БастыSmall Caps
Бөлісу

JPMorgan Howard Hughes акцияларына ұсынысын өзгертті: Экман жоспарына сенбейді

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
JPMorgan Howard Hughes акцияларына ұсынысын өзгертті: Экман жоспарына сенбейді

JPMorgan инвестбанкі шағын капиталды құрылыс компаниясы Howard Hughes акцияларына берген ұсынысын «сатып алудан» «ұстап отыруға» дейін төмендетті, деп хабарлады CNBC. Компания миллиардер Билл Экманнан $900 млн тартуға дайындалып жатыр. Экман бұл құрылыс компаниясын Уоррен Баффеттің үлгісімен «жаңа Berkshire-ге» айналдыруды жоспарлап отыр. Алайда, инвестбанктің сарапшылары бұл жоспардың іске асатынына сенбейді.

Егжей-тегжейлі

JPMorgan енді Нью-Йорк биржасындағы капиталдық құны $4 млрд-қа жетпейтін Howard Hughes акцияларын сатып алуға кеңес бермейді. Енді банктің сарапшылары инвесторларға бұл қағаздарды ұстап отыруды ұсынады, делінген 23 маусымда жарияланған есепте.

Банктің сарапшылары Pershing Square хедж-қорының негізін қалаушы миллиардер Билл Экманның жоспарларына сенімсіздікпен қарауда. Экман Howard Hughes компаниясының жартысына жуық үлесін сатып алып, оны инвестициялық холдингке айналдырғысы келеді, делінген құжаттарда.

«Pershing Square және Билл Экман компанияға тартылатын ақшаны жылжымайтын мүліктен тыс (мүмкін, сақтандыру саласына) инвестициялауды көздейді және Howard Hughes-ті әртараптандырылған холдингке айналдырмақ. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, біз акцияларға берген бағамызды «бейтарап» деңгейге өзгертеміз», — делінген JPMorgan-ның инвестициялық жазбасында, оны CNBC келтірген.

Экман не істемек?

Экман басқаратын Pershing Square хедж-қоры Howard Hughes компаниясының жаңадан шығарылатын 9 млн акциясын бір данасын $100 бағамен сатып алмақ. Осы мәміле нәтижесінде Pershing құрылыс компаниясының 46,9% акциясына ие болады, деп мәлімдеген тараптар мамыр айында.

Экман бұл мәміледен кейін Howard Hughes негізінде «заманауи Berkshire» құруды жоспарлап отырғанын айтқан — яғни, болашағы бар активтерді инвестициялық мақсатта сатып алатын холдинг. Егер Баффет «піл аулауды» көздесе, Экман әзірге «ұсақ жануарлардан»,  яғни шағын жобалардан бастайтынын айтып жеткізді.

Акциялар жағдайы

23 маусым күнітJPMorgan есебі жарияланған кезде Howard Hughes акциялары 3,6%-ға арзандап, $66,75 деңгейінде саудаланды. Жыл басынан бері бағамдар 13%-дан астам төмендеген.

MarketWatch порталының дерегі бойынша құрылыс компаниясының акцияларына Уолл-стрит сарапшылары үш рет «сатып алу» және бір рет «ұстап отыру» рейтингін берген. Орташа мақсатты баға — $80,33. Бұл — 23 маусымдағы жабылу бағасымен салыстырғанда 20% астам өсу әлеуеті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары