БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Broadcom компаниясы: Nvidia чиптеріндегі жасанды интеллект жұмысының жылдамдығы артты

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Broadcom компаниясы: Nvidia чиптеріндегі жасанды интеллект жұмысының жылдамдығы артты

Citi Research сарапшыларының болжауынша, Broadcom чип өндіруші компаниясының акциялары 10%-ға дейін өседі. Компания Nvidia-ның ЖИ-чиптеріне арналған жаңа коммутаторын таныстырды. Ол бір желіге біріктірілген процессорлар арасындағы дерек алмасуды едәуір жылдамдатады. Бұл серверлік жүйелердің өнімділігін арттырып, көптеген ірі тапсырыс берушілерді қызықтырып отыр. Соңғы екі айда 70%-ға қымбаттаған Broadcom акциялары 4 маусымдағы саудада тарихи максимумға жетті.

Егжей-тегжейі

Citi сарапшысы Кристофер Данели 3 маусым күні Broadcom акцияларының мақсатты бағасын 210 доллардан 276 долларға көтерді. Бұл – алдыңғы күнгі жабылу бағасынан 11%-ға жоғары. Ол Broadcom акцияларын сатып алуға кеңес беріп, ЖИ-чиптерге деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Broadcom бейсенбі күні тоқсандық есебін жариялайды, сарапшы одан жақсы нәтиже күтеді.

«Broadcom болжамнан жоғары табыс жариялайды деп сенеміз. Себебі ЖИ-ге деген сұраныс өсіп келеді», – делінген Данелидің Barron’s басылымы келтірген жазбасында.

ЖИ бағыты қарқынды дамып жатқанына қарамастан, Broadcom-ның басқа чиптер сатылымы 2023 қаржы жылының басындағы ең жоғары деңгейден әлі де 40%-ға төмен. Алайда Citi олар қалпына келеді деп болжайды.

Жыл басында Broadcom акциялары арзандағанымен, соңғы екі айда 70%-дан астамға өсті. 3 маусымда олар 3,5%-дан жоғары өсіп, жаңа рекорд орнатты.

Broadcom өнімдеріне сұраныс неге артуда?

3 маусымда компания жаңа буын Tomahawk 6 Ethernet-коммутаторларын таныстырды. Олар 10 Nvidia чипінен тұратын ЖИ-кластерлермен жұмыс істеуге арналған. Алғашқы партияны ірі тапсырыс берушілер алады, бірақ Broadcom олардың атын атамады. Жалпы нарыққа шілде айында шығады. Бағасы шамамен 20 мың доллар. Бұл – алдыңғы буынға қарағанда екі есе қымбат, бірақ алты есе жылдамырақ, дейді Broadcom.

ЖИ-модельдердің күрделенуіне байланысты дата-орталық провайдерлері мен зерттеушілер ондаған, кейде жүздеген мың ЖИ-чиптерді бір желіге біріктіреді. Мұндай жағдайда жылдам әрі сенімді байланыс аса маңызды.

Broadcom Core Switching Group басшысы Рам Велага компанияның баспасөз хабарламасында: «Nvidia чиптері қуатының тек 30–40%-ын ғана пайдаланады, өйткені олар деректердің желі арқылы келуін күтуге мәжбүр. Tomahawk 6 арқылы компаниялар жаңа чиптер сатып алмай-ақ, тапсырмаларды тезірек орындай алады», – деді.

«Broadcom – Ethernet чиптерінің премиум сегментіндегі көпжылдық көшбасшы. Бұл нарықтағы ең үздік өнім болмағанда, таңғалатын едім», – деді Данели Barron’s-қа берген пікірінде.

Инвесторларға не ұсынады?

Citi – Broadcom акциясына сенім білдірген жалғыз сараптама орталығы емес. Өткен аптада Melius Research сарапшысы Бен Райтзес мақсатты бағасын 198 доллардан 283 долларға көтеріп, «Сатып алу» рейтингін растады. Ол ЖИ-чиптерден түсетін табыстың ұзақмерзімді әлеуетін атап өтті. Broadcom әлі де Nvidia-дан кейінгі екінші орында, бірақ өсім әлеуеті жоғары.

FactSet дерегі бойынша, соңғы бір айда 16 сарапшы Broadcom акцияларын сатып алуға кеңес берді. Ал MarketWatch мәліметінше, жалпы 31 сарапшы «Сатып ал», 8-і «Нарықтан жоғары», ал 5 сарапшы акцияны портфельде ұстауға болады (Hold) деп бағалаған. Уолл-стриттің ортақ болжамы – 252 доллар, бұл қазіргі бағадан сәл төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары