БастыЖаңалықтар
Бөлісу

JPMorgan басшысы Трамп енгізген баж салығы нарықты 10%-ға құлдыратуы мүмкін дейді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
JPMorgan басшысы Трамп енгізген баж салығы нарықты 10%-ға құлдыратуы мүмкін дейді

JPMorgan бас директоры Джейми Даймонның болжамынша, АҚШ-тағы қор нарығы 10%-ға дейін құлдырауы мүмкін, егер компаниялар баж салығының ұзақмерзімді салдарынан табыс бойынша болжамдарын төмендете бастаса. Сәуір айының басында баж салығына байланысты құлдыраған америкалық акциялар соңғы бір айда барлық шығынды толықтай өтеп үлгерді. Бұл – «ерекше деңгейдегі бейқамдық», дейді топ-менеджер.

Егжей-тегжейлі

JPMorgan бас директоры Джейми Даймон 19 мамырда өткен инвесторлар күнінде: АҚШ компанияларының импорттық баж салығына байланысты шығындарынан табыс болжамдарының төмендеуі қор нарығының 10%-ға құлдырауына алып келуі мүмкін, — деді ол (WSJ). Айтуынша, саудаға қатысты тәуекелдер инвесторларды америкалық акциялардың құнын қайта қарауға мәжбүр етуі мүмкін.

Баж салығының толық әсері экономикада әлі байқалған жоқ, ал баяулау қаупі жеткілікті деңгейде бағаланбай отыр. Дональд Трамптың қазіргі жұмсарған сауда саясатының өзі-ақ «айтарлықтай қатаң» күйінде қалып отыр, дейді бас директор.

«Нарықта таңғаларлық бейқамдық байқалады», — дейді Даймон. Ол мұндай жағдайдың соңғы рет 50 жыл бұрын болғанын еске салды: АҚШ 1971 жылы барлық сауда әріптестерінен импортқа 10% баж енгізген еді.

Сонымен қатар, Даймон арзан несиемен жұмыс істеуге үйреніп қалған компанияларға несиелік қысым қауіп төндіруі мүмкін екенін де ескертті.

«Менің ойымша, америкалық активтер әлі де тым жоғары бағаланған», — деді JPMorgan басшысы. — «Ал қазіргі жағдайда несие — қауіпті тәуекел», — деп түйіндеді ол.

Контекст

2 сәуірде АҚШ-қа импортқа салынған жаңа баж салығынан кейін қор нарықтары күрт құлдырады. Алайда сол айдың өзінде нарықтар қайта қалпына келе бастады, әсіресе Вашингтон мен Бейжің арасындағы баж салығын 90 күнге тоқтату туралы уағдаластан соң өсім күшейді. Соған қарамастан, АҚШ-пен сауда жасайтын елдердің көбісіне қатысты жоғары импорттық салықтар күшінде қалуда, деп еске салады The Wall Street Journal.

General Motors, JetBlue және Volvo секілді бірнеше ірі компания 2025 жылға арналған пайда болжамдарын кері қайтарып алды. Ал өткен аптада Walmart «шығындардың бұрын-соңды болмаған өсуіне» сілтеме жасап, бағаны көтеретінін жариялады. Газет жазуынша, алдағы айларда баж салығы бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін, дегенмен сәуір айында инфляция деңгейі салыстырмалы түрде төмен болған.

JPMorgan басшысы Джейми Даймон бұған дейін бірнеше рет экономикаға төнетін қауіптер жөнінде ескерткен болатын, бірақ WSJ атап өткендей, оның кейбір болжамдары кейін орындалмаған. Соңғы кездері Даймон баж салығының АҚШ экономикасына және елдің халықаралық беделіне әсері туралы ерекше алаңдаушылық білдіріп жүр.

JPMorgan инвестбанкі нарықты бағалауда сақ ұстанымымен танымал. 12 наурызда банк АҚШ экономикасында 2025 жылы рецессия басталу қаупін 40% деп бағалады. 7 сәуірде JPMorgan-ның стратегi Майкл Сембалест — Даймон өзі «фирманың ең үздік ақыл-ой иелерінің бірі» деп атаған маман — Дональд Трамптың сауда саясатына қатысты өткір пікірлерін баяндамасынан алып тастауға мәжбүр болды. Стратегтің әрекеті Уолл-стритте мынадай сұрақ туындатты: жаңа әкімшіліктің әрекеті жаһандық нарыққа әсер етіп жатқанда, оны қаншалықты ашық сынауға болады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары