Доллар маусым айының соңынан бері апталық ең жоғары өсіміне жақындады.

Доллар маусым айының соңынан бері бір апта ішіндегі ең жақсы көрсеткішіне жақындады / Фото: RomanR / Shutterstock
Bloomberg мәліметі бойынша, геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты инвесторлар дәстүрлі қауіпсіз активке қайта оралып, доллар соңғы бір айдағы ең жақсы апталық көрсеткішін тіркеуге жақын тұр.
Мәліметтер
АҚШ доллары 23 шілде, бейсенбі күні тіркелген үш апталық максимумға жақын тұрақты деңгейде тұр. Жұма күні Лондондағы сауданың басында апталық есеппен АҚШ доллары біраз арзандады, себебі кейбір трейдерлер демалыс алдында қысқа мерзімді өсу позицияларын жабуды жөн көрді; алайда Bloomberg мәліметі бойынша АҚШ долларына негізгі сұраныс мықты күйінде қалды.
Агенттіктің хабарлауынша, валютаны Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы мен АҚШ-тың соңғы кеден баждары нығайтып отыр. Апталық опциондардағы позиция соңғы айда доллар үшін ең қолайлы деңгейге жетті: бұл келесі аптадағы АҚШ Федералдық резерв жүйесінің отырысы алдында трейдерлер портфельдерін қорғау үшін премия төлеуге дайын екенін білдіреді, деп жазады Bloomberg.
АҚШ пайыздық мөлшерлемелерінің құбылмалылығы қайтадан валюталық нарықтың басты қозғаушы күшіне айналды. Инвесторлардың Федералдық резерв жүйесінің келесі қадамдары туралы әдеттегіден де аз анық түсінігі бар, ал облигация нарығындағы ауытқулар капиталды долларға және басқа да қауіпсіз активтерге бағыттап отыр, деп хабарлайды Bloomberg. Сәудгерлердің есептеуінше, келесі аптада ФРЖ пайыздық мөлшерлемені ширек пайыздық пунктке көтеру ықтималдығы үштен бірге тең.
Bloomberg мәліметі бойынша, АҚШ мемлекеттік облигациялар нарығындағы күтілетін құбылмалылықты бақылайтын ICE BofA MOVE индексі мамыр айынан бергі ең жоғары деңгейге көтеріліп, қараша айынан бергі ең ұзақ өсім кезеңін тіркеуге дайындалып отыр. Агенттіктің мәліметінше, 10 жылдық АҚШ қазынашылық облигациялары бойынша кірістілік 24 шілде жұма күні 4,7117 пайызға дейін өсті — бұл қаңтардың ортасынан бергі ең жоғары деңгей.
Аналитиктер не дейді
«АҚШ-та пайыздық мөлшерлемелердің ауытқуы артып, нарықта айқын көріне бастады», – деді BNY стратегі Дэвид Там. «Бұл валюта нарығының қозғалысына тікелей әсер етеді, қауіпсіз баспана активтері мен қаржыландыру валюталарына тиімді болады, бірақ бір уақытта тәуекелді құралдар мен carry-трейдтергесоққы береді».
Мұнай сондай-ақ валюта айырбастау нарығының динамикасын өзгерте бастады, энергияны экспорттайтын және импорттайтын елдер арасындағы алшақтықты ұлғайтып жатыр, деп хабарлайды Bloomberg. «Доллар күшейе бастады. «Сауда шарттарындағы осы айырмашылықтар мұнайды экспорттаушылар мен импорттаушыларға қалай әсер етіп жатқанын көре бастайсыз», – деді Голдман Сакс компаниясының валюта және дамушы нарықтар жөніндегі бас стратегі Камаксйя Триведи.
«Доллар тұрақты түрде өсуді жалғастыруда, себебі жоғары энергия бағалары орталық банктің жауап шараларын күтуге ықпал етеді», – деді ING компаниясының нарықтар жөніндегі жаһандық басшысы Крис Тернер. «Біз Федералдық резерв жүйесі келесі аптада пайыздық мөлшерлемелерді көтереді деп есептемесек те, осы үрдіске қарсы позицияға отыру өте қауіпті, және біз доллардың нарықтан озып кететініне күтеміз».










