БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Күміс бағасы унциясына $50-дан асты. Бұл 1980 жылдан бергі алғашқы рекорд

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Күміс бағасы унциясына $50-дан асты. Бұл 1980 жылдан бергі алғашқы рекорд

Күмістің спот бағасы бірнеше онжылдықтағы ең жоғары деңгейге жетті. Бұған қорғаныш активтерге сұраныстың өсуі мен Лондондағы бағалы металдар нарығындағы тапшылық себеп болды. Күміс бағасының көтерілуі биылғы алтынның рекордтық өсуін де басып озды.

Егжей-тегжейі

9 қазанда күміс шамамен 4%-ға қымбаттап, бір унциясы $50,85 деңгейіне жетті. Бұл 1980 жылдың басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сол кезде Хант бауырлары күміс бағасын жасанды түрде өсіруге тырысқан, нәтижесінде нарық күрт құлдыраған еді, деп еске салады Bloomberg.

2025 жылдың басынан бері күміс бағасы 70%-дан астам өсті. Бұл өсім алтынның раллиінен де жоғары болды.

Неліктен күміс қымбаттап жатыр?

Күміс бағасының өсуіне алтын сияқты факторлар әсер етуде, оған қоса спот-нарықтағы тапшылық та бар, деп түсіндіреді CNBC. Қауіпсіз активтерге қызығушылықтың артуына АҚШ-тағы бюджеттік тәуекелдер, қызып кеткен қор нарығы және Федералдық резерв жүйесінің тәуелсіздігіне төнген қауіп себеп болып отыр, дейді Bloomberg. Агенттік бұл жағдайды «негізгі валюталардың құнсыздануына бәс тігу» деп атайды. Инфляция мен өсіп жатқан бюджет тапшылықтары қаржылық активтердің құнын төмендетеді деген қорқыныш биткоин мен бағалы металдарға сұранысты күшейтті.

Peel Hunt компаниясының шикізат нарығы бойынша аналитигі Кирон Ходжсон: «Құнсыздану тақырыбы төңірегіндегі пікірталастар, ол қаншалықты негізді болса да, инвесторлардың алтын мен күміске қызығушылығын соншалық арттырды, енді бұл нарықты дәстүрлі талдау әдістерімен түсіндіру қиын — ол қазір жасанды интеллект пен технология секторы секілді қабылдануда», — дейді.

Сонымен қатар алтыннан айырмашылығы, күміс тек инвестициялық құрал емес, өндірісте де кең қолданылады — мысалы, күн панельдері мен жел генераторларын жасауға пайдаланылады. Бұл екі сала әлемдік сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді, деп жазады Bloomberg. 2025 жылы сұраныс бесінші жыл қатарынан ұсыныстан асып түседі деп күтілуде. Тапшылық бағаның өсуін қолдап қана қоймай, металлды қарызға алу құнын да айтарлықтай арттырып отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары