Morgan Stanley Adobe акцияларының рейтингін төмендетті

Уолл-стриттің ең ірі инвестициялық банктерінің бірі Morgan Stanley Adobe компаниясын сынаушылар қатарына қосылды. Компанияның жазылымдардан түсетін табысының өсуі баяулауы банкке Photoshop пен басқа өнімдерге жасанды жады құралдарын енгізу бойынша жасалып жатқан әрекеттердің Adobe-тың нарықтық әлеуетін кеңейте алатынына күмән келтіртті.
Егжей-тегжейлі
24 қыркүйекте Morgan Stanley инвестициялық банкі Adobe компаниясының акцияларына берген бағасын төмендетті — бұрын олар бұл акцияны нарықтан жақсы деп бағаласа, енді жай ғана нарық деңгейінде деп отыр. Сонымен қатар, банк акцияның болашақтағы бағасын 520 доллардан 450 долларға дейін түсірді. Бұл шешім Adobe-тың жасанды жадыға қатты сеніп, соған көп үміт артқанына байланысты. Алайда Barron's басылымы жазғандай, әзірге компания бұл салымдардан нақты пайда көріп отырған жоқ.
Кит Вайс бастаған Morgan Stanley аналитиктері Adobe-тың жазылым қызметтерінен түсетін табыс көрсеткіші — жыл сайынғы тұрақты табыс (annual recurring revenue, ARR) өсімінің баяулағанын атап өтті. Олардың айтуынша бұл үрдіс Adobe-тың ЖЖ оның нарықтық мүмкіндіктерін кеңейте алады деген пікірін растай алатынына күмән тудырып отыр.
Рейтинг төмендетілгенге дейін Morgan Stanley Adobe-тың Photoshop пен басқа да өнімдерге ЖЖ құралдарын енгізу әрекеттері ARR өсімін 15–19% (орташа және жоғары өсім деңгейі) шегіне дейін жеделдетеді деп болжаған. Алайда бұл жүзеге аспады: 2024 жылдың бірінші тоқсанынан бастап бұл категориядағы өсім «баяулау үрдісін көрсетіп отыр», — деді Вайс. Adobe компаниясының ЖЖ-ны тікелей монетизациялауы «инвесторлардың (және біздің) алғашқы үміттерін ақтамады», — деп мойындады аналитик.
Соған қарамастан, Morgan Stanley Adobe-тың шығармашылық аудитория мен маркетинг мамандары арасындағы позициясын оң бағалайды. Алайда, «біз тәуекел аймақтарының бар екенін мойындаймыз», — деп қосты Вайс.
Басқа аналитиктер не дейді
10 қыркүйекте, Adobe-тың мықты тоқсандық есебі жарияланғанға бір күн қалғанда JPMorgan Chase аналитигі Марк Мерфи Adobe акциялары бойынша «сатып алу» (Buy) ұсынысын растады және бір акция үшін мақсатты бағаны 540 доллар деп көрсетті. Мерфи компанияның табысы тұрақты екенін айтып, оның болашағына деген сенімін тағы да білдірді. Ол табыс бойынша компания үнемі болжамдарды ақтап, олардан асып түсетінін атап өтті.
Adobe — сатып алуға ең тиімді акциялардың бірі және «зор» өсу әлеуетіне ие, деп мәлімдейді Insider Monkey. Қыркүйек айының ортасында қаржылық платформа Adobe-ты Nasdaq биржасында саудаланатын ең перспективалы акциялар тізімінде сегізінші орынға қойды.
Уолл-стрит бұл акция туралы не дейді
Morgan Stanley-дің сақтығына қарамастан, Уолл-стриттегі консенсус Adobe-қа қатысты оң қалыпта қалып отыр. FactSet бақылайтын 43 аналитиктің 30-ы оның акцияларын сатып алуды ұсынады (Buy, Overweight және ұқсас рейтингтер), 11-і — ұстауды, тек екеуі ғана — сатуды ұсынады. FactSet сервисі есептеген орташа мақсатты баға — 457,22 доллар, бұл баға акциялардың жылдық көкжиегінде 29% өсуін болжайды.








