АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты «бейбіт келісім бұрынғыдан да жақын» деген мәлімдемесімен байланыстырады. Bloomberg-тің дерегінше Шығыс Еуропада бейбітшілік орнайды деген үміт мұнай бағасындағы ұзақ уақыт сақталып келген геосаяси үстемақыны азайта бастады.

Сарапшылар не дейді

FT сауалнама жүргізген сарапшылардың пікірінше Украина бойынша кез келген бейбіт келісім қысқа мерзімде мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Себебі Ресей экспортына салынған санкциялар салдарынан қалыптасқан логистикалық қиындықтар жойылады.

Morgan Stanley-дің шикізат нарығы бойынша стратегi Мартин Ратстың айтуынша мұнайдың үлкен көлемі ұзарып кеткен жеткізу тізбектерінде «қамалып» тұр. Санкцияларға қарамастан, ресейлік мұнай нарыққа жетіп жатыр, бірақ танкерлер Батыс Ресей порттарынан Үндістан мен Қытайға дейін әлдеқайда ұзақ жол жүруге мәжбүр. Ратстың пікірінше дәстүрлі сауда бағыттарына қайта оралу «ондаған, тіпті жүздеген миллион баррель мұнай қоры босатылғанмен» тең әсер беруі мүмкін. Дегенмен ол нарықтар оқиғадан озып кетуі мүмкін екенін және мұндай үміттер бұрын да ерте ақталмағанын ескертті.

Energy Aspects консалтингтік компаниясындағылар келісім тез арада жасалады деп күтпейтінін айтты. Алайда олар Украина төңірегіндегі келіссөздерді, әсіресе Рождество мен Жаңа жыл қарсаңындағы сауда белсенділігі төмен кезеңде, негізгі геосаяси белгісіздік факторы деп бағалайды.

Контекст

FT-тың дерегінше Brent мұнайы қатарынан бес ай бойы арзандап келеді — бұл соңғы 11 жылдағы ең ұзақ төмендеу кезеңі. 2025 жылдың басынан бері баға барреліне шамамен $20 жоғалтты. Бұған алдағы уақытта нарықта мұнайдың шамадан тыс көп болуы мүмкін деген алаңдаушылық себеп.

ОПЕК өндірісті арттыру жоспарын қайта қарағанымен және қарашада Ресей мен Венесуэлаға қарсы санкциялар әсерінен ұсыныс азайғанымен, Халықаралық энергетика агенттігі (МЭА) 2026 жылы мұнай нарығында тәулігіне 3,7 млн баррель көлемінде профицит болады деп болжайды. Бұл көрсеткіш пандемия кезеңіндегіден де жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары