БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Инвесторлар төртінші күн қатарынан технологиялық акцияларды сатуда

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Инвесторлар төртінші күн қатарынан технологиялық акцияларды сатуда

Қараша айының 14-і күні америкалық акциялар сауда-саттықты күрт төмендеумен бастады. Бұл — соңғы күндері жалғасып келе жатқан жаппай сату толқынының жалғасы. Barron’s басылымының жазуынша, инвесторлар технология мен жасанды интеллектке (ЖИ) байланысты акциялардың тым жоғары бағаланғанына алаңдап отыр. Сонымен қатар, АҚШ-та үкімет жұмысының ұзақ уақыт тоқтап қалуынан кейін Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) желтоқсанда мөлшерлемені төмендетуіне деген сенім де азайып келеді.

— Қарашаның 14-і күнгі сауда ашылған сәтте ең көп құлдыраған — Nasdaq Composite индексі (технологиялық компаниялар акциялары): ол 1,6%-ға төмендеді. Бұл — технологиялық акциялардың қатарынан төртінші күн арзандауы.

— Жалпы нарықты қамтитын S&P 500 индексі 1,3%-ға түсіп, 6 652,1 пунктке жетті.

— Dow Jones Industrial Average («көк чиптер» индексі) 1,1%-ға төмендеп, 47 067,56 пункт болды.

— Уолл-стриттің «қорқыныш индексі» ретінде белгілі CBOE Volatility (VIX) 11%-ға өсіп, 22 пункттен асты. 20 пункттен жоғары деңгей нарықтағы тұрақсыздықтың күшейгенін көрсетеді.

Трейдерлер қазір желтоқсан айында ФРЖ мөлшерлемені төмендетуі мүмкіндігін 50%-дан аз деп бағалауда. Бұл сенімнің төмендеуіне орталық банк өкілдерінің мәлімдемелері әсер етті. Олар саясатты жұмсартуды үшінші рет қатарынан қайталау қажет пе деген күмәндерін білдіріп отыр. Себебі экономика тұрақтылық көрсетіп тұр, ал инфляцияға қатысты белгісіздік әлі де сақталуда. Дегенмен, Bloomberg жазуынша, ФРЖ басшыларының көбі қандай шешімге келіп жатқаны әлі де нақты емес — кейбіреулері еңбек нарығының әлсіреу белгілеріне алаңдаулы.

CME FedWatch құралының дерегінше, желтоқсанда мөлшерлеме төмендейді деген ықтималдық уақытша 50%-дан төмен түсті. Бір ай бұрын трейдерлер жыл соңына дейін мөлшерлеме қазіргі деңгейден кем дегенде 0,25 пунктке төмендейді деген сенімді 94,4% деп бағалаған. Ал жұма күні бұл ықтималдық аздап өсіп, 53,6%-ға жетті.

IG сауда платформасының бас нарық сарапшысы Крис Бошам Barron’s басылымына берген пікірінде:

«Біз тағы да технологиялық компаниялардың тым қымбат бағаланғанына және желтоқсанда ФРЖ мөлшерлемені түсірмей қоюы мүмкін екеніне алаңдай бастадық. Бұл екеуі де ұзақ мерзімді өсім үшін қауіпті емес, бірақ акциялар рекордтық деңгейде тұрған шақта, қысқа мерзімде мұндай жаңалықтарға оң жауап бере алмайды», — деді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары