БастыSmall Caps
Бөлісу

Freedom қатерлі ісікке қарсы терапия әзірлеуші Candel акцияларын ұсынды

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Freedom қатерлі ісікке қарсы терапия әзірлеуші Candel акцияларын ұсынды

Freedom Broker шағын капиталдық құны бар Candel Therapeutics компаниясының акцияларын сатып алуға кеңес береді және олардың құны қазіргі бағамен салыстырғанда екі есе өседі деп болжайды. Сарапшылардың айтуынша, компания рак ауруларын емдеудің бірегей әдістерін әзірлеуде, қарызы аз және өз қызметін қаржыландыру үшін жеткілікті көлемде қаражатқа ие.

Егжей-тегжейлі

Freedom алғаш рет нарықтық құны $313 млн болатын Candel Therapeutics компаниясының акцияларына рейтинг беріп, бірден оларды сатып алуға кеңес берді. Компания үшін белгіленген мақсатты баға — $13. Бұл көрсеткіш 15 шілдедегі сауда жабылу бағасы $6,25-тен екі есе жоғары.

Freedom келтірген уәждер

Freedom мәліметінше Candel — қатерлі ісікке қарсы иммунотерапияның бірегей платформасын әзірлеп жатқан компания. Бұл тәсіл адамның өзінің иммундық жүйесін ракпен күресуге жұмылдыруды көздейді. Candel бұл мақсатқа екі түрлі платформаны пайдаланбақ: біріншісі — аденовирус негізіндегі флагмандық технология, ал екіншісі — қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) негізіндегі платформа, делінген компания сайтында.

Компания 2026 жылдың соңында бұл платформаны қуықасты безі обырын емдеуге тіркеу үшін құжаттарды салалық реттеушіге тапсыруды жоспарлап отыр, дейді Freedom сарапшылары.

Тағы бір маңызды драйвер — ҚГВ негізіндегі платформаның бастапқы сынақ кезеңі бойынша аралық деректердің жариялануы болуы мүмкін. Бұл технология қатерлі және қайталанатын глиоманы (ми немесе жұлын ісігі) емдеуге бағытталған. Аталған нәтижелер 2025 жылдың төртінші тоқсанында күтіледі.

Сонымен қатар Freedom Candel компаниясының борыштық жүктемесі төмен екенін және cash runway (яғни компанияның сыртқы қаржыландырусыз жұмыс істей алатын мерзімі) ұзақ екенін атап өтеді. 31 наурыздағы жағдай бойынша компанияның қолма-қол қаражаттары мен оның баламалары $92,2 млн-ды құрады, бұл сома 2027 жылдың алғашқы тоқсанына дейінгі кезеңде компанияның жұмысын қамтамасыз етуге жеткілікті, делінген оның есебінде.

Басқа сарапшылар не дейді

MarketWatch порталының мәліметіне сәйкес Уолл-стриттің бес сарапшысы Candel акциялары бойынша «сатып алу» деген бірдей ұсыныс берген. Орташа мақсатты баға — $20,2. Бұл 15 шілдедегі жабылу бағасына қатысты үш еседен астам өсімге сәйкес келеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары