БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Google негізін қалаушы әлемдегі ең бай үш миллиардердің қатарына кірді

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Google негізін қалаушы әлемдегі ең бай үш миллиардердің қатарына кірді

Google компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж Forbes рейтингі бойынша әлемдегі ең бай үш кәсіпкердің қатарына енді. Ол Alphabet акцияларының күрт өсуінен кейін Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озды. Бұл өсімге Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы аталған акцияларды сатып алуы және Gemini 3-тің таныстырылуы әсер етті. Бұл модель Alphabet акцияларына жаңа серпін беруі мүмкін.

Егжей-тегжейі

19 қараша күні Ларри Пейдж Forbes Real-Time рейтингі бойынша Джефф Безосты басып озып, үшінші орынға шықты. Бұл рейтинг нақты уақыт режимінде акция бағаларына байланысты жаңарып отырады.

Forbes мәліметінше, Пейдждің байлығы шамамен 6,4 миллиард долларға артқан. Оның Alphabet компаниясындағы үлесі — 3,2%. Ал Сергей Бриннің байлығы 5,9 миллиард долларға көбейген. Оның үлесі — 2,9%. Қазіргі рейтинг бойынша Пейдж үшінші орында, Брин — бесінші орында тұр.

Forbes дерегі бойынша, әлемдегі ең бай адам — Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск. Оның байлығы — 467,7 миллиард доллар. Екінші орында — Oracle компаниясының төрағасы Ларри Эллисон (277,8 млрд доллар). Безос болса Пейдж бен Бриннің ортасында, төртінші орында (235,3 млрд доллар).

Alphabet акциялары неге өсіп жатыр?

19 қарашада Alphabet акциялары бір күнде 6,7%-ға өсіп, $304,25-ке жетті. Бұл қыркүйек айынан бергі ең үлкен күндік өсім. Өсімге себеп — жаңа ЖИ моделі Gemini 3.0-дің таныстырылуы болды. Уолл-стрит сарапшылары бұл модельге оң баға беріп, Google ЖИ жарысында алғаш рет алға шықты деп отыр. 20 қараша күні таңертеңгі саудада акциялар тағы 3%-ға өсті.

Оған дейін де Alphabet акциялары өскен болатын. Себебі Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясы үшінші тоқсанда Alphabet акцияларын 4,3 миллиард долларға сатып алған. Бұл — әдетте технологиялық компанияларға сақ қарайтын инвестор үшін сирек қадам.

Alphabet компаниясының акциялары қазан айындағы есептен кейін 10%-ға өсті. Ол есепте компания алғаш рет тоқсандық табысын 100 миллиард доллардан асырғанын хабарлаған. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 16% артық. Google Cloud бөлімшесінің сатылымы 15,2 миллиард долларға жетіп, 34%-ға артты.

Алдағы тоқсандық есепте Alphabet жаңа Gemini 3 моделінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөледі деп күтілуде. MarketWatch бұл модельдің шығуы Alphabet акцияларының одан әрі өсуіне және Google-дың ЖИ нарығындағы орнын нығайтуға себеп болады деп жазған.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары