БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Alphabet құны өсті: Berkshire-дің жаңа инвестициясы жария болды

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Alphabet құны өсті: Berkshire-дің жаңа инвестициясы жария болды

Google-дың холдингтік компаниясы — Alphabet акциялары 17 қарашадағы премаркетте 5,2%-ға күрт көтерілді. Бұған Уоррен Баффет басқаратын Berkshire Hathaway технологиялық алыптағы өз үлесін жариялағаны себеп болды. Биылғы жылдың басынан бері Alphabet акциялары 46%-ға өсіп, 14,5% қосқан негізгі АҚШ индексі S&P 500-ден айқын озып келеді.

14 қарашада жіберілген есепке сәйкес Berkshire 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Google-дың бас компаниясының 17,9 млн акциясына ие болған. Reuters-тің есептеуінше бұл үлестің құнын соңғы жабылу бағасына сүйенсек, шамамен $4,93 млрд деп бағалауға болады.

Reuters атап өткендей, инвесторлар компаниялардың жасанды интеллектке жұмсайтын орасан шығындарына алаңдап отырған кезеңде Berkshire технологиялық секторға сирек жасалатын ставка жасады.

Соған қарамастан, Berkshire акциялар портфелі айтарлықтай дәрежеде қаржы секторына бағытталған күйінде қалып отыр — үшінші тоқсанның соңындағы инвестициялардың 36,6%-ы дәл осы салаға тиесілі, деп жазады Reuters Morningstar деректеріне сілтеме жасап. Алайда портфельдегі ең ірі үлеске ие компания бұрынғысынша технологиялық Apple болып қала береді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары