БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Лабубу ойыншығын шығаратын компания акциялары тамыздан бері ең жоғары өсім көрсетті

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Лабубу ойыншығын шығаратын компания акциялары тамыздан бері ең жоғары өсім көрсетті

Танымал Лабубу ойыншықтарын өндіретін қытайлық Pop Mart International Group акциялары 27 қарашада соңғы үш айдағы ең қарқынды өсімді көрсетті, деп жазады Bloomberg. Сауда қорытындысы бойынша Pop Mart акциялары шамамен 7% қымбаттады, ал күннің бір сәтінде өсім 10%-дан да асты.

Нарық Қытай билігі 26 қарашада жариялаған тұтынушылық сұранысты ынталандыру жөніндегі мемлекеттік жоспардың егжей-тегжейіне жедел реакция берді. Reuters атап өткендей, құжатта үкімет қолдау көрсететін нақты сегменттер алғаш рет жеке көрсетілген: «үй жануарларына арналған тауарлар, аниме және сәндік ойыншықтар», сондай-ақ тұрмыстық және балаларға арналған өнімдер. Бұл бағыттар Pop Mart компаниясы үшін өте өзекті, себебі бұған дейін ол айқын салалық қолдауға ие болмаған.

Ішкі сұранысты ұлғайту стратегиясы аясында Пекин тұтынушылық тауарлардың сапасы мен ассортиментін арттыруды, танымал категориялардың қолжетімділігін кеңейтуді және өндірушілерді қолдауды көздейді. Reuters-тің мәліметінше ҚХР үкіметінің жоспары сұранысы жоғары өнімдерді шығаратын компанияларға берілетін субсидиялар мен салықтық жеңілдіктерден бастап, тауарларды нарыққа жылдам шығаруға дейінгі кең ауқымды шараларды қамтиды. Сондай-ақ құжатта логистиканы дамыту, сапа стандарттарын көтеру, өңірлерде сату арналарының ауқымын кеңейту және тез танымал болып жатқан тауарларды, соның ішінде коллекциялық ойыншықтарды масштабтау үшін жағдай жасау қарастырылған.

Осы жаңалықтардан кейін Bloks Group (ойыншықтар мен конструкторлар өндірушісі) және арзан тұрмыстық тауарлар желісі Miniso Group Holding сияқты компаниялардың акциялары да қымбаттады.

Morningstar сарапшысы Джефф Чжанның айтуынша «үкіметтің позитивті риторикасы тұтынушылық сектордағы жалпы көңіл күйді қолдады». Оның сөзінше, Pop Mart-тың Алғыс айту күніне және Рождествоға арналған мерекелік коллекциялары бүкіл әлемдегі жанкүйерлер назарын аударуы мүмкін.

Bloomberg Pop Mart табысының Қытай экономикасының әлсіз динамикасымен айқын контрастын атап өтеді. Компанияның акциялары Лабубу қуыршақтарына деген ажиотаждың арқасында Гонконг биржасының үздіктерінің бірі болып келеді. Алайда нарықта раллидің тұрақтылығына қатысты күмәндер де артып жатыр: S&P Global деректерінше, бұл қағаз бойынша қысқа позициялар көлемі соңғы екі жылдағы максимумға жеткен.

Соған қарамастан, сарапшылардың көзқарасы негізінен оптимистік: аналитиктердің ішінде тек бір инвестүй Pop Mart акцияларын «сату» деп ұсынады. FactSet мәліметтері бойынша, орташа мақсатты баға компания акцияларының соңғы жабылу бағасынан шамамен 60% өсім потенциалын болжайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары