БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Magnificent Seven табыстары мен ФРЖ отырысы: инвестор осы аптада не білуі керек

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Magnificent Seven табыстары мен ФРЖ отырысы: инвестор осы аптада не білуі керек

АҚШ пен Еуроодақтың 27 шілдеде қол қойған сауда келісімі апта басында инвесторларға оптимизм сыйлауға тиіс. Дональд Трамптың тамыздағы тарифтік дедлайны Уолл-стритке бұрынғыдай қысым көрсетпейді. S&P 500 және Nasdaq Composite индекстері өткен аптаны тарихи максимумдарда аяқтады, ал Dow Jones рекордқа жақындады, деп жазады Barron’s.

Дегенмен, осы аптада инвесторлардың оптимизмін бірнеше маңызды оқиға сынақтан өткізуі мүмкін. АҚШ ФРЖ-нің пайыздық мөлшерлемеге қатысты отырысы, АҚШ пен ЕО-дағы негізгі макроэкономикалық деректердің жариялануы және технологиялық алпауыттардың табыс есебі, деп атап өтеді Barron’s.

Бұл апта – екінші тоқсан бойынша есеп беру маусымындағы ең қызған кезең. S&P 500 индексіндегі шамамен 150 компания қаржылық нәтижелерін жариялайды. Олардың қатарында «Magnificent Seven»-нің төрт өкілі – Microsoft, Meta, Apple және Amazon бар. Индекстегі компаниялардың үштен бірі есеп беріп үлгерді, ал маусым сәтті басталды. ОГлардың 80%-дан астамы акцияға есептелген табыс болжамынан, ал 80%-ға жуығы табыстан асып түсті. Лондонда AstraZeneca және Shell табыс есебін жариялайды – Shell өткен тоқсанда трейдинг нәтижелері әлсіз болғанын ескертті.

Дүйсенбі, 28 шілде күні Essilor Luxottica, Heineken, Porsche және Whirlpool тоқсандық табыстарын ұсынады.

Сейсенбі, 29 шілде күні АҚШ Еңбек статистикасы бюросы (BLS) бос жұмыс орындары бойынша деректерді жариялайды. Консенсус-болжам: маусым айының соңында 7,45 миллион бос жұмыс орны, бұл мамырға қарағанда 300 мыңға аз.

Сол күні AstraZeneca, Boeing, Christian Dior, Kering, L’Oreal, Merck, Mondelez, PayPal, Procter & Gamble, Spotify, Royal Caribbean Group, Starbucks, Stellantis, UnitedHealth Group, UPS және Visa компаниялары өткен тоқсан бойынша қаржылық есептерін ұсынады.

Сәрсенбі, 30 шілде күні ФРЖ пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды, ал төраға Джером Пауэлл екі күндік жиын қорытындысын жариялайды. The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша ING аналитиктерінің тобы бұл отырыс тосынсыйсыз өтеді деп болжауда. Мөлшерлеме өзгермейді, ал сандық қатаңдату бағдарламасы қайта қаралмайды. Сондықтан Уолл-стрит назары ФРЖ ішіндегі көзқарас айырмашылықтарына ауады. Басқарушылар кеңесінің мүшелері Кристофер Уоллер мен Мишель Боуман мөлшерлемені төмендетуді қолдайды, деп жазады Barron’s.

АҚШ Сауда министрлігіне қарасты Экономикалық талдау бюросы (BEA) екінші тоқсандағы ЖІӨ өсімінің алдын ала бағасын ұсынады. Консенсус – маусымдық түзетулерді ескере отырып, жылдық өсім 2,4%. Бірінші тоқсанда әлемдегі ең ірі экономиканың ЖІӨ-сі 0,5%-ға қысқарды, бұл ішінара тарифтерді күтумен байланысты алдын ала импорт көлемінің артуынан болды – ол ЖІӨ есебіне кері әсер етті.

Еуроаймақта да екінші тоқсан бойынша ЖІӨ-нің алдын ала бағасы жарияланады. Сонымен қатар, іскерлік және тұтынушылық көңіл-күй индекстері де ұсынылады.

Тоқсандық табыстары туралы Adidas, Airbus, Alibaba, Arm, Carvana, Danone, Ford Motor, Hermes, Hershey, HSBC, Kraft Heinz, Mercedes Benz, Meta Platforms, Microsoft, Prada, Rio Tinto, Qualcomm және Robinhood есеп береді.

Бейсенбі, 31 шілде күні BEA маусым айына арналған жеке тұтыну шығындарының баға индексін (PCE) жариялайды. Уолл-стриттің күтуінше бұл көрсеткіш жылдық мәнде 2,5%-ға өседі (мамырмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа жоғары). Азық-түлік пен энергия бағасын есепке алмайтын Core PCE көрсеткіші 2,7% деңгейінде сақталады, деп жазады Yahoo Finance.

Жапония Банкі де пайыздық мөлшерлеме бойынша отырыс қорытындысын жариялайды. Нарық реттеуші мөлшерлемені 0,5% деңгейінде сақтайды деп күтуде. АҚШ пен Жапония арасындағы сауда келісімі экономикалық белгісіздікті азайтқанымен, WSJ мәліметінше, Жапония реттеушісі тарифтердің ықпалын бағалау үшін күту тактикасын таңдайды.

Табыстарын жариялайтын компаниялар қатарында: AbbVie, Amazon, Anheuser-Busch InBev, Apple, BMW, British American Tobacco, Coinbase, Ferrari, Lufthansa, Mastercard, Norwegian Cruise Line Holdings, PG&E, Reddit, Rolls-Royce, Samsung, Shell, Strategy және Toyota Motor.

Жұма, 1 тамыз күні BLS шілде айына арналған жұмыспен қамту туралы есебін жариялайды. Экономистердің консенсус-болжамы: ауыл шаруашылығынан тыс секторда жұмыс орындарының саны 106 мыңға артады (маусымда 147 мыңға артқан). Жұмыссыздық деңгейі 4,1%-дан 4,2%-ға дейін өседі деп күтілуде. BEA ұсынатын инфляция статистикасы сияқты, BLS-тің еңбек нарығы туралы есебі де ФРЖ-ның қос мандатымен – баға тұрақтылығы мен максималды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – тікелей байланысты, деп еске салады Barron’s.

Еуроаймақта шілде айының алдын ала инфляция деректері жарияланады.

Тоқсандық есептерін Chevron, ConocoPhillips, Exxon Mobil және Moderna ұсынады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары