БастыSmall Caps
Бөлісу

Freedom сарапшылары Western Union акцияларын тартымды инвестиция деп бағалауда

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Freedom сарапшылары Western Union акцияларын тартымды инвестиция деп бағалауда

Freedom Broker шағын капиталдық құны бар Western Union акцияларын сатып алуға кеңес береді. Ақшалай аударымдармен айналысатын компанияның нарықтық құны $2,8 млрд-ты құрайды. Freedom бұл қағаздардың дивидендтік кірістілігін «керемет» деп атап, екі ай ішінде 15% өсім әлеуеті бар екенін жазады.

Егжей-тегжейлі

Freedom Broker-дің пікірінше инвесторлар Western Union акцияларының баға өсімін тиімді пайдалана алады. 2024 жылдың басынан бері бұл қағаздар 20%-дан астам арзандап, $8,4 деңгейіне дейін түскен. Бірақ жаз айларында жағдай өзгеруі мүмкін. Сарапшылар алдағы екі айда акция бағасы $9,7-ге дейін өсуі ықтимал деп болжайды — бұл 18 маусымдағы жабылу бағасына (АҚШ биржалары 19 маусымда жабық болды) қарағанда 15%-ға жоғары.

Freedom ұстанымы

Western Union 2024 жылдың сәуірінде АҚШ-тың 2017 жылғы салық реформасынан кейін жиналған $800 млн салық берешегінің соңғы $200 млн-ын төлеп болды. Компания бұл төлемдерді бірнеше жыл бойы бөліп қайтарып келген. Эмитенттің мойындауынша бұл төлемдер оның ақшалай ағыны мен өтімділігіне қысым жасаған.

Freedom енді компанияның бос ақшалай ағындарын икемді пайдалана алатынын, мысалы, акцияларды кері сатып алу немесе бірігу/жұтылу (M&A) арқылы акционерлік құнды арттыра алатынын айтуда.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Western Union $76,7 млн сомасына акцияларын байбэк арқылы сатып алды. Ал мамырда компания бір акцияға $0,235 дивиденд жариялады — бұл қазіргі бағалармен есептегенде 11,2% кірістілік. Freedom сарапшыларының айтуынша 2024 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша компанияның есепшоттарында $1,29 млрд көлемінде қолма-қол ақша мен оның эквиваленттері болған. Ал тоқсан сайын дивидендке тек $80 млн жұмсалады.

Сарапшылар не дейді

MarketWatch деректеріне сүйенсек, Уолл-стриттегі 21 сарапшының тек үшеуі ғана Freedom-ның ұсынысын қолдап, Western Union акцияларын сатып алуға кеңес берген. Қалғандарының пікірі екіге бөлінген: тоғызы «ұстау», тағы тоғызы «сату» рейтингін берген.

Орташа мақсатты баға $10,58, бұл ағымдағы бағадан 25%-дан астам өсім әлеуетін білдіреді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары