Инвесторлар ЖИ дүрбелеңінен қорғануда: «Дотком дәуірінің» тактикасы қайта оралды

ЖИ (жасанды интеллект) саласындағы алыпсатарлық өскен сайын, абай инвесторлар 1990-жылдардағы интернет-бум кезіндегі стратегияларға қайта оралып отыр. Олар нарықтағы басты ІІ ойыншылары Nvidia, Microsoft, Alphabet сияқты компаниялардан бойын аулақ ұстап, бірақ сонымен байланысты салаларға және жаңа, әлеуетті серпіліс әкелетін бағыттарға қаржы салуда.
Дотком дәуірінің сабағы
Көптеген сарапшылар қазіргі ЖИ нарығындағы қызуды 1990-жылдардағы интернет-көпіршігімен салыстырады. Ол да бастапқыда стартаптардан басталып, телеком мен IT секторына жайылып, ақырында дағдарыспен аяқталған еді.
Reuters агенттігі жазғандай, сол кезде хедж-қорлар қымбаттап үлгерген акцияларды уақтылы сатып, табысты басқа салаларға бағыттай отырып, нарықтан алға шыққан.
Amundi компаниясының мультиактивтік стратегиялар жетекшісі Франческо Сандрини: «Біз 1998–2000 жылдары жұмыс істеген әдістерді қайта қолданамыз», — дейді.Оның айтуынша, Уолл-стриттегі «иррационалды молшылықтың» белгілері айқын — тәуекелі жоғары опциондарға сұраныс күрт өскен.
Сандрини ЖИ-ға деген қызығушылық толқыны әлі жалғасады деп есептейді, сондықтан бағасы әділ, бірақ әлеуеті жоғары активтерге инвестиция салуды жөн көреді. Amundi қазір бағдарламалық қамту, робототехника және Азия технологиялық секторына назар аударуда.
Кім ұтады?
— Goshawk Asset Management директоры Саймон Эдельстен ЖИ нарығындағы бәсеке «триплиондар жұмсалып жатқан, бірақ әлі толық қалыптаспаған нарыққа» айналып бара жатқанын айтады. Ол келесі өсу толқыны Nvidia мен Microsoft-тан тыс, туыс салаларға тарайды деп болжайды. Эдельстен IT-консалтинг пен жапон робототехникасын ең тартымды бағыттар деп санайды: «Бұл алтын безгегі секілді: алтын қазушылардан гөрі күрек сататын дүкендер көбірек табыс табады».
— Fidelity International сарапшысы Бекки Цин ЖИ-дың энергияға деген сұранысы уран мен ядролық энергетикаға жаңа серпін береді деп сенеді.
— Carmignac компаниясының Кевин Тозе «Ғажайып жетілік» акцияларынан табыс бекітіп, тайваньдық Gudeng Precision — ЖИ-чиптерге арналған контейнер өндірушісіне инвестицияны арттырып отыр.
— Pictet Asset Management стратегы Арун Сай ЖИ дата-орталықтарының тым тез салынуы қуат артықшылығына әкелуі мүмкін деп ескертеді. Оның қорғаныс стратегиясы — қытай нарығына ставка жасау.
— Janus Henderson менеджері Оливер Блэкборн америкалық технология акцияларындағы позицияларын еуропалық және медициналық активтермен хеджирлеп отыр: «Біз 1999 жылдамыз — әзірге көпіршік жарылған жоқ», — дейді ол.








