Microsoft есебінен кейін қай компаниялардың акциясына назар аударған жөн?

ЖИ-чиптерді жеткізуші Nvidia және дата-орталықтармен байланысты тағы сегіз компания Microsoft пен Meta-ның мықты тоқсандық есебінен ұта алады, деп жазады Barron’s.
Екі компания да жасанды интеллектке салынатын инвестицияларын белсенді түрде арттырып келеді. Бұл үрдіс жалғасқанша, ЖИ-мен байланысты компаниялардың акциялары жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін.
Алайда басылым бұл бағытта тәуекелдер де бар екенін ескертті. Өйткені ЖИ-дің өркендеуі есебінен табыс тапқан компаниялардың акциялары айтарлықтай өсіп үлгерді және жақсы есеп берді. Сондықтан ралли баяулауы мүмкін.
Егжей-тегжейі
Дата-орталықтарға салынатын инвестициялардың күткеннен де жоғары болуы Microsoft, Meta және өзге техногиганттармен жұмыс істейтін барлық жабдық жеткізушілерінің табысын арттыруы мүмкін. Бұл туралы Barron’s жазады.
Meta мен Microsoft өткен тоқсанда мықты қаржылық көрсеткіштер көрсетті. Бірақ ең бастысы — олар инфрақұрылым мен жасанды интеллектке инвестицияны күшейтуді жалғастырып жатыр.
2025 жылдың екінші тоқсанында Meta 16,5 млрд доллар жұмсады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жылдық күрделі шығындарға арналған болжамын 66–72 млрд долларға дейін көтерді.
Microsoft шығындарын 17,1 млрд долларға дейін арттырды. Келесі тоқсанда ол рекордтық 30 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл арапшылардың күтімінен 60%-ға көп.
Microsoft-тың қаржы директоры Эми Худ бұл Azure бұлтты сервистеріне және олардың ЖИ-компоненттеріне деген тұрақты сұраныспен байланысты екенін түсіндірді.
Жүктемені көтеру үшін екі компания да дата-орталықтар құрылысын күшейтуде. Бұл тікелей түрде жабдыққа деген сұранысты арттырады.
Barron’s Microsoft пен Meta-ның мықты есебінен пайда көре алатын тоғыз компанияның акциясын атады.
Тізімге енгендер
— Nvidia — ЖИ-чиптерді жеткізуші. 31 шілдедегі саудада оның акциялары бір мезетте 2,2%-ға өсіп, 183,3 долларға жетті. Бұл — биржадағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда кейінірек бұл өсім жойылып, күнді 0,78% минуспен аяқтады.
Жыл басынан бері Nvidia акциялары 32%-ға өсті. Ол әлемде капитализациясы $4 трлн асқан алғашқы жария компания болды.
— AMD акциялары 1,6%-ға өсіп, жыл ішіндегі күндізгі максимумды жаңартты. Алайда сауда жабылар сәтте өсімнің бәрін жоғалтып, 1,78% төмендеді.
Жыл басынан бері AMD-нің нарықтық құны 46%-ға артты.
— Тағы бір чип өндіруші Broadcom акциялары 1,4%-ға өсіп, $306,95 деңгейіне жетіп, рекорд орнатты. Бірақ кейін 2,9%-ға төмендеді.
Citibank сарапшылары AMD мен Broadcom Microsoft пен Meta-ның күрделі шығындары өсімінен ең көп пайда көретін компаниялар болады деп есептейді.
Microsoft AMD табысының шамамен 8%-ын қамтамасыз етеді. Meta Broadcom табысының 2%-ын құрайды.
— Vertiv Holdings — дата-орталықтарға арналған салқындату мен қуат жүйелерін жеткізуші. Оның клиенттері негізінен осы салада.
31 шілдеде акциялары 6%-ға өсіп, $152,6-ға жетті. Кейін өсім 1%-ға дейін бәсеңдеді.
2025 жылмен салыстырғанда Vertiv-тің нарықтық құны 28%-ға артты.
— Eaton — дата-орталықтар үшін жабдық өндіреді. Табыс көлемінің жартысына жуығы осы саладан түседі.
Акциялары 1,5%-ға өсіп, кейін өсімін жоғалтты. 2025 жылдың басынан бері 16%-ға өскен.
— Carrier Global — дата-орталықтарға арналған жылыту, желдету және кондиционер жүйелерін шығарады.
Сауда кезінде акциялары 2%-ға өсті. Алайда жыл басынан бері өсімі 1%-дан төмен.
— Johnson Controls — сатылымының 10%-ы дата-орталықтармен байланысты. Акциялары 1%-ға көтерілді.
2025 жылдың басымен салыстырғанда нарықтық құны үштен біріне артқан.
— Arista Networks — желілік коммутаторлар мен маршрутизаторлар өндірушісі. Акциялары ұқсас серпін көрсетті.
— Amphenol — түрлі салаларға, соның ішінде дата-орталықтарға арналған коннекторлар өндіреді.
Сауда кезінде 2%-дан астам өсім көрсетті.
Алда не күтіп тұр?
Meta мен Microsoft секілді ірі ойыншылар ЖИ-жарысқа қатысып, күрделі шығындарын агрессивті түрде арттырып жатқанда, инфрақұрылым жеткізушілерінің акциялары өздерін сенімді сезінетін болады, деп жазады Barron’s.
Алайда кейбір қауіптер де бар. Бірқатар акция жыл ішінде ондаған пайызға өсті. Кейбірінің бағасы екі есеге жуық қымбаттады.
Одан бөлек, жоғарыда аталған компаниялардың көпшілігі екінші тоқсан үшін табысы жөнінде есеп беріп үлгерді. Олар дата-орталықтар секторында күткеннен де жоғары өсім көрсетті.
Barron’s бұл раллидің мәңгі жалғаспайтынын ескертеді. Инвесторлар қазіргі өсім шектеулі екенін естен шығармағаны жөн.








