БастыSmall Caps
Бөлісу

Майнерлер биткойннен озды. Бұл ралли криптовалютадан ұзаққа созыла ма?

Алдияр Ануарбеков

Алдияр Ануарбеков

аналитик
Майнерлер биткойннен озды. Бұл ралли криптовалютадан ұзаққа созыла ма?

Биткойн бағасының өсуінен артта қалған майнинг компанияларының акциялары сәуірдің соңына қарай криптовалюта раллиіне қосылып, енді оның өсімін басып озды. 14 шілде, дүйсенбі күні биткойн $120 мыңдық психологиялық шекті еңсерді. 15 шілдедегі дерек бойынша, CoinShares Bitcoin Miners ETF (WGMI) қоры соңғы бір айда 29% өссе, Grayscale Bitcoin Miners ETF (MNRS) шамамен 18,5% өсті. Ал биткойн бұл аралықта небәрі 10% шамасында қымбаттады.

Сол аптада, 7–11 шілде аралығында, биткойн-ETF-терге $2,72 млрд көлемінде капитал тартылып, бұл жаңа рекордқа айналды.

Споттық биткойн-ETF-терге институционалдық сұраныс пен жасанды интеллектке қажетті есептеу қуатының жетіспеушілігі майнерлерді тар криптонарық шеңберінен шығарып, оларды инфрақұрылымы дайын дата-орталықтардың иесі ретінде қарастыруға негіз болды. Арзан әрі тұрақты энергия көздеріне қол жеткізе алатын бұл компаниялар бүгінде биткойн бағасына байланысты әдеттегі тәуелділіктен бөлек, қосымша «инфрақұрылымдық премия» алып отыр.

Freedom Capital Markets сарапшысы Алдияр Ануарбеков майнерлердің акциялары неге әлі де өсе беруі мүмкін екенін және қандай компанияларға инвесторлар назар аударуы керек екенін түсіндіреді.

Жаңа табыс формуласы: тиімділік пен инфрақұрылымға ставка

Бұрын биткойн майнингі саласында бір ғана қағида үстемдік ететін: кім арзан электр қуатын пайдаланады — сол жеңеді. Бірақ 2022 жылғы банкроттық толқынынан кейін инвесторлар енді тиімділікке көбірек мән бере бастады: тек мегаватт бағасы ғана емес, қуаттың қаншалықты толық қолданылатыны мен хэшрейтті (биткойн өндіруге қажет есептеу жылдамдығы) тұрақты ақша ағымына қалай айналдыра алатыны маңызды.

Wells Fargo 23 маусымдағы стратегиялық шолуында 2024 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта биткойн-ETF-терге $46 млрд-тан астам капитал тартылғанын есептеп шықты. Банк сарапшылары мұны цифрлық активтердің «институционалдық кезеңінің» бастауы деп бағалайды. Енді биткойнді кім арзан өндіреді дегеннен гөрі, оның айналасында қандай есептеу кластері құрылғаны, бұл бизнес қаншалықты тұрақты деген сұрақтар алдыңғы қатарға шықты.

Әрине, тәуекелдер бар — халвингтен бастап, реттеу өзгерістеріне дейін: бір жағынан либерал көзқарас байқалса, екінші жағынан — күрт шектеулер ықтималдығы да жоқ емес. Wells Fargo Ұлы депрессия кезінде, 1933 жылы, АҚШ үкіметінің алтынды жеке меншікке иемденуді тыйым салғанын еске салады. Бұл мысал — цифрлық активтерге инвестиция салғандар үшін мемлекет ережелерді күрт өзгерте алатынын ұмытпау керек деген ескерту.

Сондай-ақ, қазірдің өзінде майнерлер тек криптомонета өндірумен шектелмей, есептеу инфрақұрылымының операторларына айналып жатыр. Олар қуат көздерін блокчейн мен ИИ арасында үлестіріп, фиат пен криптовалюталар арасындағы теңгерімді ұстап, бизнестің табыстылығы енді өндірілген биткойн көлеміне емес, икемді қаржылық модельге, арзан энергияға қолжетімділікке және ИИ экономикасына бейімделу қабілетіне тәуелді болуда.

IREN: жасанды интеллект пен майнингті біріктірді

Осындай өзгерістер аясында IREN компаниясы ерекше көзге түсіп отыр. АҚШ-тағы дата-орталық операторларының бірі — IREN биткойн майнингі мен жасанды интеллектке қажетті есептеу қуаты арасындағы байланысты таба білді. Компания акциялары жыл басынан бері 72%, соңғы айда — 73% өсті.

IREN-нің негізгі қуаты — 750 МВт болатын Childress кешенінде орналасқан. Орташа энергия тиімділігі — 15 Дж/TH, ал электр бағасы — $35/MВт/сағ. Көптеген америкалық майнерлер $40-тан төмен бағада жұмыс істей алмайды. Арзан энергия мен өнімді техника компанияға екі артықшылық береді: 2028 жылы күтілетін халвингтен (блок үшін төлем тағы да екі есе қысқарады) кейін де табысты болып қалу және есептеу қуатын ИИ-тапсырмаларға бұру — бұл жерде маржа дәстүрлі майнингтен жоғары.

IREN-нің үшінші тоқсандағы есебіне сәйкес бір биткойн өндірудің өзіндік құны $40,5 мыңды құрайды. Ал бәсекелестер — Marathon Digital, Core Scientific, Riot Platforms үшін бұл көрсеткіш $50–70 мың аралығында. Яғни, егер биткойн бағасы $90 мыңға дейін түссе де, IREN табысты болып қала береді, ал басқа майнерлер рентабельділік шегіне жақындайды.

Компания болашағын жоғары өнімді есептеулермен (HPC) байланыстырып отыр. Horizon 1 деп аталатын ірі дата-орталық 2025 жылдың төртінші тоқсанында толық іске қосылады деп күтілуде. Бұл — стратегиялық бетбұрыс: майнингке ғана емес, ЖИ оқыту мен инференс (жұмыста ЖИ пайдалану) сияқты бағыттарға бағытталған әмбебап кластер құрылуда. Бұл диверсификация компанияны криптовалютаның тұрақсыз бағасына тәуелсіз етеді.

Саяси жағдай күрт өзгеріп, криптовалюта мен банк арасындағы операциялар қайта шектелуі мүмкін. Бірақ IREN бұл қауіптерді есепке алады: компания $160 млн қолма-қол ақшасы бар, қарыздан аулақ жүреді және акциялар эмиссиясын капиталдың тек 5%-мен шектеген. 2025 жылға арналған $250 млн инвестициялық бағдарлама компанияның ішкі операциялық ағындарымен жабылады.

Core Scientific: майнингті ЖИ инфрақұрылымына айналдыру

JPMorgan сарапшылары HPC индустриясы үшін Core Scientific-ті ЖИ-инфрақұрылым провайдері CoreWeave-тің сатып алуы маңызды сигнал болады деп есептейді. Бұл мәміле майнинг инфрақұрылымының ЖИ есептеулерге сұраныс аясында жаңа құндылыққа ие болғанын көрсетеді.

Энергетикалық объектілер мегаполистерге жақын орналасқанда $5 млн/МВт бағаланады — CoreWeave-пен мәміледе дәл осындай көрсеткіш талқылануда. Мысалы, Riot Platforms — Техастағы ірі дата-орталық иесі — бұл көрсеткіш бойынша екі есе арзан. Бұл нарық әлі майнинг инфрақұрылымын ИИ тұрғысынан толық бағаламағанын білдіреді.

Core Scientific-тің директорлар кеңесінің мүшесі Ядин Розов компания акцияларынан 110 мың дананы $10,87 бағамен сатып алды. CoreWeave мәмілесі туралы қауесеттер бұл сенімді арттырып, акциялардың бағасын 15,6%-ға өсірді.

Marathon Digital: «жабық» энергия көздері мен тиімділікке ставка

Marathon Digital акциялары жыл басынан бері 12%-ға, соңғы айда — 28%-ға өсті. JPMorgan компанияның стратегиясын қайта қарауын атап өтеді: Marathon Digital қазір жабдықтарды салқындатудың жаңа жүйесін тестілеп, пайдаланылмайтын энергия көздерін — мысалы, кен орындарында жағылатын ілеспе газды — қолдану арқылы биткойн өндіруге дайындалып жатыр. Мұндай жағдайда 1 МВт/сағ бағасы $10-ға дейін түсуі мүмкін. Бір монетаға кеткен шығын $73 мың болған жағдайда, бұл — келесі халвингтен кейін де компанияны пайдада ұстауға жеткілікті.

Cango: Bitmain-мен одақтасқан Қытай майнері

Қытайлық Cango компаниясының акциялары жыл басынан бері 7,2%-ға, ал бір жыл ішінде — 150%-ға өсті. Ursalpha автонесиелеу бизнесін $352 млн-ға сатқаннан кейін Cango Bitmain-нің еншілес компаниясымен байланысты 50 EH/s есептеу қуатын сатып алды. Бұл — Cango-ны әлемдегі екінші ірі жария майнинг компаниясына айналдырды. Компания акциялары 2026 жылғы түсімге қатысты 1 P/S коэффициентімен саудаланып жатыр.

Басқа майнерлерден ерекшелігі — Cango қолындағы долларлық резервтерді тек капвложения немесе қарыз төлеуге емес, стратегиялық актив ретінде ұстайды.

Айта кетейік, Bitmain жабдықтарының бір бөлігін АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасымен байланысы бар American Bitcoin компаниясына да берген. Bloomberg мәліметінше, оның негізін қалаушылар — Дональд Трамп-кіші және Эрик Трамп, Hut 8 майнерімен әріптестікте. Қазір бұл компания АҚШ-та IPO-ға дайындалып жатыр.

Gryphon Digital Mining: нарық жұлдызы

Gryphon Digital Mining акциялары жыл басынан бері 220%, соңғы үш айда — 715% өсті.

Мамыр айында Gryphon мен American Bitcoin бірігу туралы келісімге келді: нәтижесінде жаңа компанияның 98%-ы American Bitcoin акционерлеріне тиесілі болады, Gryphon үлесі — 2%. 12 мамырда бұл жаңалық жария болғанда акциялар бірден 350%-ға өсті. Жаңа құрылым ABTC тикерімен Nasdaq-қа шығуды жоспарлап отыр.

Gryphon бұл бірігу арқылы делистинг қаупінен құтылып қана қоймай, АҚШ-тағы индустриялық майнинг пен стратегиялық биткойн резервіне бағытталған ауқымды платформаға қосылады. Басшылықты American Bitcoin командасы қабылдайды — бұл Gryphon-ға дайын бизнес жүйеге тез интеграциялануға және саяси тұрғыда «қорғалған» капиталға жол ашады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары