БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Миллиардер Безоз үш бай бизнесменннің қатарына қайта кірді, кімнің орнын басты

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Миллиардер Безоз үш бай бизнесменннің қатарына қайта кірді, кімнің орнын басты

Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос компания акцияларының рекордтық деңгейге көтерілуінің арқасында әлемдегі ең бай үш адамның қатарына қайта қосылды. Бұл туралы Bloomberg жариялаған миллиардерлер рейтингінен белгілі болды. Тізімнің көшін бұрынғыдай технология саласының өкілдері бастап тұр. Рейтингтегі орын ауыстырулар «Ғажайып жетіліктің» бес компаниясы өз қаржылық есебін жариялаған екі күннен кейін орын алған.

Егжей-тегжейлі

31 қазан, жұма күні Amazon акциялары 9,6% өсіп, сауда жабылғанда $244,2 белгісіне жетіп, тарихи максимум орнатты. Аналитиктердің болжамынан жоғары нәтиже көрсеткен бұл есеп Безостың байлығын Bloomberg Billionaires Index мәліметінше бірден $18,6 млрд-қа арттырып, $265 млрд деңгейіне жеткізді. Barron's атап өткендей, ол компанияның шамамен 8,6% акциясына иелік етеді.

Безос үшінші орыннан Meta басшысы Марк Цукербергті ығыстырды. Цукербергтің қолында компанияның шамамен 13% акциясы бар, деп жазады Barron’s. Алайда Meta басшылығы жасанды интеллектті дамытуға байланысты шығындардың артуы мүмкін екенін ескерткен соң, инвесторлар компания қағаздарын жаппай сата бастады: небәрі екі күн ішінде акциялар шамамен 14%-ға арзандады. Соның салдарынан қазан айы бойы Цукербергтің байлығы $258 млрд-тан $229 млрд-қа дейін кеміп, ол миллиардерлер рейтингінде бірден бесінші орынға түсіп қалды.

Tesla-ның бас директоры Илон Маск айдың соңындағы Bloomberg Billionaires Index деректері бойынша $469 млрд күйіндегі дәулетімен көшбасшылықты сақтап қалды. Екінші орында — Oracle директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон. Оның байлығы $323 млрд-қа жеткен. Жыл басында Bloomberg рейтингінде төртінші орында тұрған Эллисон Oracle акцияларының қыркүйекте күшті тоқсандық есебінен кейін өсуіне байланысты жоғарылады. Barron's-тың мәліметі бойынша ол компанияның шамамен 41% акциясын иеленеді. Бұл үлес көпжылдық акцияларды кері сатып алу бағдарламасының арқасында ұлғайған. Бұған дейінгі 1,2 млрд акциясы компанияның тек 23% шамасын құрағаны Barron’s талдауында көрсетілген. Сонымен қатар Эллисон — биылғы жылы байлығы ең көп өскен адам: оның дәулеті $131 млрд-қа көбейген.

Bloomberg миллиардерлер индексінің төртінші және алтыншы орындарын Google компаниясының негізін қалаушылар — Ларри Пейдж ($244 млрд) пен Сергей Брин ($228 млрд) иеленіп отыр. Ал үздік ондыққа француздық люкс-империясы LVMH басшысы Бернар Арно ($193 млрд), бұрынғы Microsoft басшысы Стив Балмер ($178 млрд), Nvidia жетекшісі Дженсен Хуанг ($176 млрд) және Dell Technologies негізін қалаушы Майкл Делл ($164 млрд) енген. Аты аңызға айналған инвестор әрі Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет $144 млрд байлығымен алғашқы ондыққа енбей, 11-орында тұр.

Barron’s атап өткендей, Бернар Арноны қоса алғанда, үздік ондықтағы барлық миллиардерлер биыл байлығын арттыра алды. Бұл — S&P 500 индексінің 16,3%-ға өсуімен тығыз байланысты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары