«Кәсіби мамандарды жеңу қиын»: Гриффиннің нарыққа жаңадан келгендерге кеңесі

$66 млрд активті басқаратын Citadel хедж-қорының негізін қалаушысы Кен Гриффин Bloomberg Originals-ке берген сұхбатында инвестор-жаңадан бастаушыларға бірнеше кеңес айтты.
Инвестициялық даналықпен бөлісуін сұрағанда «№1 ереже — әртараптандыру, — деді Гриффин. — Қор нарығына жаңадан аяқ басқан инвестор ретінде кәсіби мамандарды жеңуіңіз өте қиын екенін түсіну маңызды. Бұл мені NFL командасында футбол ойнауға шақырғанмен бірдей», — деді ол.
Миллиардердің айтуынша жаңадан келген инвесторлар жиі қателеседі, себебі олар акцияларды таңдаумен толық жұмыс күні айналысатын көптеген адамдар бар екенін ескермейді. Жеке инвестор табысты бола алады, деді ол, бірақ портфельдің елеулі бөлігін бұл іспен кәсіби айналысатын адамдарға сеніп тапсырған жөн.
Гриффин тағы не кеңес береді
Стрессті қалай жеңетіні жайлы сұраққа миллиардер Кен Гриффин әзілмен жауап берді: оған Häagen-Dazs брендінің шоколадты үгіндісі бар бір түйір ванильді балмұздақ пен ыстық шоколад көмектеседі екен.
«Соңғы айларда белімнің қаншалықты қалыңдағанына қарап-ақ, қаншалықты алаңдаулы болғанымды аңғаруға болады», — деді ол күлімсірей.








