БастыSmall Caps
Бөлісу

Intel ісі: АҚШ-тағы мемлекеттік қатысудан қандай small-caps компаниялар ұта алады

Едіге  Қасымжан

Едіге Қасымжан

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Intel ісі: АҚШ-тағы мемлекеттік қатысудан қандай small-caps компаниялар ұта алады

22 тамызда Intel компаниясы Ақ үйдің мемлекеттік субсидияларды үлеске айырбастау арқылы оның акцияларының шамамен 10%-ына иелік ететінін хабарлады. Мемлекет Intel-дің ең ірі акционері атанып, акцияларды нарықтық бағадан 17,5% жеңілдікпен алды. Мәміледен кейін Intel инвесторларды жаңа акционердің пайда болуы оның шетелдік бизнесіне қауіп төндіруі мүмкін екенін, мысалы, қосымша реттеу мен шектеулерге әкелетінін ескерткен болатын.

Шілде айында АҚШ Қорғаныс министрлігі сирек кездесетін жер металдарын өндіретін MP Materials компаниясының ең ірі акционері атанды. Пентагон 15% үлеске ие болып, шамамен 8% иелік ететін қытайлық Shenghe Resources компаниясынан асып түсті. Мәміленің басты элементі — магнит өндірісінде аса қажет екі элемент үшін минималды кепілдендірілген бағаны 1 кг үшін $110 деңгейінде белгілеу болды — бұл Қытай нарығындағы қазіргі баға деңгейінен екі есе жоғары, деп жазды Reuters. Сонымен қатар, АҚШ Энергетика министрлігі минералдарды өндіру, өңдеу және технологиялар өндірісін қолдау мақсатында $1 млрд-қа дейін қаржы бөлу туралы жариялады.

2024 жылдың соңында АҚШ Сауда министрі Говард Латник Дональд Трамп әкімшілігінің Lockheed Martin, Boeing және Palantir секілді ірі қорғаныс мердігерлерінің акцияларының пакеттерін алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Freedom Finance Global компаниясының аналитигі Сергей Глинянов зерттеулер компания капиталына мемлекеттің елеулі қатысуы оның тиімділігінің төмендеуіне алып келетінін ескертеді. Оның бір себебі — инновацияларды енгізу қарқынының бәсеңдеуі: мемлекет қатысқан жағдайда компаниялардың нарықтық жағдайларға жедел бейімделу мүмкіндігі шектеледі.

Алайда, Глиняновтың айтуынша бұл тұжырым қорғаныс кәсіпорындарына әрдайым қатысты емес — олардың стратегиялық маңыздылығы жоғары. Дегенмен, үкімет компанияның барынша табысты жұмыс істеуін емес, басқа мақсаттарды көздеуі мүмкін.

Аналитиктер мен нарық келесі қай ірі компанияда мемлекет акционер ретінде пайда болуы мүмкін екенін болжауда. Бұл уақытта Noble Capital Markets брокер-дилері экономикада мемлекеттің белсендірек қатысуы шағын компаниялар үшін тиімді болуы мүмкін екеніне назар аударады.

Олардың қатарында кім бар?

Кішкентай, бірақ маңызды компаниялар

Шағын капитализациясы бар компаниялар көбінесе дрондық жүйелер мен спутниктерден бастап, киберқауіпсіздік компоненттеріне дейін стратегиялық маңызды технологияларды жеткізеді. Noble Capital Markets-тің пікірінше біріншіден, олар шағын компаниялармен жұмыс істейтін ірі қорғаныс мердігерлері үстінен мемлекеттік бақылау орнауы арқылы қорғаныс бюджетінен көбірек қаржы ала алады.

Екіншіден, АҚШ үкіметінің тікелей немесе жанама инвестициялары бұл компаниялардың қаржылық жағдайын нығайтып, капиталға қолжетімділікті арттырып, шағын капитализациясы бар жария компаниялар үшін тәуекел мен табыс арасындағы балансты жақсартуы мүмкін.

Canaccord Genuity 14 тамыздағы есебінде сирек кездесетін жер металдарын өндірудің басты өсу драйвері ретінде АҚШ үкіметінің қолдауын атады. Есепте MP Materials-дің америкалық билікпен жасаған келісімінен USA Rare Earth компаниясы ұтатыны айтылған — бұл АҚШ-тағы сирек жер металдары мен магниттердің ең ірі жеткізушілерінің бірі. Canaccord Genuity USA Rare Earth акцияларының мақсатты бағасын 23%-ға, $21-ға дейін көтеріп, «сатып алуға» кеңес беруді растады. Бұл акциялар ағымдағы бағадан шамамен 30% өсім көрсетеді деген болжамды білдіреді.

АҚШ Ішкі істер министрлігі диспрозий мен ниобийді елдегі өндірудің болмауына байланысты стратегиялық маңызды минералдар тізіміне енгізді. Бұл Небраскадағы NioCorp жобасының маңызын арттырады, деп жазады Maxim Group аналитиктері. Олар акциялардың мақсатты бағасын $5-тен $7-ға көтеріп (өсім әлеуеті — 30%), «сатып алуға» кеңес беруді растады. Maxim Group сирек кездесетін металдар өндірісі жобасының перспективаларын және мемлекеттік қолдау есебінен капитал құнының төмендеу мүмкіндігін атап өтеді.

Глинянов бұл жағдайда өндірісі АҚШ-та толық локализацияланған және өнімдерін ірі интеграторларға жеткізіп отырған компанияларға назар аударуға кеңес береді. Осындай компаниялардың бірі — Innovative Solutions & Support — ұшақтарға арналған авионика мен басқару жүйелерінің компоненттерін өндіруші. Freedom мақсатты бағасы — $16,9, бұл ағымдағы бағадан шамамен 40% өсу әлеуетін білдіреді. Уолл-стрит аналитиктерінің орташа мақсатты бағасы — $15,55: біреуі акцияларды сатып алуға, екіншісі — ұстауға кеңес береді, деп көрсетеді MarketWatch.

Глиняновтың екінші ұсынысы — M-tron Industries. Компания негізінен радиоэлектроникада қолданылатын резонаторлар мен генераторларды шығарады. Қорғаныс және ғарыш саласындағы бюджеттердің өсуі, сондай-ақ коммерциялық авионика сегментінің сенімді қалпына келуі компания өнімдеріне сұранысты ынталандырады, дейді сарапшы. M-tron-ның ірі клиенттерінің қатарында Lockheed Martin және Boeing бар. Freedom бұл акцияларға мақсатты бағасын $61 деп бағалайды, бұл ағымдағы бағадан шамамен 15,5% жоғары. Бұдан бөлек, Уолл-стриттен тек бір ғана аналитик M-tron акцияларына рейтинг берген: ол да «сатып алуға» кеңес береді, мақсатты бағасы — $64.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары