БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Deutsche Bank: Еуропа нарықтары жаңа өсу кезеңінің алдында тұр

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Deutsche Bank: Еуропа нарықтары жаңа өсу кезеңінің алдында тұр

Deutsche Bank Еуропа акциялары бойынша болжамын жақсартып, «сатып алуға» кеңес берді — ал жазда керісінше, мұндай ұсыныстан бас тартқан еді.

Банк сарапшыларының пікірінше Еуропа нарықтарының АҚШ-тан 15 жылдық артта қалуы аяқталуға жақын.

Deutsche Bank мұндай оң көзқарасты үш фактормен түсіндіреді: АҚШ акцияларына қарағанда бағасы әлі де төмен болуы, нарықтардың әртараптануы, фискалдық ынталандырудың күшеюі.

Жыл басынан бері жалпыевропалық Stoxx 600 индексі шамамен 13% өсті.

Егжей-тегжейлі

CNBC-дің хабарлауынша Deutsche Bank Еуропа акциялары бойынша ұсынысын «бейтараптан» «позитивке» өзгертті.

Банк жыл соңына дейін өсім күтеді, ал 2026 жылы Stoxx 600 индексі 12%-ға, ал аймақтың негізгі индекстері 16%-ға дейін өсуі мүмкін деп болжайды.

«Біз соңғы 15 жылдағы АҚШ нарықтарының құрылымдық басымдығынан кейін бұрылыс кезеңіне келдік деп ойлаймыз. Бағалау, қарыз жүктемесі, нарық шоғырлануы мен тәуекел профиліндегі өзгерістер инвесторлардың Еуропаға қызығушылығын қайта оятуда», — дейді банк сарапшылары.

Америкалық S&P 500 және Nasdaq Composite рекорд жаңартып, ЖИ секторындағы «көпіршік» қаупін күшейткен тұста, инвесторлар АҚШ-тан тыс мүмкіндіктер іздей бастады, дейді CNBC.

Deutsche Bank атап өтеді: «Әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, Еуропа нарығы — қазіргі бағалауы тарихи деңгеймен салыстырғанда ең қалыпты қалған жалғыз аймақ».

Шілдеде банк жаһандық сауда шиеленісіне байланысты Еуропа нарықтарының рейтингін «сатып алудан» «бейтарапқа» түсірген болатын.

Аймақтық көшбасшылар мен негізгі секторлар

Сарапшылардың болжамынша, Stoxx 600 өсіміне ең көп үлес қосатын салалар — автокөлік өндірісі, энергетика және материалдар секторы.

Сондай-ақ шағын және орта капитализациялы компаниялар бағасы шамадан тыс өспеген, бұл да оң белгі ретінде бағаланады.

Deutsche Bank ең оптимистік болжамын Германия нарығына беріп отыр.

2025 жылғы бюджет бекітілген соң елдің шығындары артып, бұл өнеркәсіптік секторды қолдап отыр.

Германия қорғанысқа миллиардтаған еуро жұмсауды жоспарлап, оның басым бөлігі еуропалық өндірушілерге беріледі. «Тапсырыстардың, әсіресе қорғаныс саласында, орналастырылуы сұранысты арттырып, нарықты қолдап отыр — нақты шығын кейін жұмсалса да», — дейді банк.

Францияда саяси тұрақсыздық қысқамерзімді белгісіздік туғызуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде елдің акцияларына жаһандық экономика әсер етеді.

Банк француз CAC 40 индексі 2026 жылдың соңына дейін 14%-ға, ал неміс DAX индексі 16%-ға өседі деп күтеді.

АҚШ-тағы тәуекелдер

Deutsche Bank АҚШ нарығының өсуі жалғасады деп болжайды — бұған экономикалық көрсеткіштердің мықтылығы себеп.

Алайда банк жоғары қарыз деңгейі әрі компаниялар мен үкіметтің борыштық жүктемесі ұзақ мерзімді өсуге кедергі болуы мүмкін деп ескертеді.

Тағы бір тәуекел — нарықтың тым шоғырлануы: S&P 500 индексінде ең ірі компаниялар оның үштен бірін құрайды, ал Stoxx 600-де бұл үлес — 14% ғана.

Deutsche Bank-тің есебінше егер S&P 500-дің жеті жетекші компаниясын есепке алмағанда, соңғы бес жылда Stoxx 600 табыстылығы жоғарырақ болар еді.

Басқа сарапшылар не дейді

UBS те Еуропа нарықтарында әлеует бар деп санайды, деп жазады CNBC.

UBS-тің АҚШ және Еуропа бойынша стратегия тобының басшысы Гэрри Фаулердің айтуынша, аймақтың әлсіздігі экспортқа тәуелділіктен туындаған, ал ішкі нарықтарда өсім әлеуеті жоғары.

UBS-тің болжамы бойынша Stoxx 600 индексінің жылдық табыстылығы шамамен 10% болуы мүмкін. «Еуропа мұндай көрсеткішті көптен бері көрмеген», — дейді Фаулер.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары