БастыЖаңалықтар
Бөлісу

IPO McGraw Hill: білім беру аңызының EdTech бағытымен нарыққа шықты

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

IPO McGraw Hill: білім беру аңызының EdTech бағытымен нарыққа шықты

Білім беру саласындағы танымал компания McGraw Hill акциялары 24 шілдеде Freedom сауда жүйесінде MH тикерімен инвесторларға қолжетімді болды. 1888 жылы негізі қаланған ұйым дәстүрлі оқулық баспасынан заманауи цифрлық EdTech шешімдерінің жетекші жеткізушісіне айналды. Компания акциялары алдағы сағаттарда Нью-Йорк қор биржасында да саудалана бастайды.

Егжей-тегжейлі

McGraw Hill акцияларын бір данасын $17 бағамен орналастырды – бұл алдын ала жарияланған баға диапазонының ($19–22) төменгі шегінен $2 арзан. Барлығы 24,39 млн акция сатылып, жалпы $414,6 млн, ал таза $386 млн көлемінде табыс тартылды. Bloomberg есебінше сауда нәтижесінде компанияның нарықтық құны 3,2 млрд долларды құрады.

Листингтің ұйымдастырушылары ретінде Goldman Sachs, BMO Capital Markets, JPMorgan, Macquarie Capital, Morgan Stanley, Deutsche Bank Securities және UBS Investment Bank шықты.

Компания неліктен қызықты

McGraw Hill бүгінде басымдықты цифрлық білім беру технологияларына беріп отыр. Компания портфелінде жасанды интеллект негізіндегі математика үйрету платформасы мен оқу материалдарымен жұмыс істеуге бейімделген AI Reader бар. McGraw Hill табысының 65%-ы дәл осы цифрлық өнімдерден түседі. 31 наурызда аяқталған қаржы жылында компанияның ақылы цифрлық пайдаланушыларының саны 26 миллионға жетті.

McGraw Hill АҚШ-та жоғары білім нарығындағы ең ірі жеткізушілердің бірі болып, елдегі колледждер мен университеттердің 82%-ын қамтиды. Соңғы жылдағы компания табысы 7%-ға өсті, ал шығындары екі есе қысқарды. IPO-дан түскен қаржы қарыз жүктемесін азайту мен технологияларды дамытуға жұмсалады.

Айта кетерлігі, бұл IPO оқулыктар баспасын Apollo компаниясы $2,5 млрд-қа сатып алғаннан кейінгі 13 жылдан соң өтті. 2015 жылы McGraw Hill-ді биржаға қайта шығаруға талпыныс болғанымен, 2021 жылы ол Platinum Equity инвестициялық фирмасына $4,5 млрд-қа сатылды.

Freedom пікірі

Freedom Broker сарапшысы Әлем Бектеміровтың есебінше салалық мультипликатордың орташа мәні 3,41 болған жағдайда McGraw Hill бизнесінің есептік құны $7,2 млрд-қа тең. Қарыз көлемі мен қолда бар қаражатты ескерсек, компания акцияларының мақсатты бағасы $23-ке жуықтайды. Бұл шамамен 35% өсім әлеуетін көрсетеді.

Бектеміров компания алдындағы негізгі қауіп-қатерлер ретінде нарықтағы бәсекелестікті, мемлекеттік білім стандарттарындағы өзгерістерді атап өтіп, АҚШ-та жаңа клиенттерді тарту динамикасын мұқият бақылауға кеңес береді.

Басқа сарапшылар не дейді

IPO Edge талдау тобының жетекшісі Донован Джонстың пікірінше McGraw Hill-дің қаржылық көрсеткіштері тұрақты болғанымен, компанияны серпінді өсіп келе жатқан деп атауға жеткіліксіз. Цифрлық білім беру секторы қарқынды дамып жатқан тұста McGraw Hill-дің өсу қарқыны біршама баяу көрінеді. Компанияның табысының 81%-ы АҚШ нарығына тиесілі болғандықтан, бұл мемлекеттік қаржыландырудағы өзгерістерге тәуелділік тәуекелін арттырады.

Сонымен қатар, компанияның жаһандық экспансияға бет бұруы, жасанды интеллектіні енгізуі және кадрларды қайта даярлау нарығына шығуы әлемдік lifelong learning (өмір бойы оқу) трендіне сай келеді.

Джонс компанияның жеке инвестициялық құрылым бақылауында қалғанына да назар аударады. Бұл миноритарлық акционерлердің ықпалын шектеуі және басқарушылық шешімдердің жекелеген инвестор мүдделеріне қайшы келуіне әкелуі мүмкін.

Контекст

Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, созылмалы инфляция және геосаяси тұрақсыздық жеке инвестициялық қорларға қысым түсіріп отыр. Бұл жағдай оларды ашық нарыққа шығып, өтімділікті қамтамасыз етуге итермелеуде. Мұндай жағдайда IPO-ға дайын тұрған көптеген компаниялар өздерінің листингін бұрынғыға қарағанда жиі жүзеге асыруда, деп хабарлайды Reuters.

Мәселен, 23 шілдеде тұтынушылық аналитика мен сауда аудиті саласындағы ірі провайдер NIQ Global өз акцияларын орналастырды. Ол Advent International қорына тиесілі. Компания акцияларын баға диапазонының төменгі шегіне жақын орналастырып, алғашқы сауда күні-ақ олардың құны шамамен 10%-ға құлдырады.

Freedom клиенттері McGraw Hill акцияларымен негізгі биржа сессиясы ашылғанға дейін сауда жасай алады. Сауда АҚШ биржалары ашылмай тұрып, Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін MH тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары