БастыReview
Бөлісу

Labubu және Pokémon: коллекциялық активтің қайсы инвестор үшін тартымдырақ?

Виктор  Достов

Виктор Достов

Глеб  Лермонтов

Глеб Лермонтов

Labubu және Pokémon: коллекциялық активтің қайсы инвестор үшін тартымдырақ?

2004 жылдан бері Pokémon карталарына салынған инвестициялар 3 821% кірістілік әкелді, ал Labubu ойыншығын өндіруші Pop Mart акциясы 2025 жылдың бірнеше айында-ақ 200% шарықтады. Дегенмен, қос монстрдың да нарығында «көпіршік» жоқ па сұрақ туғызады?

Pokémon карталары: кірістілігі Nvidia-дан жоғары

Pokémon карта ойыны 1996 жылы Жапонияда Nintendo франшизасының жалғасы ретінде пайда болды. Ойыншылар әртүрлі ерекше қабілеттері бар покемондар бейнеленген карталарды қарсыластарымен шайқаста қолданды.

Бастапқыда бұл бейнеойындар әлемін кеңейту тәсілі болған, бірақ коллекциялық элемент тез арада дербес нарыққа айналды. Сирек карталар керемет бағаға сатылды: мысалы, алғашқы басылымдағы голографиялық Charizard картасы аукционда $300 мыңнан астам сомаға өтті — бастапқы бағасынан 100 000% қымбат. Әлеуметтік желіге, атақты коллекционерлерге және франшизаға бойы үйреніп өскен буынның ностальгиясы нарықты танымал етуде және оның ауқымын кеңейтуде маңызды рөл атқарды. Покемон карталарына сұраныс әсіресе мерейтойлық даталарды атап өту кезінде, жаңа ойындардың шығуы мен PokémonGO сияқты мәдени оқиғалар кезінде күрт артатын.

Нарықта карталардың түпнұсқалығы мен сапасын тексеретін кәсіби сервистер пайда болып, оған сенімді арттырып, премиалды баға жүйесін қалыптастырды. Онлайн-платформалар мен аукциондар сауданың және инвестициялардың дамуына ықпал етіп, покемон карталарын тек ойын аксессуары ғана емес, сонымен бірге, құнды коллекциялық зат пен инвестициялық активке айналдырды.

«Балаларға арналған» франшизаның люкс нарығы элементіне айналғанының символы Tiffany & Co-пен коллаборация болды — 2023 жылы бренд суретші Дэниел Аршаммен бірлесіп жасалған коллекциясын ұсынды: Чармандер, Скуиртл немесе Джигглипафф бейнесіндегі әшекейлердің бағасы шамамен $1,3 мың тұрды, ал фирмалық көк Poké Ball ішіндегі 18 караттық алтын Пикачу кішкентай өлшемде $9,9 мыңға, ал үлкен өлшемде $29 мыңға бағаланды. Оларды тек 24 сағат ішінде ғана сатып алуға мүмкіндік болды.

Card Ladder аналитикалық компаниясының деректеріне сәйкес, Pokémon карталарына инвестициялар 2004 жылдан бері индекс бойынша айлық жиынтық кірістілікті 3821% көрсетті — бұл дәстүрлі құралдардың кірістілігінен әлдеқайда жоғары нәтиже. Салыстыру үшін, дәл осы кезеңде S&P 500 индексі 483% өсті. Соңғы бір жылда Pokémon карталарының орташа бағасы шамамен 46% қымбаттап, 31,5% өсім көрсеткен Nvidia акциясын да басып озды.

Pokémon және якудза

Pokémon карталары нарығы реттелмеген, сондықтан, өте қауіпті әрі спекулятивті: бағасы коллекционерлер сұранысына байланысты өзгереді және жеке даналардың сиректігі мен трендтерге қарай кенеттен көтерілуі немесе құлдырауы мүмкін.

Қылмыстық топтар, соның ішінде жапондық синдикаттар — якудза сияқты ұйымдар, жоғары құнды, кішкентай және тасымалдауға ыңғайлы сирек Pokémon карталарын заңсыз ақшаны заңды активке айналдыру үшін пайдаланады. Олар құнды карталарды қолма-қол ақшамен сатып алып, содан кейін, оларды ел ішінде немесе шетелде сату арқылы ақша көзін заңды кіріс ретінде көрсетеді.

Кейбір қылмыскерлер карталардың бағасын қолдан өсіреді: жалған мәмілелер жасап, әлеуметтік желілерде жарнамалайды, осылайша қайта сатуды жеңілдетіп, ақша жуу тізбегін аяқтайды. Мұндай тәжірибе құнды Pokémon карталарының ұрлығының көбеюіне де әкелді.

Pokémon карталары — ең кірісті, бірақ сонымен қатар, ең қауіпті баламалы активтердің бірі. Жоғары кірістілік нарықтың реттелмеуі мен бағаның үлкен құбылмалылығымен теңгеріледі. Сондықтан, мұндай инвестициялар тек тәуекелі жоғары жағдайға дайын әрі нарықты терең білетін инвесторларға ғана қолайлы.

Labubu — жай ғана ойыншық емес

Labubu — танымал дизайнымен және сатып алу кезіндегі кездейсоқтық элементімен ерекшеленетін коллекциялық жұмсақ ойыншықтар (олар «сюрприз-қораптарда» сатылады). Бұл жаппай қызығушылық пен әлеуметтік құбылыстың катализаторына айналды.

Әлеуметтік желідегі вирустық таралым және жұлдыздардың қолдауы брендке рекордтық танымалдық әкелді.

Компанияның 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған есебіне сәйкес, акционерлерге тиесілі пайда 397% өсті. Жыл басынан 24 тамызға дейін, акция максимумға жеткен сәтте, қағаз 278% қымбаттады.

Бірақ, қыркүйекке қарай ажиотаж басыла бастады. Қайталама нарық құлдырады: Labubu үшінші буынының толық жиынтықтары 1 380 юаньнан 600–700 юаньға дейін арзандады, сирек фигуралар 10 мыңнан 1 мың юаньнан төмен түсті. Ал бастапқыда 40 еселенген бағамен қайта сатылған мини-жиынтықтар бірнеше апта ішінде құнының 30%-ын жоғалтты.

Нарық классикалық «көпіршік» динамикасын көрсетті: шектеулі ұсыныстың аясындағы жылдам өсу және қанығудан кейінгі күрт құлдырау.

Ностальгия — жаңа актив

Коллекциялық нарықтар соңғы екі жылда 80% құлдыраған NFT тарихын еске салады. Алайда, цифрлық токендерден айырмашылығы, Pokémon мен Labubu «ұстап көруге болатын» әрі мәдени құндылыққа айналған дүниелер. Бұл оларды біршама тұрақты етеді, бірақ тәуекелдері азаймайды.

2024 жылы коллекциялық карталар нарығы $21,4 млрд деп бағаланған, ал 2034 жылға қарай $58,2 млрд-қа дейін жетуі мүмкін, яғни жылына орта есеппен 13% өседі деп болжайды Market Deciper.

Labubu-ға қатысты болжам мұншалықты ұзақ мерзімді емес: Oninvest базасына сәйкес, алдағы 12 айда Pop Mart акцияларының өсу әлеуеті 35% құрайды.

Қыркүйекте JPMorgan компанияның рейтингін «нарықтан жоғары» деңгейінен (яғни «сатып алу» ұсынысына сәйкес) бейтарапқа дейін төмендетті, ал мақсатты бағасын 400-ден 300 гонконг долларына (яғни $51,4-дан $38,6-ға дейін) түсірді.

«Біз Pop Mart акциясы бағасына идеалды сценарийдің кіріктірілгенін санаймыз, сондықтан, іргелі көрсеткіштердің нарықтық күтулерден сәл де болса теріс ауытқуы немесе БАҚ-тағы теріс жаңалықтар — мысалы, қайталама нарықтағы бағалардың төмендеуі немесе үшінші тарап брендтерін лицензиялау мәселелері — бағаның түзетілуіне әкелуі мүмкін», — деп Bloomberg JPMorgan аналитикалық жазбасынан келтірді.

Ойыншықтар мен карталар аңызға айналған кірістілікпен инвестицияға айналды — бірақ құлдырау ықтималдығы да сондай жоғары.

Нақты айтуға болады: бұл нарықтың басты мақсаты — компанияларға кіріс әкелу және адамдарға қуаныш сыйлау. Сол себепті де оларды қаржылық құрал ретінде пайдаланудың барлық теріс жақтары екінші орында қалады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары