БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ford акциялары 6%-ға төмендеді. Инвесторлар өртке қартысты енді ғана реакция берді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Ford акциялары 6%-ға төмендеді. Инвесторлар өртке қартысты енді ғана реакция берді

Ford Motor акциялары 6%-дан астам төмендеп кетті. Бұған The Wall Street Journal-да шыққан мақала себеп болды. Онда автокомпанияға жаңа ірі алюминий жеткізуші табу қажет екені айтылған. Себебі Ford-тың негізгі жеткізушісі болып саналатын Novelis зауыты үш апта бұрын өртке оранып, өндірісін жылдың соңына дейін қалпына келтіре алмайды. Инвесторлар металл тапшылығы автозауыттардағы құрастыру желілерінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Егжей-тегжейі

7 қазандағы саудада Ford Motor акциялары 6,1%-ға құлдырап, $11,9 деңгейіне түсті. The Wall Street Journal жазуынша, компания жақын арада көлік құрастыруға қажет алюминийдің жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін.

Ford-тың негізгі жеткізушісі — Нью-Йорк штатындағы Освего қаласында орналасқан Novelis зауыты. Бұл нысан 16 қыркүйекте ішінара өртеніп кеткен. Дегенмен инвесторлар өрт салдарын бірден бағалай алмады. Novelis компаниясы 30 қыркүйек пен 6 қазандағы баспасөз хабарламаларында өндірісті тек 2026 жылдың басында ғана қалпына келтіретінін хабарлады. Акциялардың кеш сатылуы Ford-тың нарықтық құнын шамамен $2,3 млрд-қа қысқартты, деп есептейді Barron’s.

Контекст

Novelis зауыты — Ford-тың ең ірі жеткізушісі. Компания үшін басты табыс көзі саналатын Ford F-150 пикаптарын жасауға АҚШ автосаласында ең көп алюминий жұмсалады, деп жазады WSJ.

«F-150 өндірісі үшін бұл өте маңызды мәселе, өйткені қажетті алюминий Освегодан жеткізіліп келген», — дейді алюминий саласының сарапшысы Каустубх Чандоркар.

Ford Novelis-пен тығыз жұмыс істеп жатқанын және өндірістегі үзілістерді азайту үшін балама жеткізушілерді іздестіріп жатқанын мәлімдеді. Компания үшінші тоқсан қорытындысы бойынша 23 қазанда өтетін конференция кезінде өрт салдары туралы жаңартылған ақпарат беруге уәде етті.

Инвесторлар бұл жаңалықтардың жағымсыз болатынын болжайды: өрт жеткізілімдердің үзілуіне және шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бірнеше автокомпанияға алюминий жеткізіп келген негізгі жеткізушінің өндірісі тоқтаса, қоймаларда қор азайып, баға өсуі мүмкін. Бұл аз да болса шығындарды өтеп береді.

Тек Ford емес

Novelis — АҚШ автосаласындағы алюминий парақтарының шамамен 40%-ын жеткізуші, деп жазады WSJ. Ford-тан бөлек, Toyota, Hyundai, Volkswagen және Jeep брендінің иесі Stellantis сияқты он шақты автокомпания Novelis-пен жұмыс істейді.

Toyota алюминий жеткізуде балама серіктестермен жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. «Біздің жеткізілім тізбегіндегі команда бұл жағдайға алдын ала дайындалды. Қазіргі жағдайымыз жаман емес, бірақ әлі де толық қауіпсіздікке шықпадық», — деді Toyota өкілі WSJ-ке.

Stellantis компаниясы да өрттің ықтимал әсерін азайту жолында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Ал Hyundai бұл жағдай өндірісіне тікелей әсер етпейтінін айтты.

Кедендік баждар ше?

Novelis өз мәлімдемесінде АҚШ-тағы автокомпанияларды алюминиймен қамтамасыз ету үшін шетелдегі зауыттарын пайдаланатынын айтты. Компания Еуропа, Бразилия және Оңтүстік Кореядағы прокат зауыттарын басқарады. Алайда қазіргі таңда АҚШ-қа алюминий импорттау үшін 50%-дық кедендік баж салығы қолданылады. Бұл өз кезегінде автожасаушылар үшін шығынды күрт өсіреді.

Компания өндірісті арттырып, тапшылықты жеңілдету үшін басқа сала өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Алайда WSJ жазуынша, Arconic, Constellium және өзге де алюминий прокаттаумен айналысатын ірі өндірушілердің бұл сегментке жедел бағыттай алатын бос қуаты шектеулі.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары