БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Гриффин: Қауіпсіз активтер — жалған тыныштық

Анна Краснова

Анна Краснова

Журналист
Гриффин: Қауіпсіз активтер — жалған тыныштық

Нарық тұрақсыз, бағалар құбылмалы, күн тәртібі барған сайын болжауға келмей бара жатқан кезде, инвестор не істеуі керек? Өз нұсқасын миллиардер, $66 млрд активті басқаратын Citadel хедж-қорының негізін қалаушы әрі басшысы Кен Гриффин ұсынады. Оның тәсілі үйреншікті «қорғанысқа көшу» стратегиясына қарсы келеді.

«Қауіпсіз» деген – табысты деген сөз емес

Нарықтағы белгісіздік күшейгенде инвесторларға «қорғанысқа көшу» — яғни, тәуекелді азайтып, қорғаныс активтеріне инвестиция салып, күтіп отыру — деген ой келуі мүмкін. Биыл мұндай шешім қабылдауға себеп көп: Дональд Трамптың саясатының болжамға келмеуі, Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің өсуі, мұнай бағасының серпілісі және инфляция туралы жаңа алаңдаушылықтар.

Алайда Кен Гриффиннің ойынша дағдарыс кезінде «қорғаныс ұстанымы» — шешім емес. Маусым айының басында ол Citadel-дің 2025 жылғы тағылымдамалық бағдарламасының қатысушыларына инвестор тәуекелді активтерден шығып, оларды облигациялар немесе құбылмалылығы төмен қорлар сияқты қорғаныс құралдарына ауыстырған кезде, бұл көбіне шығынға әкелетінін айтты, деп хабарлайды CNBC.

«Қаржы саласында сіз қорғаныс ойнасаңыз, сіз, негізінен, жеңілесіз. Портфельді басқарушы маған: «Мен қорғанысқа көшіп жатырмын» десе, мен минус күтем — себебі көбіне солай болады», — деді ол.

Гриффин мұны былай түсіндіреді: тәуекелден бас тартқан инвестор «қауіпсіз мәмілелерге» көшеді, бірақ бұл аймаққа әлдеқашан басқалар да ауысып үлгерген — ал дәл сол жерде жиі шығын болады. «Егер сіз қорғанбақ болсаңыз, жай ғана қолма-қол ақшаға өтіңіз», — деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Bloomberg-ке берген сұхбатында Гриффин АҚШ-тың сауда соғысына байланысты көктемгі құбылмалылық кезінде инвесторлар үшін ең жақсы стратегия — «кэште отыру» болғанын айтқан.

Инвестор үшін тәуекел мәдениеті

Гриффиннің айтуынша Citadel компаниясында саналы тәуекел мәдениетін қалыптастыруға жылдар кеткен: қызметкерлерді тәуекелге эмоционалды емес, математикалық немесе статистикалық күтілетін табыс негізінде шешім қабылдауға үйреткен.

«Адамдарды тәуекелге бейтарап болуға баули отырып біз керемет нәтижелерге жеттік, — дейді Гриффин. — Көп адам табиғатынан тәуекелден қашады. Бірақ қаржы саласында тәуекелге неғұрлым бейтарап болсаңыз, шешімдеріңіз табыстылық жағынан соғұрлым оңтайлы болады».

Хедж-қордың негізін қалаушы табысқа жету үшін сәтсіздікке де дайын болу қажет дейді. Сондықтан компанияда «қорғаныс активтеріне тығылатындарды» емес, белсенді әрекет ететіндерді бағалайды: «Біздің мәдениет — бұл нағыз тәуекелге баратындардың мәдениеті. Алға қадам басуға және кейде жеңілуге дайын адамдардың мәдениеті. Себебі егер сіз жаман күнге дайын болмасаңыз, жақсы күнге де жете алмайсыз».

Геосаяси тұрақсыздық, баға қысымы және ақша-несие саясатының болашағы бұлыңғыр болса да, Гриффин инвесторларға тәуекелден бас тартпауға кеңес береді. Оның тәжірибесі бойынша шектен тыс сақтық табысқа сирек жеткізеді: «қауіпсіз» активтер көбіне тұзаққа айналып, құбылмалылықтан қорқу табысты шешім қабылдауға кедергі болады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары